КЛАСТЕРДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ туралы қазақша реферат
Қазіргі кезде экономикалық теорияда және өндірістік үрдістерді ұйымдастыру тәжірибесінде, көптеген елдердің ұлттық экономика жүйесінде «кластер» термині кеңінен қолданылады. «Кластер» сөзі қандай мағынаны білдіреді және экономикалық қызмет аясында жаңа терминнің мәні мен мазмұны неде?
Экономикалық жүйеге қатысты кластерлер теориясы АҚШ-тың ғалымы М. Портердің еңбектерінде елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жан-жақты зерттеле бастады. Ол, елдің бәсекеге қабілеттілігін жеке фирмалардың, халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан емес әр түрлі саладағы фирмаларды біріктіретін кластерлер арқылы қарау керек деп тұжырым жасайды. Сонымен бірге, кластерлердің ұстанымдық мәнге ие ерекшелітерінің бірі, олар ішкі ресурстардың тиімді пайдалануға қабілеттілігі. М. Портердің бәсекелестіктің артықшылығының қалыптасуының кластерлік теориясы дүние жүзінде кеңінен таралып отыр.
Кластерлердің теориясы «аймақтық кластерлер» теориясын жасаған, американдық ғалым М. Энрайттың жұмыстарында да өзінің жалғасын тапқан. Оның пікірінше аймақтық кластер немесе өндірістік калстер – бір-біріне географиялық тұрғыдан жақын орналасқан фирмалар жиынтығы.
Осыған байланысты, М. Энрайттың теориясына жүгінсек, бәсекелестік артықшылық ұлттық деңгейге емес, аймақтық деңгейге байланысты, яғни аймақтың дамуының тарихи алғышарттарына, бизнесті жүргізу мәдениетіне, өндірісті ұйымдастыру және білім алуға байланысты жасалады. Сондықтан, аймақтық кластерлер мемлекеттік құрылымдар мен зерттеуші ұйымдарының мақсаты қолдауын қажет етеді.
Бәсекелестікті қалыптастырудың экономикалық қатынастары мен механизімдерін және т.б. теориялық зерттеулерді жүргізуде кластерлік жүйе қолданылады. Е. Лимер кластерлерді ұлттық деңгейдегі сауда сараптауына байланысты жоғары деңгейлі корреляциялық экспорт тұрғысынан қарап, тауарлар кластерін анықтаған.
Кластердің негізінде бәсекеге қабілеттіліктің қазіргі заманға бейімді даму теориясы В. Фельдманмен жасалған. Бұл теорияның артықшылығы әр түрлі елдерде өндірісті ұйымдастыруда оларды әртараптандыру түрлерінің аясы кең эмпирикалық зерттеулерге негізделгені болып саналады. Аталған теорияның мәні келесі жағдайға байланысты. Әртараптандыру көбінесе өнімді жеткізушілер және сатып алушылар арасындағы «шығын-өнім» матрицасымен немесе салалар арасындағы байланыстар арқылы жүргізіледі. Ол кластердің қалыптасуына әкелетін механизімдермен сәйкес келеді. Сонымен қатар, инновациялық белсенділікке қабілетті кластерлер әртараптандыру негізінде қалыптасады.
Кейбір жағдайда, кластер түсінігін анықтауда, оны өндіруші мен сервистік фирмалардың , жаңа технология жасаушы,ноу-хау және тұтынушылардың тәуелсіз желісі ретінде, өнімнің құнын құраушы өзара бір-бірімен бірегей байланыстары бар жүйе ретінде қарастырады.
Кластердің көпмәндік анықтамасы шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызметінің алуан түрлілігі, өндірісті ұйымдастырудың жаңа түрлері, бәсекеге қабілетті өнімге мұранысқа қанағанттандыру мақсатында матиалдық, ақпараттық және басқа да ресурстарды ұтымды жан-жақтылығына байланысты.
Экономикалық жүйеге қатысты кластерлер теориясы АҚШ-тың ғалымы М. Портердің еңбектерінде елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жан-жақты зерттеле бастады. Ол, елдің бәсекеге қабілеттілігін жеке фирмалардың, халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан емес әр түрлі саладағы фирмаларды біріктіретін кластерлер арқылы қарау керек деп тұжырым жасайды. Сонымен бірге, кластерлердің ұстанымдық мәнге ие ерекшелітерінің бірі, олар ішкі ресурстардың тиімді пайдалануға қабілеттілігі. М. Портердің бәсекелестіктің артықшылығының қалыптасуының кластерлік теориясы дүние жүзінде кеңінен таралып отыр.
