Қорытынды және ұсыныстар туралы қазақша реферат
Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну табылады.
Маркетинг-қазіргі бизнес философиясы, ойлау стилі және тұтынушылардың мұқтаждықтары мен тілектерін қанағаттандыруға бағытталған мақсат. Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген сұранысын, бәсекелестер тауарын, макроортаны талдау т.с.с. Өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін камтамасыз ететін жалпы экономикалық кұбылыс пен тетік ретіндегі маркетингтің рөлі өте зор. Қазақстанда отандық кәсіпкерлер маркетингті және маркетингтік зерттеуді әлі тиісті деңгейде бағалаған жоқ.
Маркетингтік шешімді қабылдауда ақпарат ауадай қажет. Сондықтан ақпарат дұрыс жинақталып, қолдану үшін талдануы керек.
Ақпарат жинаудың әр түрлі әдістері бар. Оның көздері бастапқы және екінші ретті мәліметтер болып бөлінеді.
Маркетингтік зерттеулер бірнеше кезеңдерден тұрады. Маркетингтік зерттеулердің бірінші кезеңінде оны әзірлеу талаптарын қалыптастыру және зерттеу мәселесін анықтау қажет. Мәселені анық баяндау – табысты маркетингтің негізі. Егер мәселе дұрыс тұжырымдалса, ол аздап шешілді деуге болады. Мақсаттар мен мәселелер неғұрлым анық және түсінікті белгіленсе, маркетингтік зерттеулер соғұрлым тиімді болады. Ақпарат жинау – қымбатқа түсетін шара. Сондықтан мәселе бұлдыр немесе дұрыс белгіленбесе, қажетсіз шығындарға ұшыратады. Мәселелерді айқындау процедурасына мәселелер каталогын құру да кіреді.
Маркетингтік зерттеулердің екінші кезеңі– маркетингтік зерттеулер жоспарын әзірлеу. Бұл зерттеу сметасын анықтау, мәліметтер көздерін айқындау, оларды жинау және талдау әдістерін таңдау реттемелерінен (процедура) тұрады. Зерттеулер жоспарын әзірлеудің бірыңғай реттемесі (процедура) және оны орындаудың стандартты әдісі жоқ. Зерттеу жоспарын құрастырудың мысалы,үшінші кезеңде ақпарат алу көздері анықталады. Маркетингтік зерттеу екінші ретті ақпаратты зерттеуден басталады. Одан кейін ғана бастапқы ақпаратты жинауға көшу керек. Екінші ретті ақпараттарға мән бермейтін зерттеушілер қателеседі. Талдау негізінде алынған қайталама ақпарат кейде зерттеу мақсаты үшін жеткілікті болады.
Кез келген кәсіпорынның маркетинг қызметі – бұл кәсіпорынның дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтық қаралуы, фактілерді еске ала отырып даму стратегиясын жасау және бұл стратегияларды іске асыру бойынша нақты іс –шаралар колданылу болып табылады.
Маркетингтік зерттеу кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелердің арасында өзара әрекеттесу нәтижесінде көздеген мақсатқа жеткізеді және маркетингтік шараларды жасау және жүзеге асыру үдерісіне сәйкес ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз етуді талап етеді. Осы мақсатта маркетингтік стратегияларды қалыптастыру үдерісі кәсіпорынды басқарудың үш деңгейімен жүзеге асырылатын тізбектелген кезеңдер қатарымен қарастырылған. Маркетингтік стратегияны жасау және жүзеге асыру үдерісі кезінде бөлімшелер арасындағы механизмді зерттеу стратегиялық маркетингтің негізгі қағидаларына сәйкес жасалған өндірісті басқарудың графикалық моделін құруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қызметіне талдау және бағалау сонымен қатар маркетингтік стратегияны жасау және жүзеге асыру үдерісін мақсатты ұйымдастыру, «Нұржанар» АҚ сыра зауытының маркетингтік қызметінің стратегиялық бағытын анықтау және стратегияларды жүзеге асыру бойынша практикалық ұсыныстарды жасау және әдістемелік қамтамасыз ету бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы орта факторларын талдау үшін жағдайлық талдау әдісі – SWOT қолданылған болатын:
— кәсіпорынның нарықтық қызметінің нәтижесіне өте қатты әсер ететін сыртқы факторларды анықтау (оң және теріс көзқарас бойынша);
— кәсіпорынның ағымдық жұмыстар жағдайын сипаттайтын негізгі іщкі факторларды анықау (күшті және осал жақтары).
