Қазақстан Республикасы Президентінің экономиканы орнықты дамытудың іргетасы ретінде экономиканы одан әрі жаңғырту және әртараптандыру жөніндегі жолдауына сәйкес салық жүйесінің ынталандырушы сипатын күшейту бағытында өзгерістер енгізілді.

2007 жылдан бастап салықтық жүктеме (жеке табыс және әлеуметтік салықтар, ҚҚС, арнаулы салық режимдеріндегі салықтар) деңгейін жалпы төмендетуге, экономиканың жеке секторларының әлеуетін іске асыруға да, сол сияқты кейбір әкімшілік мәселелерді шешуге де бағытталған салықтық босаңсулар жиынтығы көзделген:

қосылған құн салығының ставкасы азайтылды (2007 жылдан бастап 14 %, 2008 жылдан бастап 13 % және 2009 жылдан бастап 12 %);

барлық жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығының 10 процент деңгейінде тіркелген ставкасы енгізілді;

2008 жылдан бастап әлеуметтік салық мөлшері орта есеппен
30 процентке азайтылды;

патент негізінде және жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режиміндегі салық ставкалары азайтылды;

ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуші кәсіпорындардың қосылған құн салығын төлеуінің ерекше тәртібі енгізілді (70 %-ке азаю);

дивидендтерге қосарланған салық салу жойылды, бұны Дүниежүзілік Банк жоғары бағалады.

Мұның бәрі экономиканың шикізат емес секторын дамыту және оны әртараптандыру үшін шынайы ынталандыруға айналуға тиіс. Бұл ретте, бұл сценарий жеңілдіктер жойылмай және салық салынатын база кеңейтілмей, салықтық жүктемені азайту есебінен ғана іске асырылды.

Қазіргі уақытта дамыған елдердің салық саясаты экономикаларды жаһандандыру және салықтық бәсекені күшейту жағдайларында капиталдан алынатын кіріске салық салуды төмендету үрдісімен және салық салу ауыртпалығын ұтқырлығы неғұрлым аз объектілерге: тұтыну мен материалдық меншікке ауыстырумен сипатталады.

Осыған байланысты салық саясатын одан әрі дамыту оның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, оның жаһандық процестердің қыр көрсетулеріне тиімділігіне бағытталуға тиіс.

Алдағы кезеңде шаруашылық жүргізуші объектілердің іскерлік белсенділігінің өсуін ынталандыруға, экономикаға салықтық жүктемені оңтайландыруға, салықтық рәсімдерді оңайлатуға және арттыруға бағытталған салық саясатында жаңа, қазіргі заманғы ұстанымды бастау жоспарланып отыр.

Фискалдық саясатты жетілдірудің негізгі бағыттары мыналар:

салық салудың қолданыстағы жүйесін талдау және бағалау негізінде әлемдік тәжірибені ескере отырып, экономика секторларында қолданыстағы жеңілдіктер мен преференцияларды қайта қарау және тиімсіз жеңілдіктерді, өз мақсаттарына жеткен жеңілдіктерді, сондай-ақ салық жүйесінің бейтараптығын бұзатын жеңілдіктерді жою жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

кәсіпкерлік орта үшін маңыздылардың бірі болатын корпорациялық табыс салығын азайту;

халықтың әлеуметтік жіктеріне жүктеме деңгейін сақтауды ескере отырып, орта мерзімді кезеңде салық ауыртпалығын заңды тұлғалардың кірісінен жеке тұлғалардың кірісіне кезең кезеңімен қайта бөлу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

инвестициялық преференцияларға қол жетімділікті оңайлату;

салықтық және кедендік рәсімдерді одан әрі оңайлату және олардың ашықтығын арттыру.

Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейдегі салықтық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экономиканың шикізат емес секторы қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қорытынды 

Сонымен, қорыта келе, алдағы кезеңдерде мемлекеттің фискалдық саясат қызметтерін бір органға шоғырландыру қажет. Фискалдық саясат қызметтерін бір органға шоғырландыру мақсатында Кедендік бақылау агенттігін комитет ретінде қайта құрып, Қаржы министрлігінің құзырына беру керек. Ал, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттіктің заңнамалық міндеттері Қаржы министрлігіне, бақылау қызметі жаңа құрылған Қаржы бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетіне өтеді. Осы тұрғыдан алғанда, Қаржы министрлігінің басты міндеті өз құзыретіне сәйкес, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің түсімдерін, әдістемелік басшылығын ұйымдастыру болады. Осыған байланысты министрліктің орталық аппаратын қысқартып, оған жалпы әдістемелік және талдамалық жұмыс жүктеген жөн болады.

Қаржыландыру саласындағы реформалардың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметтер мен функциялардың сапалы орындалуын және тұрғындардың мұқтаж дәрежесінің максималдығын қамтамасыз ететін айқын, тиімді және қалыпты бюджетке жету болып табылады.

Қаланың экономикалық көрсеткіштері жоғары сапаға жеткендігі туралы айтады. Бюджеттік жүйені жетілдіру бойынша тұрақты жүргізілетін жұмыс – үлкен роль атқарды. Бюджет мақсатты құжат ретінде қаралатын болды, ол тек ағымдағы жылды ғана емес, орта мерзімді келешектерді, оның болашақ нәтижелері мен тиімділігін бағалау және болжаумен экономикалық-әлеуметтік міндеттерді орындауға бағытталады.

Орта мерзімді фискалдық саясат алдын ала қаржыландыруды қамтамасыз ету керек, ол алдын ала жоспарлауға; бюджеттік үрдістің айқындығы мен тиімділігін арттыруға, бюджеттік үрдістің сабақтастығын және фискалдық тәртіптің артуын қамтамасыз ету  мүмкіндігін туғызады.

Фискалдық саясаттың механизмі жалпы мемлекеттік ретінде қала үшін шынайы болып анықталады. Өткен қаржы жылындағы бюджеттің орындалуы мен экономикалық көрсеткіштеріне талдау және бағалау жүргізу негізінде жыл сайын фискалдық саясаттың негізгі бағыттары түзетіліп отырады.

Болашақта фискалдық саясаттың рөлін осы құжатты әзірлеу кезінде  қарастырылған мақсаттардың қаншалықты орындалғаны арқылы бағалауға болады.

Пайдаланылған әдебиттер тізімі 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауы

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 677 қаулысымен бекітілген Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу ережесі

3. 2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органының орта мерзімді фискалдық саясаты

4. 2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары

5. ҚР Салық кодексі//Алматы, 2008

6. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясы

7. Мауленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ.  «Экономиялық теория», Алматы – 2004 ж.

8. Ілиясов Қ. Қаржы: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық//Алматы-2006

9. Шеденов Ө. Жалпы экономикалық теория//Алматы-2003

10.Смағұлова Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері//Алматы, 2005

11. Төреғожина М.Б. Экономиканы мемелкеттік реттеу//Алматы-2008

12. Кенжеболатова Б. Экономиканы мемелкеттік реттеу//Алматы-2008

13. Аймақтық экономика//Алматы — 2005

14. Ихданов Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері//Алматы — 2001

15. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,

Алматы – 2001.

16. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2006.


Тағы рефераттар