Қоршаған дүниемен таныстыру. Экология негіздері  

Сабақтың тақырыбы: Көрікті көктем

Сабақтың мақсаты:

1. Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер,адамдардың көктемдегі пайдалы іс-әрекеттері туралы мағлұмат беру.

2. Үлкендер еңбегін бақылау арқылы бағалай білу,бақылағандарын есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыру.

3. Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ұя, жер, егін, гүлзарлар.

Көрнекілік: жыл мезгілдерінің суреттері, құстардың суреттері,асықтар,қоржындар,теледидар,үнтаспа.

Іс-әрекет бөлімдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру. Сезім ояту.

 

 

 

 

Ізденістер. Ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау

 

 

 

Бағалау

Балаларды дөңгелендіре тұрғызып,төмендегі өлең жолдарын оқиды:

Жаңбыр,жаңбыр жауасың,

Жанымызға жауасың.

Біз ойнайтын ауланың

Тазартасың ауасын.

-Балалар қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?

-Қыс,көктем,жаз,күз.

1.«Бұл қай кезде болады?» дидактикалық ойыны.

Шарты:жыл мезгілдерінің суреттерін көрсету,оның ішінде көктемнің суреттерін таңдап тақтаға іліп қою.

2.Тыныштық сәті.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарынды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. Үнтаспадан «Көктемгі дыбыстар» тындату. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Балалар, көздеріне қандай жыл мезгілі елестеді?

-Көктем

3.Теледидардан көктем көріністерін тамашалайық.

-Балалар бұл көріністен қандай жыл мезгілін көрдіндер?

-Көктем мезгілі.

4.Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізу.

а) Б.Қозыкеевтің «Көктем» өлеңін дауыстап оқу. Өлеңді талдау. Сурет бойынша әңгімелеу.

5.Әңгімелесу.

-Көктем мезгілінің айларын атаңдар.

-Наурыз,сәуір,мамыр.

-Көктемнің алғашқы айы-наурыз.

Бұл айда күн жылынып,қар еріп,жылғалардан су ағады. Сай-сала суға толады.

-Наурызда қандай мерекелер болады?

— 8 наурыз,Наурыз мерекесі.

-Сәуір айында қандай өзгерістер болады?

-Жер беті көгереді,ағаштар бүршік атады,жаңбыр жиі жауады,құстар жылы жақтан ұшып келеді.

-Мамыр айында қандай өзгеріс болады?

-Дала жасылданады,құстар балапан басады.

-Көктемде адамдар қандай жұмыс жасайды?

-Гүлзаларға гүл егеді,жер жыртады,егін салады,бау-бақша салады,ағаштардың түптерін қопсыту,құстарға үя жасайды.

-Көктемде жануарларда қандай өзгерістер болады?

-Суырлар,кірпі,жылан,аюлар қонжығымен бірге апанан шығады,бақалар,борсық,жәндіктер оянады. Қоян үстіндегі ақ тонын сұр түске өзгертеді.

-Қандай жыл құстары ұшып келеді?

Ұзақ,шұбаршымшық,қараторғай,қарлығаш,көкек,

бұлбұл т.б. ұшып келеді.

— Көктемде ең алғаш қандай гүл шығады?

-Бәйшешек.

Сергіту сәті

          Қатты нөсер басылды.

          Күн жарқырай ашылды.

          Неше түрлі әдемі,

          Кемпірқосақ жасалды.

 «Асық» ойыны.

Шарты:балаларды шеңберге тұрғызып қоржыннан асықтар алып оны  оқиды. Тақтада жыл мезгілі жазылған  қоржындарға байланысты асықтарды салады.

Тапсырмалар:

Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата.

Көктем айларын ата.

Белсене қатысқан үшін барлық балаларға бәйшешек гүлін сыйлау

Балалар педагогпен бірге өлеңді қайталау.

 

 

 

 

Сурет бойынша жыл мезгілдерін анықтайды.

 

Үнтаспаны тыңдап балалардың көздеріне елестегендерін айту.

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

Өлеңнің мазмұнына қарай көктемде болатын өзгерістерді әңгімелеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құстардың суреттері.

 

 

 

 

Өлең жолдарын қайталап,қимыл қозғалысын жасау.

 

.

 

 

 

 

 

Балалар белсенділікпен жауап береді.


Тағы рефераттар