Құрылыс туралы қазақша реферат

Құрылыс облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикаторы болып табылады. 2005-2006 жылдары күрделі құрылысқа 171573,8 млн. теңге инвестиция жіберілген. Барлық меншік түріндегі  кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылыс-монтаж жұмыстары 75885,7 млн. теңгеге орындалған. Облыста 593 құрылыс ұйымдары мердігерлік жұмыстарды іске асырады.

Көптеген мердігерлік жұмыстар көлемі жеке меншік түріндегі құрылыс ұйымдарының өз күштерімен орындалған (94,0 пайыз).

Егер де 2005 жылы жалпы көлемі 370,3 мың шаршы метр 963 ғимарат салынса, оның ішінде 556 ғимарат тұрғын үй бағытындағы  жалпы көлемі 240,8 мың шаршы метр, ал 2006 жылы жалпы көлемі 501,3 мың шаршы метр 1419 ғимарат салынды, оның ішінде жалпы көлемі 314,3 мың шаршы метр тұрғын үй бағытындағы 857 ғимарат.

Тек 2006 жылы республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен  пайдалануға 4300 оқушы орнына арналған  6 жалпы білім беретін мектеп, 500 орынды 4  мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу ұйымы, денсаулық сақтау объектілерінен 233 кереует орнымен 3 аурухана, ауысыммен 98 адам баруға арналған 7 амбулаторлық-емханалық мекеме, 11,3 км су тартқыштар мен су құбыры жүйелері, жергілікті маңыздағы үш қазандық сағатына 7,62 Га, 72 орындық 1 әлеуметтік қамтамасыз ету объектісі, бір мәдениет объектісі, екі дене тәрбиесі мен спорт объектісі және қоршаған ортаны қорғаудың екі объектісі  енгізілген. 2006 жылы республикалық бюджет есебінен Қарағанды қаласында 700 орынға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры ерекше объекті құрылысы басталды, оны салу 2007 жылы жалғасатын болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауын, «Қазақстан — 2030» Стратегиясын  орындау үшін,  Қазақстан жаңа даму кезеңінде.  Біздің ішкі және сыртқы саясатымызға бағытталған 30 маңызды бағыттар «мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана  құрылысын»   іске  асыру жобасы, 2007 жылы   облыста Абай қаласында 464 орынға арналған орта мектеп құрылысын аяқтау және Балқаш қаласында 1176 орынға арналған орта мектептің құрылысын бастау, Қарқаралы қаласында 360 орынға арналған кәсіптік мектеп құрылысын бастау жоспарлануда.  Сонымен қатар, жобаға жеті денсаулық сақтау объектісі кірген,  оның ішінде екі объектісінің 2007 жылы құрылысы басталатын болады: Теміртау қаласындағы 500 адам баруға арналған диагностика орталығымен қалалық емхана және Бұқар жырау ауданындағы Ботақара кентіндегі   100 кереуетке арналған  орталық аудандық аурухана.


Тағы рефераттар