Концептуалды схема туралы қазақша реферат
Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді, және негізгі құралдарды анықтайды.
Ақпараттық жүйелер — бұл күрделі жүйе болып келеді. Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементерге бөлуге тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге біртіндеп жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жұйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.
Әдетте декомпозициялау анықталған белгілеріне қарай жасайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне қарай екі бөлшекке бөледі.
Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке жабдықтаушы жүйешелер жатады.
Жүйеше дегеніміз — жүйенің анықталған белгілері бойынша бөлінген дербес бөлшегі.
Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлшегі — жүйешелер немесе есептер жиыны мен басқарудың негізгі бөлігін құрайтын есептердің жиыны.
Функционалдық жүйеше – нақты функциялармен шектелген ақпараттық жүйенің (АЖ) бір бөлігі.
Қамтамасыз ету бөлігі — бұл автоматтандырылған тәртіпте (режимде)
жүйенің қызмет етуі үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы.
Қамтамасыз ету бөлігі мыналардан тұрады: техникалық қамтамасыз ету, бағдарламалық қамту, ақпараттың қамтамасыз ету (АҚ).
Тағы рефераттар
- КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ
- Қоршаған ортаны қорғау
- Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың құқық қабілеттілігі
- Дидактикадағы тестілеу әдісінің жалпы сипаттамасы және оның зерттеушілік мүмкіншіліктері
- Монометаллизм жүйесі