Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар калалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаральқ, аудандық, қалалық және соларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

ҚР Бас прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғары буыны болып табылады және барлық прокуратура органдары мен оның мекемелеріне басшылықты жүзеге асырады. Бас прокуратураны жоғарыда аталған Занның 12-бабына сәйкес ҚР Бас прокуроры басқарады. Оның ҚР Президенті ҚР Бас прокурорының ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. Бас прокуратурада құрамында оның төрағасы болып табылатын ҚР Бас прокуроры және мүшелері: ҚР Бас прокуроры тағайындайтын бірінші орынбасары және орын-басарлары (лауазым бойынша), басқа да прокурор кызметкерлер болатын Алка кұрылады.

ҚР Бас прокуратурасының құрылымын аға көмекшілер болып табылатын бастықтар басқаратын департаменттер, басқармалар мен бөлімдер құрайды. ҚР Бас прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі кеңесшілері мен көмекшілері болады. ҚР Бас прокуроры орынбасарларының да ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері болады.

Департаменттерде, басқармаларда және бөлімдерде аға прокурорлар және прокурорлар лауазымы көзделген.

Бөлімшелердің әрқайсысы занмен белгіленген прокурорлық қада-ғалаудың бағыттарын ескере отырып, прокурорлық жүйенің функ-цияларынан туындайтын міндеттерді шешеді және орындайды.

Бас басқарма құқығында ҚР Бас прокуратурасының құрылымына бір мезгілде ҚР Бас прокурорының орынбасары болып табылатын Бас әскери прокурор баскаратын Бас әскери прокуратура кіреді.

Департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілер, көмекшілер, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілерді, департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорларын республика Бас проку-роры кызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Жоғарыда аталған Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес «Бас прокуратура:

1) Республика прокуратура органдарының іс-қимылдарын олардың қызметінің негізгі бағыттары бойынша үйлестірілуі мен орайластырылуын қамтамасыз етеді;

2) Республикада заңдардың орындалуын, заңдылықгың жай-күйін қадағалау практикасына талдау жасайды;

3) прокурорлық қадағалауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысын бақылайды;

5) заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде жедел-іздестіру қызметін, анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара іс-кимыл жасайды және олардың қызметін үйлестіріп отырады;

6) кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және жүргізеді;

7) норма шығармашылық қызметіне қатысады;

8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкілдік етеді». [1- 220 б]

Өз мәні бойынша прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің өзгеше түрі ретінде жалғыз. Бұл ҚР прокуратурасының барлық жүйесі үшін мақсаттарының бірдей, прокуратура жүйесінің бірыңғай, прокуратура қызметінің құқықтық базасының біртұтас болуына байланысты.

Алайда прокурорлық қадағалау процесінің өзінде елеулі өзгешеліктер бар. Бұл өзгешеліктер біртұтас прокурорлық қадағалауды жүзеге асыруда:

— орындалуына қадағалау жүзеге асырылатын заңнаманың ерекшеліктерінен;

— осы заңнаманы орындайтын объекьтілердің өзгешелігінен;

— прокурорлардың өкілеттіктерінің өзгешелігінен туындайды. Осыған сәйкес «Прокуратура туралы» ҚР Заңында [4-бап] біртұтас прокурорлық қадағалауды мынадай салаларға бөледі:

— министрліктердің, ведомстволардың, өкілетті және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бақылаушы органдардың, олардың лауазымды адамдарының заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және өзге де нормативтік актілерді дәл және бірыңғай қолданылуын, сондай-ақ олар шығаратын нормативтік құқықтық актілердің заңнамаға сәйкестігін қадағалау;

— Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау;

— жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың заңды қолданылуын қадағалау;

— анықтау және алдын ала тергеу органдарының заңды колдануын қадағалау;

— әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану кезінде қадағалау;

— атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға қатысты заңдардың дұрыс қолданылуын, сот тағайындаған жазаны және мәжбүрлеу сипатында өзге де шараларды орындау кезінде, сондай-ақ азаматтық және өзге істер бойынша сот шешімдерінің орындалуын қадағалау.

Прокурорлық қадағалау салаларынан басқа прокуратура қызметінің басқа да бағыттары бөлінеді:

— қылмыстық, азаматтық немесе өзге де сот ісін жүргізу барасында көрсетілген Заңда белгіленген өкілеттіктерге, сондай-ақ республиканың қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу және өзге де заңнамаларына сәйкес аппеляциялық және қадағалау тәртібімен сотта мемлекеттің мүдделерін білдіреді;

— Конституцияға сәйкес [83-бап] Заңда және қылмыстық-іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;

— қылмысқа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіреді;

— статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттік құкықтық статистиканы қалыптастырады;

— норма шығармашылық қызметке қатысады, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарын білдіреді.

Сонымен қатар, жаңа ҚР ҚІЖК-не сәйкес прокурор айыпталушыны сотқа тапсыруды жүзеге асырады.


Тағы рефераттар