Инновация – бұл адамның тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларына еңгізілген, өткізілген ғылыми зерттеу мен ашу нәтижесінде алынған, бұрыңғы ұқсастардан жаңа сапа мен қасиеттерімен ерекшеленетін, әрекет салаларында өзгерістерге әкелетін, нарықта сәйкес қажеттіліктерімен қанағаттандыруын қамтамасыз ететін және нарық субъекттілерімен экономикалық пайда алуына әкелетін объект. Осы ұғымға көзқарастардың эволюциясын қарайық:

1) Й.Шумпетер: тұтыну тауарлар, жаңа өндірістік және транспорттық құралдар, нарық пен өнеркәсіпте ұйымдастырудың жаңа түрлерін еңгізу және пайдалану;

2) Хартман Хауштайн: практикаға еңгізу, идеяны, ұсынысты, ғылыми-зерттеу шешімді, моделді жүзеге асыру және пайдалану;

3) В.П Лапин: адамдардың белгілі қажеттіліктерін жақсырақ қанағаттандыру үшін жаңа тәжірибелік құралды жасау, тарату және пайдалану жинақтық процесі;

4) Ф.Валента: өндірістік механизмнің алғашқы құрылымында өзгерістер, яғни оның ішкі құрылымның жаңа күйіне өту: өнімге, технологияға, өндіріс құрамына қатысты;

5) Т.Брайн: интеллектуалды тауарды ойлап шығару; ақпарат, ноу-хау немесе идея экономикалық мәніне ие болатын процес;

6) Б.Санто: өз қасиеттерімен жақсырақ өнімдерді, технологияларды жасауға әкелетін қоғамдық, техникалық, экономикалық процесті, идеяларды, өнер табыстарды практикалық пайдалануы, ол экономикалық пайдасына бейімделген, зерттеуден маркетингке дейін әрекет түрлерінің барлық саласын  қамтыған;

7) Ф.Никсон: нарықта жаңа және жақсарған процес пен жабдықтардың болуына әкелетін техникалық, өндірістік, сауда шараларының жиынтығы;

8) П.Завлин: әрекет процесін немесе оның нәтижесін толық жетілдіру үшін қоғамның кез-келген саласында интеллектуалды әрекетінің нәтижесін пайдалану.

Сонымен, зерттеу объекті мен затынан байланыстағы инновацияларды келесі қалпында қарауға болады:

— процес ретінде (Б.Твисс, А.Койре, И.П.Пинингс, В.Раппопорт, Б.Санта, Г.М.Гвиашини, В.Л.Макаров, Р.М.Айтмамбетов, А.К.Кантарбаева);

— жүйе ретінде (Н.И.Лапин, Й.Шумпетер, С.Б.Абдыгаппарова);

— өзгеріс ретінде (Ф.Валента, Ю.Яковец, Л.Водачек, У.Б.Баймуратов);

— нәтиже ретінде (А.Левинсон, С.Бешелев, Ф.Гурвич, Р.Фатхутдинов).

Ғылыми әдебиетте бір-бірінен ерекшеленетін инновация дефиницияларының көптеген саны бар. Жалпы инновация үдеумен әрқашан байланысты деп бәрі келіседі. Батыс әдебиетте инновацияларға 2 бап бар: кең және тар. Инновацияға кең бапта – бұл техникаға, ұйымға, қамтамасыз ету және сату процесіне, қоғамдық өмірге жаңа немесе жақсартылған шешімдерді еңгізу. Инновацияның түсіндіру жөнінде қандай да пікірлердің негізі болып, Й.Шумпетермен ұсынған осы құбылыстың классикалық ұғымы табылады. Осы баяндалуына техникалық, экономикалық және ұйымдастыру сипаттамасы сәйкес.

Й.Шумпетердің түсініктемесі негізінде осы ұғымның нұсқау қатары пайда болды (жоғарыда көрсетілген), және де олар 3 мағынада көрсетілген: қызметтік, атрибутивтік, бұйымды. Қызметтік тәсілінде техникада, технологияда, және еңбек ұйымдастыруында өзгерістерді зерделі жүзеге асыру процесі ретінде инновацияларды көрсетуіне ерекше көңіл бөлінеді.

Осындай көрініс Й.Шумпетермен келтірілген ұғымында көзге түсерлік. Атрибутивтік тәсілі кәсіпорынның қоғамдық қажеттерге мүмкін реакциялардың бірі ретінде, инновацияға қарағанда менеджерлік тәсілге немесе ол әлеуметтік-экономикалық үдеу процесінің элементі болатын әлеуметтік тәсілге сай келеді. Заттық тәсіл айқын белгілермен сипатталатын өнімдердің, әдістердің және процестердің толық жиынтықтарына қатысты.

.

Тағы рефераттар