Кластерлердің теориясы «аймақтық кластерлер» теориясын жасаған, американдық ғалым М. Энрайттың жұмыстарында да өзінің жалғасын тапқан. Оның пікірінше аймақтық кластер немесе өндірістік калстер – бір-біріне географиялық тұрғыдан жақын орналасқан фирмалар жиынтығы.
Осыған байланысты, М. Энрайттың теориясына жүгінсек, бәсекелестік артықшылық ұлттық деңгейге емес, аймақтық деңгейге байланысты, яғни аймақтың дамуының тарихи алғышарттарына, бизнесті жүргізу мәдениетіне, өндірісті ұйымдастыру және білім алуға байланысты жасалады. Сондықтан, аймақтық кластерлер мемлекеттік құрылымдар мен зерттеуші ұйымдарының мақсаты қолдауын қажет етеді.
Кластердің негізгі сипаттамаларына келесілер жатады:
— географилық тұрғыдан шоғырлану (жақын орналасқан фирмалар әлеуметтік капиталды ауырбастау, оқу үрдісінде және экономикалық өзара қарым-қатынастарда бір-біріне ұтымды әсер етеді.);
— мамандандыру (кластерлер барлық қатысушылары мен факторлардың қатысы бар анықталмаған қызмет шеңберінде қалыптасады.).
— экономикалық агенттердің көптілігі (кластерлер және олардың қызметі кластерге кіретін фирмалар ғана емес, қоғамдық ұйымдар, академиялар, қаржылық делдалдар, институттар және т.б. қамтиды.);
— бәсекелестік және әріптестік (кластердің фирма – мүшелері арасындағы тең деңгейдеге болатын өзара қарым – қатынастың негізгі түрлері ретінде);
— кластер деңгейінің даму динамикасының ішкі әсерінен қажетті «критикалық массаға» қол жеткізу;
— кластердің өмірлік циклы (олар ұзақ мерзімді болашаққа есептелген);
— инновациялық үрдіске ену (кластер құрамына енетін кәсіпорындар мен фирмалар, әдетте ұйымдық, нарықтық, өнімдік, технологиялық инновациялық үрдістерге енеді).
Көптеген мамандар кластердің экономикалық жағына ерекше назар аударады және оны бәсеке қабілетті өнімді өндіру үрдісіндегі шаруашылық жүргізуші ұйымдардың, экономикалық қызметтің тиімді түрлерінің жиынтығы ретінде қарастырады.
Кластерлер үш деңгейден тұратын «пирамида» түрінде ұсынылуы да мүмкін. Бінінші – аймақтан тыс жерде қызмет көрсету мен өнімді экспорттайтын көшбасшы компаниялар. Мысалы: бүкіл әлемде телефонды экспорттайтын Хельсинки қаласындағы Nokia компаниясы. Екінші деңгей бұл жеткізушілер, экосистеманы құрайтын негізгі компанияға қажет қосалқы бөлшектер беретін және қызмет көрсететін шағын, орта деңгейдегі компаниялар. Хельсинки қаласындағы айналасында Nokia компаниясына қосалқы бөлшектер беретін және қызмет көрсететін мыңдаған компаниялар орналасқан. Үшінші деңгей – бұл бизнес-климат, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылым. Бұл, қаржы, еңбек ресурстарымен және инфрақұрылыммен негізгі бас компанияны қамтамасыз ететін түрлі ұйымдар.
Кластер, сонымен бірге, табыс табу мақсатында технологиялық тізбекпен байланысты соңғы өнімдң өндірумен және сатумен айналысатын ұйымдар мен кәсіпорындар жүйесі ретінде де анықталады.
Кейбір жағдайда, кластер түсінігін анықтауда, оны өндіруші мен сервистік фирмалардың, жаңа технология жасаушы, ноу-хау және тұтынушылардың тәуелсіз желісі ретінде, өнімнің құнын құраушы өзара бір-бірімен бірегей байланыстары бар жүйе ретінде қарастырады.
