Криминалистік фотографияның даму тарихы жалпы фотография тарихына негізделеді.
Қылмыспен күресу мақсатында фотосурет XIX ғасырдың ортасынан бастап қолданыла бастады. Басында негізінен қылмыскерлерді есепке алу үшін қолданылса, соңынан қылмыскерлерді жедел іздестіру, оқиға болған жерді қарау, табылған белгісіз өліктерді есепке қою және жедел-іздестіру жұмыстарын іске асыру мақсатында қолданыла бастады.
XIX ғасырдың 70 жылдарында аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін арнайы құралдар шығаруға талпыныстар жасала бастайды. Бұл сұраққа бірінші болып үлкен көңіл аударған француз криминалисі Альфонос Бертильон болды. Ол ірі пішімді фотокамераның бірнеше түрін ойлапи шығарды және жалпы фотографияның техникалық тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып, қылмыскерді 1/7 кескіні көрсететін суретке түсіруді ұсынды
XIX ғасырдың соңында Ресейде сот фотографиясын қолданумен байланысты құжаттар сараптамасы жүргізіледі. Орыстың белгілі криминалисі Е.Ф. Буринский зерттеу фотографиясына үлкен үлес қосады. Сол үшін оған 1889 жылы Ломоносов атындағы ғылыми сыйлық берілді.
Фотографияны тергеу және сараптау тәжірибесінде қолдану сұрақтарының жүйесін атақты совет криминалисі С.М. Потапов 1926 жылыв «Сот фотографиясы» кітабында жазды.
Бұл салада өзге де ғалымдар ғылыми жұмыс жүргізген және жүргізуде. Қазіргі уақытта сот фотографиясы бойынша жазылған көптеген әдебиеттер бар. Бұл аймақта сот фотографиясы А.А. Эйсман, Н.А. Селиванов және басқалардың еңбектерінде жақсы айтылады. Осы көрсетілген және де басқа ғалымдардың еңбектерінің негізінде криминалистиканың жаңа саласы-криминалистік фотография қалыптасты.
Криминалистік фотография дегеніміз— тергеу іс-әрекеттерінде, жедел-іздестіру және сот сараптамасында пайдаланылатын, фотосуретке түсірудің ғылыми негізде анықталып айқындалған әдістер мен тәсілдер жүйесі.
Криминалистік фотография қылмысты ашу және тергеу үшін қажетті мәліметтерді беруде құжаттылығымен, көрнектілігімен, жоғары дәлелділігімен, шынайылығымен және жағдайды тез бекітуімен ерекшеленеді.
Криминалистік фотография жалпы фотографияға негізделгенімен, оның өзіндік бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:
а) түсіретін нысанның өзіндік міндеттемесі, яғни тергелетін қылмыстың оқиғаларымен байланыстылығы (заттай айғақтар, орын, мәйіттер, т.б.);
ә) криминалистік фотографияны қолданатын арнайы субъектілердің болуы (тергеуші, анықтаушы, жедел қызметкер, учаскелік инспектор, маман-криминалист, сарапшы);
б) фотосуретке түсіру мақсаты қылмыстық істерді тергеу және ашу үшін маңызы бар фактілерді табу, бекіту, жинау және пайдалану;
в) арнайы құралдарды, құжаттарды қолдануы. Мәселен, кезекші камерасы, С-64 құралы, микрофотонасадка МРКА және т.б.
г) суретке түсірудің арнайы тәсілдерін қолдануы ерекшеліктері (мысалы: қан іздері, аяқ іздері);
д) суреттерді қолдан қосымша өзгертуге болмайтындығы (мәселен, ретушь-бұл фотобейненің механикалық түзетудің тәсілі; қателерді қарындаштармен, бояулармен, қырғыш скальпельдермен дұрыстау. Ретушь суретке бейнеленген детальдардың мінездемесін, суретке түсірудің объектілерінің ерекшелігін өзгертеді, ал сот және тергеу үшін объектілер туралы айқын көріністі бейнелейді);
е) заңға және нормативтік актілерге негізделген ерекше тәртіппен толтырылған фотосуреттер мен фотокестелер.
Криминалистік фотография қолданылатын тәсілдер мен әдістер өздерінің қолдану міндеттеріне байланысты жедел-іздестіру, сот-тергеуі және сот зерттеуі фотографиясы болып үш топқа бөлінеді.
Жедел-іздестіру фотография мына жағдайларда қолданылады:
а) оқиға болған жерді қарағанда, заттай айғақ немесе құжаттарды қарау барысында;
ә) тірі тұлғаларды куәландыру жағдайында;
б) тінту мен алуды жүргізу барысында;
в) зерттеу эксперименті барысында;
г) тану үшін көрсету жағдайында;
д) айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында.
Фотоға түсіру түрі дегеніміз іске айғақты мәні бар объектілер мен фактілердің шынайы көрінісі қалуын орындауды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер және ережелердің жиынтығы.
Соттық-жедел фотографиялар объектісіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: оқиға болған жер, тінту жүргізгенде, зерттеу эксперименті барысында, тірі тұлғалар, өліктер, іздер, заттай айғақтар мен құжаттар.
Жедел-сотық фотография әдісіне жататындар:
а) панорамалық;
ә) стереоскопты;
б) өлшейтін;
в) ірі масштабты;
г) репродуктивті;
д) тануға байланысты суреттер суреттер көрсетілген әдістердің кейбіреулері тек кейбір объектілерге қатысты қолданылады. Сөйтіп репродуктивті фотография құжаттарды түсіру үшін, тануға байланысты-тірі тұлғаларды және өліктерді түсіру үшін қолданылады. Басқа әдістер түрлі суретке түсіру түрлеріне қолданылады. Панорамалық фотоға түсіру оқиға болған жерді және зерттеу экспериментін, ұзындығы біршама үлкен іздерді суретке түсіру кезінде және т.б. жағдайларда қолданылады.
Айтылған әдістерден басқа фотоға түсірудің жеке тәсілдері болады, олар түрлі суретке түсіру кезінде қолданылуы мүмкін.
Жеке тәсілдерге:
а) бағдарлап түсіру;
ә) шолып түсіру;
б) түсіру;
в) тетіктік фотобейнелер жатады.
Тағы рефераттар
- Бағалы қағаздарды банк аясында инвестициялау
- Ғарыштық қызметтің ішкі аймақтық нарықтары мен қатысушылары
- Ұлықбек (толық есімі Мұхаммед Тарағай бин Шахрух) (1394-1449)
- Зейнетақы жүйесін жаңғырту тетіктері мен басымдықтары
- Свабирование