Маркетингтік зерттеулердің мәні туралы қазақша реферат

Маркетингтік зерттеулер – бұл анықтау тиімділігін жоғарлатуға және маркетингтік мәселелерді (мүмкіндіктерді) шешуге бағытталған ақпаратты идентификациялау, жинау, талдау және таратудың жүйелі және объективті үрдісі.

Олардың негізгі мақсаты маркетингтік шешімдерді қабылдау және олармен байланысты белгісіздік деңгейін төмендету үшін ақпараттық – талдау базасын құру болып табылады.

Міндеті – ақпараттық қажеттіліктерді бағалау және шаруашылық субъектісінің қызметінің шынайы жағдайын көрсететін объективті, сенімді, дәл уақыттағы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Осындай зерттеудің пәні – нарықтағы маркетингтік қызмет, сондай-ақ онымен байланысты нарықтық үрдістер.

Объект ретінде шаруашылық субъектінің өзі, ол қызмет жасайтын маркетингтік орта, ол бәсекелік белсенділігін көрсететін нарық, сонымен бірге тауарлық, бағалық, коммуникациялық және өткізу қызметі саласындағы онымен жүргізілетін маркетингтік тырысулар болуы мүмкін.

Маркетингтік зерттеулер басқарушылық үрдістің барлық кезеңдерінде ақпараттық – біріктіруші рөл атқарады және шаруашылық субъектінің маркетингтік қызметін жоспарлау, мәселелерді шешу және бақылау үшін сенімді ақпараттық база болып табылады.

Маркетингтік зертеулерді жүргізуге қажеттілік мына жағдайларда болады, егер шаруашылық субъектісі:

—  қойылған корпоративтік және маркетингтік мақсаттарға жетпесе;

— бәсекелік стратегиялар мен бәсекелік белсенділіктің тиімділігін бағаласа;

— өсу стратегиясын іске асыруды жоспарласа;

-инвестициялық жобалармен байланысты жаңа портфельді стратегияларды жасаса;

-сегменттеу және позициялаумен байланысты функционалдық стратегияларды таңдаса.

Маркетингтік зерттеулер дегеніміз-компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатында, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпарат жинау, өндеу және мәліметтерді талдау мен қорытындылар ұсыну.

Маркетингтік зерттеулер  міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саятатын, тауарды нарыққа жылжыту мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарларын, макроортаны талдау.

Маркетингтік зерттеулер –бұл тұтынушылардың талғамдары мен талаптарын зерттеу бағытталған фирманың маркетингтік әрекетінің маңызды түрінің бірі. Мұндай зерттеулерді кәсіпорындар маманданған және консалтингтік фирмаларға тапсырыс жасау арқылы немесе өзінің маркетингтік бөлімдерінің күшімен өткізеді. Маркетингтік зерттеулер — бұл тұтынушылардың талғамдары мен талаптарын зерттеуге бағытталған фирма маркетингтік әрекетінің маңызды түрінің бірі зерттеулерді кәсіпорындар маманданған және консалтивті фирмаларға тапсырыс жасау арқылы немесе өзінің маркетингтік бөлімдерінің күшімен өткізеді. АҚШ компанияларының 75 %-ында осындай бөлімшелер бар, онда маркетологтар, статистер, бағдарламашылар, әлеуметтанушылар психологтар жұмыс істейді.

Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар- БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», ВІSАМ, Сиар, Cessi Каzакһstan , IGМ, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары . Бұл ұйымдар» қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Аmer- Nielsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд доллардан астам болса Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы — 700-800 мың.

Отандық кәсіпорындардың көпшілігі зерттеулерді жүргізудің қажеттілігін әлі түсіне бермейді. Сондықтан Қазақстан нарығында осындай тапсырыстардың 80%-ы шетелдік компаниялар үлесіне тиіп отыр. Солай бола тұрса да маркетингтік зерттеулердің бағасы Қазақстанда Ресейдегіден 2,0 есе, ал Еуропадағыдан 5-10 есе төмен. Соған қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдарда маркетингтік зерттеулер кеңінен қолданылып жүрген жоқ. Мысалы, Жапонияда шоколадты тұтыну талғамдарын пікір сұрау әдісімен зерттеу (750 адамға 40 минутта пікір сұрау жүргізу) 63 МЫҢ доллар, АҚШ-та — 62,7 мың, Батыс Еуропада – 36 мың, Орталық Еуропада — 14 мың доллар, Қазақстанда — 10 мың доллар тұрады.

Ең қымбат маркетингтік зерттеулер бірнеше жүз миллион долларға дейін жетеді, «Фордтың» «Эдселл» автомобилін шығаруына байланысты шығынға ұшырауы 250 млн доллар, жоспарлауы мен зерттеулері дұрыс болмауына байланысты. «Конкордтың» шығындары 3000 млн доллар болды.
Маркетингтік зерттеулер статистика, эконометрия, математика, әлеуметтану, психология сияқты әр түрлі ғылымдар әдістемелері қолданылады.

Маркетингтік шешім қабылдау ақпараттар қажет етеді. Ал ақпарат жинаудың әр түрлі әдістері бар. Оның көздері бастапқы және соңғы мәліметтер болып бөлінеді.

Бастапқы мәліметтер – бұл  маркетингтік зерттеулердің мақсаттарынан бөлек, бұрын басқа мақсаттармен жиналған ақпарат. Олдрдың артықшылықтары: ақпарат қолға онай түседі, салыстырмалы арзан болады,жылдам жиналады. Солмен қатар олардың кемшіліктері: ескі болуы мүмкін, мақсатка сай келмеуі мүмкін.  Бастапқы ақпарат негізінде жүргізілетін зерттеулер «кабинеттік» деп аталады.

Бастапқы ақпарат фирманың ішкі құжаттарында және сыртқы ақпарат көзінде болады. Фирманың ішкі құжаттарына — пайда туралы есептер, өткізу көрсеткіштер, шот- фактуралар, тауарлық- материалдық құндылықтардың есеп тізімдемесі жатады. Сыртқы ақпарат көздері- мемлекеттік мекемелердің басылымдары, статистикалық анықтамалары, газет және журналдар, консалтингтік фирмалар.

Бірақ мұндай мәліметтерді байқап талдау керек, өйткені олар әр тұрлі мақсаттар мен әр тұрлі жағдайларда жинақталғандықтан, ескеріп кетуі мүмкін. Сондықтан қайталама ақпараттар қолдану алдында олардың шүбәсіз сенімділігін және жаңашылдығын мұқият тексеру керек.

Соңғы ақпарат- бұл нақты зерттелетін мәселені шешу үшін жаңа ғана жиналған ақпарат. Мұндай зерттеулер «далалық» деп аталады. Бұл жинау үшін көп шығын, еңбек жіне уақыт керек. Оған арнайы жоспарын дайындау қажет. Олардың артықшылықтары: нақты мақсатқа сай жиналады, зерттеу бақыланады, ақпарат сенімді болады. Кемшіліктері: көп уақыт пен қаражаттың жұмсалуы, кейбір мәліметтер қол жетімсіз болуы мүмкін


Тағы рефераттар