Кластердің көпмәндік анықтамасы шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызметінің алуан түрлілігі, өндірісті ұйымдастырудың жаңа түрлері, бәсекеге қабілетті өнімге мұранысқа қанағанттандыру мақсатында матиалдық, ақпараттық және басқа да ресурстарды ұтымды жан-жақтылығына байланысты.
Жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып «кластер» түсінігі әр елдің табиғи-әлеуметтік, экономикалық және саяси ерекшеліктеріне, кластерлік мектеп пен кластерлік жүйені зерттеу механизмдеріне байланысты екенінін байқаймыз.
Кластердің негізгі миссиясы бәсекелестер алдында артықшылықтарға ия болу, өзгермелі нарық жағайдында, бизнес аясында бәсекеге қабілеттілік және аз шығындармен жоғары тиімділікке қол жеткізу, түрлі өнімді өндіру барысында нарықтағы өз үлесін алу болып табылады. Кластердің негізгі міндетінің бірі — жоғары сапалы өнімді өндіруді сапа жағынан қамтамасыз ететін өндірістік ұйымдардың тиімді интеграциялық жүйесін құру.
Кластердің тұжырымдамасы салық, ұлттық және әлемдік нарықтағы бәсекелік позицияның қамтамасыз ететін мемлекеттің барлық шаруашылық жүргізу жүйесін құрайтын көшбасшы, табысты жұмыс істейтін өзара бәсекелес фирмалардың барлық ресурстарын ұтымды, тиімді пайдалану негізінде экономикалық қызметті барынша жетілдіретін көзқарастар жүйесі болып саналады. Ол халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің негізі ретінде аймақтың немесе ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға ұмтылған компаниялар, үкімет және басқа да ұйымдардың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Кластер тұжырымдамасы оның барлық функционалды бөлімдерінің біріккен және келісілген іс-әрекетін қамтамасыз ете отырып, оның экономикалық тиімділігін арттыруды жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді.
Кластерлік жүйенің қалыптасу кезінде кластер қағидаларының ерекшеліктерін ескеру аса маңызды рөл атқарады. Қағидалардың мәні сыртқы ортадағы әлі де болса кейбір факторлардың толық мәнінің анықталмағандығы, сондықтан оның орнын толтыру мүмкіндігі қағидалар негізінде жүргізіледі.
Кластер жүйе ретінде — синергетиқалық әсерді алуға мүмкіндік беретін және жеке элементерге тән емес, ерекше жуйелік қасиеттерге ие болатын белгілі бір байланыстар мен элементердің жиынтығы.
Синергетиқалық әсер келесі түрде анықталады:
— Кластер қызметі денгейінде бір жүйенің басқа біреуімен өзара байланысының әсерімен күшеюі;
— Жүйедегі элементердің біріккен өзара іс әрекетінің әсерін синенергетикалық байланыс, кластерлік жуйенін тәуелсіз қызметінің негізінде, оның элементерінің суммасының тиімділігінен артық, жалпы тиімділікке әкеледі
Тұжырымдамалық тұрғыдан кластердін қазіргі кездегі тарихы оның ерекшеліктерін көрсететін ерекше қағидаларға негізделеді. Кластердің бұл қағидалары төмендегі жағдайларға байланысты болуы мүмкін:
— Әлеуетті артықшылыктарды іске асыратың экономика секторы мен сала арасындағы технологиялық байланысты құру қажеттілігі;
— Бәсекеге қабілетті өнім өндіру;
— Бір-бірімен бәсекелес кәсіпорын топтарының технологиясын жетілдіру;
— Еңбек өнімділігін ұлғайту, өнімнін өзіндік құның төмендету;
— Жоғары технологияның қолдану мүмкіндігі;
— Инновацияны пайдалану, фирмалардын мүмкіндіктерін кеңейту;
— Кластер аясын кеңейтетін және иновацияны қолдайтын бизнестін жаңа түрлерін қолдау;
— Еңбек ресурстарын тиімді басқаруға талпыну;
— Корпоративті стратегияны жасау үрдісінде тығыз фирмааралық байланыстарды қолдау;
— Локалді мінез-құлық. Олар өте динамикалы және әр түрлі.
Тағы рефераттар
- Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару органдарымен төленетін негізгі әлеуметтік төлемдер түрлері
- Жылу мөлшерi. Жылу балансының теңдеуi
- Қонақ үй қызметі саласындағы басты түсініктер мен анықтамалар
- Мұнайды жер бетіне көтеру
- Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары