Қоштасу туралы қазақша реферат
Сөз этикетінің өз алдына дербес бір саласы — қоштасу. Оны дербес сала дейтініміз — оның өзіндік мақсаты, арнайы жұмсалатын тілдік таңбалары, қолданылатын тұрақты орны бар. Қоштасудың да түрлері өте көп. Мәселен, «Сау болыңыз», «Хош», «Көріскенше күн жақсы», «Хош болыңыз» т.б. Бұларды балаларға тиісті жерінде лайығымен қолдануға үйрету әдептілік әліппесі болып табылады. Себебі қоштасу түрлерінің қолданылуында өзіндік жүйе, қалыптасқан дәстүрлі тәртіп бар. Бала кетер алдында қоштасып, әдеп сақтауға тиіс.
Қаратпаларға байланысты сөздерді жергілікті жерде қолданылу, белгілі бір аймаққа таралуына қарай зерттеу де қызғылықты әрі тілдік, әрі тарихтық деректер берері сөзсіз. Кейбір сөздер диалектолог ғалымдардың ғылыми жазбаларына түскенімен, олар тілдің этикеттік формуласы ретінде түсіндіріліп, талданған емес. Мысалы, қазақ сөз этикетінде жиі қолданылатын «Сау болыңыз» әдеби тілде қоштасуды білдіргенмен, Қазақстанның батыс говорларында, Түрікменстан қазақтарының тілінде (Ә.Нұрмағамбетовтың деректері бойынша) «Рахмет» деген мағынаны білдіреді. Әрине, мұндай тілдегі ауытқушылықтарды бала кішкентай кезінен біліп өскені жөн.
Қоштасу формуласы табан астында болмайды, яғни бүлдіршіндерге тек қоштасу сөздерін ғана емес, қоштасуға дайындық сөздерін де үйреткен жөн. Олар, атап айтқанда, «Уақыт болып қалыпты — ау», «Амал жоқ қайтар уақыт таяды», «Уақытыңызды алмайын», «Осымен болайық» қыстырма сөздері. Яғни, қалыпты қоштасу сөздерінің құрылымы тұтастай алғанда формуладан — негізгі актіден және дайындық актіден тұрады. Міне, осындай қарым — қатынастарды балаға үйрету арқылы сөз әдебін қалыптастыруға болады.
Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады. Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл парасатта азық ете білуде «Өзін-өзі тану» курсының ерекше. Соңғы бөлімде бұл тураы тоқталатын боламын.
Тағы рефераттар
- Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар
- Біріккен кәсіпорындар курстық жұмыс
- Біртұтас экономикалық кеңістіктің болашағы қандай?
- Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы
- Парсы сөздері