Қожа Ахмет Ясауи  «Диуани Хикмет» туралы қазақша реферат

         Қожа Ахмет Иссауи – ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, ағартушы, жаңа сопылық ағымның ғұламасы, пірі; Сайрам қаласында туып, Йасы қаласында тұрған, сондықтан әлемге Иассауи деген атпен тнымал. Фарид-ад-дин Аттар «Мантық ат-таир» еңбегінде оны «Түркістан пірі» деп атаған. Әзиз әкесі – шайхы Ибрахим жолын ұстаған діндар адам болды. Анасы – Қарашаш, екеуінің  мазары – Саирамда тұр. Иассауи діни танымының бастауын бала кезінде әкесінен, алғашқы ұстазы Шихабуддин Испиджабиден үлгі қылып алып, кейін Арыстан баб  басқарған сопылық ұйымға кіреді, талантты шәкірт болады.  Оның 90 мыңдай шәкірт-мүриттері болған. Шәкірттері ұстазының ілімін Орта Азияға таратып әкеткен. Иассауидің Ибраһим және Гауһар Шаһназ есімді ұл-қызы болған. XIII  ғасыр шамасында  жазылған «Насаб нама» кітабында Иассауидің бабасы Ысқақ бабтың Сайрамда мешіт салдырған кісі екенін айтылады. Кеңес өкіметінің кезінде кертартпа идеологияны насихаттайтын кітап ретінде саналып, оқу бағдарламаларына кіргізілмеді. Оның есімін ел жадына оралту үшін ғалымдар ақынның жалпы адамшылық көзқарасын діннен бөліп қарауға мәжбүр болады. Ауыл мектебі мен медреседен оқып, білім алған зиялылар ақын туралы да, «Хикметтер» хақында да жақ ша алмады. Осыдайша қазақ халқының үш-төрт буыны сопылық поэзияның інжу-маржан тундыларын білуден марқұм қалды. Тіпті Ахмет Йасауи кесенесі тұрған Түркістан шаһарының өзінде ұлы ойшыл әулиенің есімі аталмай, көбінесе оның Әзірет Сұлтан деген лақап аты ғана ауызға алынатын.

Шығармашылығының зертелуі

         Қазақ зертеушілерінен алғаш Ясауи тақырыбына қалам тартқан белгілі қоғам қайраткері жазушы Міржақып Дулатов болды. Ол өзінің «Қазақ» газетіне баылған «Хазірет Сұлтан» атты мақаласында тек Әзірет Сұлтан жөнінде ғана емес, жалпы қазақ  тарихынан, Түркістанда билік құрған хандар жайында да келелі сөз қозғады. Орыс шығыстанушыларының Е.Э. Бертельс, А.Н. Самойлович, А.К. Боровков, Г.Ф. Благова, Ә.Наджиб сияқты ғалымдар кезінде зерттеп еңбектеріне жариялаған болатын. Кеңес дәуіріндегі Қ.А. Ясауи жайындағы үнсіздікті тек 1957 жыла ғана ғалым Ханғали Сүйіншәлиев бұзды. Ол Ясауидің биік дәрежедегі ақын екендігін «Қазақ әдебиетінің қалыптасуы кезеңдері» деген еңбегінде жазып, ақынның әдебиетіміздегі орнын белгілеп, шығармашылығына әдеби тұрғыдан баға берді. Қ.А. Ясауи Шығыс Ренесанысымен байланыстыра зерттеу мәселесіне қойған ғалым Ә.Қоңыратбаев болды. Қазіргі кезде Н.Келімбетов, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедов, Ә.Дербісалиев, М.Шафиғов, С.Дәуітов сияқты әдебиетші ғалымдар және Б.Сағындықов, Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов, Ә.Қайдаров сияқты тілші ғалымдарымыз ясауитануға ат салысуда. Ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеп, оған тарихи, әдеби, тілдік тұрғыдан түсінік берген ғалым – М.Жармұхамедұлы. К.Х. Тәжікова Ясауидің дүние танымдық көзқарасын, сопылық оқуын танытуда еңбек етіп келеді. Ясауитануға Түркия ғалымдарының сіңірген еңбегі орасан зор . К.Ераслан Қ.А.Ясауидың хикметтерін түрік тіліне аударып, «Диуани хикмет сечмелер» атпен Анкарадан жеке кітап етіп шығарды. Қ.А.Ясауи поэзиясын зерттеуге өзбек ғалымдарынан Э.Р.Рустамов, Н.М.Малаев, В.И.Захидов, М.Хаққұловтар да үлестерін қосты. А.К.Борвков, Э.Наджип сияқты ғалым – түркологтар «Диуани Хикметтің» тілін зерттеп, хикметтер XII ғасырдағы оғыз-қыпшақ тілінде жазылған деген анықтама жасады.

Мысалы:

Тарихатқа шариғатсыз кіргендердің

Шайтан келіп иманын алады екен.

Осы жолда пірсіз тақуалық қылғандар

Әуре — сарсаң болып жарым жолда қалады екен.

Тариқатқа саясатшыл муршид керек.

Ол муршидқа шын сенетін шәкірт керек.

Қызмет етіп, пірдің ризашылығын алу керек.
Тағы рефераттар