Мазмұны
Кіріспе……..5
1. Ұйымның қызметтіне жалпы сипаттама..8
1.1. Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы…8
1.2. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есеп саясаты…14
2.- Кредиторлық борыштардың есебі…..20
2.1 Салықтар бойынша міндеттемелердің есебі…..20
2.2. Жабдықтаушылармен және мердігерлер мен есеп айырысудың есебі…27
2.3.Еңбек ақы бойынша есеп айырысу….31
3. Кредиторлық борыштардың аудиті……45
3.1. Аудиторлық тексерудің мақсаты мен ақпарат көздері …..45
3.2 Кредиторлық борыштардың аудиті…….51
3.3 Кредиторлық борыштарды талдау….67
Қорытынды …74
Қолданылған әдебиеттер тізімі………77
Тіркемелер…………..80
Кіріспе
Нарықты экономика Қазақстан Республикасында жедел түрде дамуда. Онымен бірге шаруашылық үрдістерді реттеу механизмі болып табылатын бәсеке де өсіп келуде.
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшіруде. Сондай-ақ 2002 жылдың 24-маусымында Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы күшіне енді. Осы негізде әлеуметтік күрделі мәселелерді шешу бүгінге күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе соңғы жылдары экономика ілімінде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты.
Тәжірибе көрсеткендей, есеп регистрлерінде шаруашылық операцияларын бейнелеудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметінің қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың көпшілігінің қажеттілігін қамтамасыз ете бермейді. Бұл ақпарат іскерлік қабылдау үшін жеткілікті дәрежеде өңделіп, белгілі бір түрге келтірілуі қажет. Қазіргі кезде бухгалтер нәтижелердің қалыптасуының әр түрлі әдістерін білуі, кәсіпорындағы қаржылық стратегияны жүзеге асыратын есеп саясатынның нұсқасын таңдап, басшылыққа ұсына алуы керек. Яғни, оның қызметінің аймағы шоттар жүйесінен қаржылық есептемеге дейін ұлғаяды. Қазіргі нарық жағдайы шаруашылық субъектілеріне өндіріс және қаржы жөнінен сұрақтарды өз бетінше мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның түрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарымқатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу — жақсы қаржылық жағдайдың бірден бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жынақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады, Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта — облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бүл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда — қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Диплом жұмысының мақсаты – зерттеу объектісі ретінде алынған кредиторлық борыштар соның ішінде : еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып, бюджетке салықтарды төлеу, жабдықтаршылар мен есеп айырысу болып табылады. Қандай да бір ұйымдар болмасын бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда ең қажеттіліктердің бірі болып еңбек ақы болып саналады, яғни барлық ұйымдарда міндетті түрде еңбек ақы есептелінеді.
Сондықтан да дипломдық жұмыстың басты мақсаты «Республикалық білім беру саласын ақпараттандыру республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының» мәліметтері негізінде ондағы кредиторлық борыштары бойынша есеп айырысу есебінің дұрыс жүргізілуін және ұйымдастырылуын сондай-ақ аудиторлық тексеру жүргізуді теориялық тұрғыдан зерттеу болып табылады.
Еңбек қатынастары келесі ұйымдық-құқықтық негіздерге сүйеніп: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының ”Қазақстан Республикасы еңбек туралы” Заңына сәйкес жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ ұйымдар «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы» ҚР 1995 жылғы 19 маусымдағы №2335 Заңына және “Акционерлік қоғамдар мен еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен ұйымдастыру шаралары туралы» ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысы (өзгерістер мен толықтырулармен) негізіне сәйкес және ұйым өз жарғысын басшылыққа алады.
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” заңының талаптарына сәйкес ұйымның басшылары өз қажеттеріне сай келетін есепке алу жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді үйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыс кредиторлық борыштары бойынша есеп айырысу мен оның аудитін теориялық жағынан және тәжірибелік мәліметтер негізінде оның толық сұрақтарын қарастырады.
Дипломдық жұмыс / 80 бет
Тағы рефераттар
- Есіл өзені
- Кариб дағдарысы: теңіздік блокада
- Герундийді аудару тәсілдері мен эквивалентті таңдау
- Ганг өзені
- Жаңабатыр әңгімесі