Көлік құралдарына салынатын салық туралы қазақша реферат. Мемлеқеттік есепте тұрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.
Көлік құралдарына салынатын салық жыл сайын төленеді жене Қазақстан Республикасы зандарымен белгіленген кезінде төлем жасалады және олар көлік құралдары қуатының әр киловатынан алынатын айлық есептеу көрссткіші бойынша алынады.
Бонустар. Жер қойнауын пайдаланушылардың белгіленген төлемдері болып табылады және жерді пайдалануға жасаған келісім-шартта белгіленген мөлшерлемесі мен тәртіп бойынша ақша түрінде төленеді. Жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке шарттарын негізге ала отырып, бонустардың мына төмендегі түрлерін төлейді: қол кою бонусы; коммерциялык табу бонусы.
Кол қою бонусы жер койнауын пайдаланушылардың заңда белгіленген тәртіпке сай келісім-шарт жасау кезінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыру құқығын беру үшін бір жолғы тіркелген (тұрақты) төлемі болып табылады. Қол қою бонустарының бастапкы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Өкілетті органдары белгілейді,не тендер өткізудің шарттары бойынша белгіленеді. Қол кою бонусының түпкілікті мөлшері жер қойнауын пайдалану үшін берілетін кен орындарының (аумақтардың) экономикалық құндылығына карай келісім-шарт негізінде белгіленеді. Кол кою бонусын төлеу мерзімі тараптардың келісім-шартымен немесе келісімімен белгіленеді, бірақ ол келісім-шарт жасалған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі керек.
Коммерцияық табу бонусы тіркелген төлем болып табылады және оны келісім-шарт аумағындағы әрбір коммерциялық табыс табу үшін жер қойнауын пайдаланушылар төлейді. Коммерциялық табу бонусы бұдан былайғы өндіру процесі көзделмеген пайдалы казбалардың кен орындарына барлауды жүргізуге арналған келісім-шарттары бойынша төленбейді. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібін Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Коммерциялык табу бонусынын мөлшері салық салынатын объектісінің төлем есептелінетін базасының және мөлшерлемесінің негізінде аныкталады.
Салық салынатын объектісі | Төлем есептелетін базасы | Бонустың мөлшерлемесі |
Мемлекеттік органдарының осы мақсат үшін өкілеттілігі бекәткен пайдалы қазбалардың орнынан алынатын көлемі | Алынатын пайдалы қазбалардың бекітілген көлемінің құны. Төлем жүзеге асатын күніне сәйкес алынатын запастардың биржалық бағасынан шығатын құны | Коммерциялық табы бонусының мөлшерлемесі алынатын запастардың құнына сәйкес, пайыздық мөлшерлемесінде белгіленеді, бірақ олардың 0,1% кем болмауы тиіс. |
Роялти. Роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша жеке-жеке төлейді. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарда роялтиді, әдетте, ақшалай түрде төлеу белгіленеді. Келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыру барысында, тараптардың қосымша келісім негізінде роялтиді төлеудің ақшалай түрі белгіленген мерзімде ақшалай түріне балама төлем жасауына, яғни заттай нысанында телеуіне болады, бірақ ол уақытша сипатта болады.
Пайдалы казбаларды жүзеге асырып жатқан және жер қойнауынан апатты минералды қоспаларын алушылар да салық толеуші болып табылады. Роялтидің деңгейі салық салынатын объектісіңе, салық базасына жөне мөлшерлемесіне байланысты аныкталады.
Роялти көмірқышқылы қалкып жүретін шкаласы бойынша пайыздық мөлшерлемесі белгіленеді, яғни өндірілетін өнім көлеміне тәуелді анықталады, ал ол кезде мына екі әдістің бірін пайдаланады:
— контрактіде қаралған қызметінің барлық кезеңінде өндірілетін көмірқышкылдық көлемінен алынады;
— контракт бойынша әрбір жылда өндірілетін өнімнің көлемінен алынады. Алтын, қола, күміс т.б. кымбат металлдар мен тастарды ондірген кезде роялтидің тұракты мөлшерлемесі алынады. Жер астындағы суларға роялти төленбейді. Өнімді бөлу туралы контрактісі. Бүл жерде мынадай шарттар каралады:
— бөлуге жататын енімніңжалпы көлемі;
— Қазакстан Республикасының үлесі және жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы (табыс әкелетін) өнімін анықтау;
— пайдалы өнімді бөлудің нысаны (акшалай, заттай);
— контракті бойынша орындалған жүмыска кеткен шығынды өтеу үшін жер қойнауын пайдаланушыларға меншігі ретінде берілетін өнімнің үлесін аныктау;
— алынған үлестің ақшалай эквивалентіне өнімнің кұнын және бағасын белгілеу. Жер қойнауын пайдаланушылардын үлесі жалпы өндірілген қазба байлыктың 80%-тен аспауы керек. Өтелетін шығынның қүрамына:
— контракт күшіне енгенге дейінгі жер койнауын пайдаланушылардың накты жүмсағаншығындарыенеді,яғни:жобаныңтехникалық-экономикалықнегіздеу, әзірлеу,дайындау шығындары; осы жобамен байланысты іздестіру, бағалау, барлау жүмыстары.
— контракт күшіне енгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушылардын жұмсаған шығындары жатқызыла бастайды, бұл осы контракт мерзімінің аяқталған уакытына дейін созылады.
Компенсациондық өнімнің есебінен өтелмейтін шығындардың қатарына:
— жер койнауын пайдаланушылардың құқын алу мақсатында конкурска қатысуы үшін төленген жарнасы;
— геологиялық ақпараттарды алуға кеткен шығындары;
— жер қойнауын пайдаланушылардың компенсациясы ретінде алған өнімді сатумен байланысты шығыстары;
— шаруашылық-қаржылық қызметін аудит жасаумен байланысты шығыстары;
— экскурсияға және саяхат жасауға кеткен шығындары;
— соттың ісін қарауымен байланысты шығындары;
— қарыз қаражаттарын пайдаланғаны үшін төленетің пайыздық төлемдері;
— кез келген мемлекеттік пайдаланушылардан алынатын айыппұл мен өсімдер;
Тағы рефераттар
- Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы
- Қазақстан Республикасының Аралық Соты
- Құқық бұзушылықтың себептері, факторлар
- Ойын техникасын топтау
- Кәсіпкерлік істің түрлері