Конституцияның негізін салушылар туралы қазақша реферат
«Конституция негізін салушылар» бір уақытта мемлекеттің біртұтастығы мен тиімділігін арттырып отырды.
Одақтағы федералды үкіметке штаттардан сыртқы және ішкі саяси өкілді делегат етіп жіберді. Конституция дуалистік федерализм жүйесін одақтың және оның құрушы штаттың міндеті негізінде орнатты. Сонымен, Конституция ұлттык күшті өкіметті құрды. Оның өте күшті, бірақ шектелген құқықтары болатын. Бірақ штаттар да тәуелсіз егеменді мемлекетгер ретінде бекітілді, бұл жағдай Биллдің құқық туралы 10 түзетуінде реттелген. Осы штаттар мен федерацияның арасындағы қайшылықтарды федеративтік сот шешетін болды.
Жоғарыдағыларға қосымша Конституция мынандай жағдайды қамтиды:
1. Кейбір мәселелерді бірнеше өкілдер қосылып шешеді.
2. Конституция жарлықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ белгілі бір іске тыйым салуды қарастырады.
3. Конституция Одақтың барлық іске араласуына қарсы.
4. Штаттардың Одаққа кіруіне, федералдық заңды орындамауға федералды Конституцияны бұзуға, халықаралық келісім жасауға, ақша шығаруға, заң қабылдауға, азаматтардың тең құқықтылығына, экспорт-заттарға салық салуға тыйым салынды.
Конституцияның қатаңдығы. «Конституция негізін салушылар» Конституцияның қатаңдығын, тұрақтылығын 5-бапта атап айтады. Конгреске екі палатаның үштен екі мүшесі кіргенде ғана конституцияға түзету енгізуге болады. «Конституция негізін салушылар» олардың құрылысының беріктігін қалады. Америка Конституциясының қатаңдығы буржуазиялық конституционализм дамуының ең жаңа түрі болды. Халықтың егемендігінен конституцияның қатаң болу қажеттігі туды, оны тек халық қана өзгерте алатын еді.
Өкіметтің бөлігінің бөлінуі бұрыннан келе жатқан принциптерінің бірі. XVII ғасырда ағылшындар, ағылшын колонистері француздардың саяси ойы мен американың әдістерін жетілдірді.
Конституцияны жасаушылар мемлекеттік жоғарғы органдарының Конгресс, Президент, Жоғарғы Сот қарым-қатынасы мен құзыретін негізгі мәселе етіп қойды.
Бір ағаштың үш бұтағы сияқты, басқарудың да үш түрі бар. Америкалық нұсқа бойынша ол мынандай болып бөлінеді: Барлық үш бұтақ та әртүрлі негізде құралған: өкілдер палатасын сайлаушылардың корпустары сайлайды, Сенатты-легислатурлар, Президентті екі сатылы сайлау белгілейді, сайлаушылар сайлау алқасын сайлайды, ал бұл алқаны белгілейтін Президенттің өзі. Жоғарғы Сотты Президент Сенаттың келісімімен тағайындайды.
Мемлекет өкімет мүшелерінің қызметші әртүрлі мерзімде 2-4 жыл аралығында атқарады. Сенат әр екі жылда, Президент төрт жылда сайланады, ал Жоғарғы Сот мүшелері өз міндеітерін өмір бойы атқарады.
Биліктің үш бұтағы бір-бірін шектейді: Конгрестің заңдарына Президент колын қойып, бекітеді, кейінге қалдыруға да құқығы бар. Сенат Президенттің тағайындаған адамдарына келісім беруге құқығы бар. Конгресс Президентті тәртіпке тартуы да мүмкін, кейбір жағдайда Сенаттың келісімі бойынша оны орнынан алып тастауға да жағдайы бар.
Азаматтардың бостандық пен құқықты қорғауы. Конституцияға қосымша 1791 жылы «Құкық туралы Билль» деген заң қабылданғаны белгілі. Ол он түзетуден тұрады, олардың бәрін Конгресс бір мезгілде қабылдаған.
Тағы рефераттар
- Банктегі ақша қаражаттарының есебі,аудиті және талдауы дипломдық жұмыс
- Оқу, білім, ұстаз, кітап туралы мақал-мәтелдер
- Теломер
- Оперативтік жадыны ұйымдастыру (RAM) курстық жұмыс
- Моизм мектебі