SWOT талдау нәтижесінде стратегиялық жоспардың негізін құрайтын кәсіпорынның үш басты мақсаты анықталған болатын:
1. Күшеюші бәсекелестікке қарсы шығу және бар өнім бойынша нарық үлесін ұлғайту;
2. Жаңа өнімді өндіру есебінен тез өсуші алкогольсіз өнімдер нарығына енгізу;
3. Өнімді өткізу нарығының географиясын ұлғайту.
«Нұржанар» АҚ маркетингтік зерттеу жүйесін дамытуға ұсыныстар:
- нарыққа жаңа сыра түрлерін еңгізу
- тауардың бәсеке қабілеттілігін арттыру
- жаңа ыдыс түрлерін пайдалануға көшу
- нарықты зерттеу және тауарды жылжыту үшін маркетиг іс-шаралар кешенін жүргізу
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Ассель Г. Маркетинг: принципы и стратегия: Учебник для вузов. М.: ИНФРА- М, 1999.
- Багиев Г.Л. и др. Маркетинг: Учебник для вузов / Г.Л. Багиев, В.М. Тарасевия, X. Анн; Под общ. ред. Г.Л. Багиева. — М.: ОАО «Изд-во Экономика», 1999.
- Голубков Е. П. Маркетинговые исследования: теория, методология и практика. — М.: Изд. «Финпресс», 1998.
- Голубков Е. П. Основы маркетинга. — М.: Издательство «Финпресс», 1999.
- Есімжанова С.Р. Маркетинг.Оқу құралы. Алматы Экономика2003
- Котлер Ф. Маркетинг негіздері. Ағылш. ауд. М.Т. Ізбасаров Алматы, Жазушы, 2000.
- Котлер Ф. Маркетинг менеджмент — СПб: Питер Ком, 1999.
- Ламбен Жан-Жак. Стратегический маркетинг. Европейская перспектива / Пер. с фр. — СПб, Наука, 1996.
- Мамыров Н.К. Маркетинг. Алматы, Экономика, 1999-248с.
10.Маркетинг: Учебник / Под ред. Э.А. Уткина. — М: ИМП ЭКМО 1998.
11.Маркетинг: Учебное пособие /Под ред. Н.К. Мамырова. — Алматы: Экономика, 1999.
12.Маркова В.Д. Маркетинг услуг. — М.: Финансы и статистик 1996.
13.Нысанбаев С.Н, Садыханова Г.А., Маркетинг негіздері, А.: Қазақ университеті, 2002.
14.«Тауар таңбалары, кызмет көрсету таңбалары және тауар шығаратын жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен Қазақстан. — 1999. 2 тамыз.
15.«Теріс пиғылды бәсеке туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен Қазақстан. — 1998. 11 маусым.
16.Фатхудинов Р.А. Стратегический маркетинг: Учебник. — М.: ЗАО «Бизнес-школа» Интел-Синтез», 2000.
Ілиясов Д.Қ. Маркетинг: теориясы мен практикасы: Оқу кұралы:Алматы, Қазақ университеті, 2002.
Тағы рефераттар
- Кактус
- 16 ғасырдағы Жетісу аймағындағы қазақ хандығындағы саяси жағдай
- Діни эволюция
- ҚР тұрғын үй шаруашылығын дамытыудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы
- Гидросфера-биосфера элементі және табиғи қор ретінде туралы қазақша слайд, презентация тегін