Заттай дәлелдемелерді фотоға түсіру. Алғашқыда заттай дәлелде табылған жерінде фотоға түсіріледі. Тораптық сурет заттай айғақты ғана емес, оны қоршаған заттарды да қамтиды. Содан соң заттай айғақты бөлшектеп түсіру әдісімен фотоға түсіреді.
Бұл жерде түсірілетін заттардың жарықтануына ерекше көңіл бөлінеді, өйткені заттардың формалары мен сыртқы белгілерінің дұрыс қабылдануы жарықтың түсуіне байланысты болады. Объектінің фотобейнесін анық көрсету үшін бірнеше жарық көзі қолданылады. Заттың анық бейнесін алу үшін оны ашық фонда түсіреді. Бұл үшін объектіні ақ қағазға қоюға болады. Бірақ оған жарық түсіргенде міндетті түрде көлеңке пайда болады. Көлеңкені болдырмау үшін кадр көрінбеуі тиіс кітаптың, кірпіштің үстіне қойылған шыны әйнекті қолданады.
Хромдалған және никельденген заттарды түсіру біршама қиындық тудырады. Шағылысуды болдырмау үшін жарықтың түсу бағытын өзгертеді, яғни оны объектіге емес, ақ экранға бағыттайды. Заттық дәлелдемелерді түсіру кезінде олардың үстіндегі іздерді, жеке белгілерді көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін объектіні түрлі жақтардан және бөлшектеп фотоға түсіруге болады. Ұсақ объектілерді ірі масштабты фотоға түсіру әдісімен жасайды.
Іздердің суреті
а) қол ізін суретке түсіргенде, алдымен іздердің оқшауланып орналасуын көрсетуи үшін із табылған заттың жалпы түрін суретке түсіреді. Содан соң іздердің өздерін түсіреді. Қолдың бірлі-жарым іздері ірі масштабты сурет әдісімен түсіндіріледі.
Қол іздерін ойдағыдай түсіру үшін жарықтың маңызы зор. Негізінде кез келген жарық қолданылуы мүмкін, бірақ бір нүктеге жарық беретін құралды қолдану тиімдірек болады. Егер із әйнектей затта орналасса, жарықты қарсы жақтан бағыттайды.
Шаңда қалған қолдың бедерлі іздерін қырынан жарықталу арқылы түсіреді.
Тегіс емес жазықта қалған іздерді түсіру үшін жарықты тіке бағыттайды. Кейде «перде», яғни көлемі ізден үлкен тесігі бар қара қағаз қолданылады.Егер әйнектей жазықта қалған із, ақ ұнтақпен себілсе, объектінің астына қара қағаз қойылады.
ә) аяқ (аяқ киім) және көлік іздерін суретке түсіру. Іздердің жиынтығын да, жеке іздерді де суретке түсіреді. Қатар бірнеше іздерді түсіргенде сызықты панорама әдісін қолданады. Фотоаппараттың оптикалық осін жазықтыққа перпендикулярлы орналастырып, іздің үстінен түсіреді. Сызықты панорама әдісімен созылған көлік іздерін түсіреді.
Аяқтың жеке іздерінің формасы мен көлемін, сондай-ақ іздің белгілері мен ерекшеліктерін бекіту үшін суретке түсіреді. Көліктердің ізін түсіргенде анық протектор суреті бар учаскелеріне көңіл аударады. Іздерді кіші пішімді аппаратпен түсіргенде ұзартқыш сақина қолданылады. Фотоаппаратты кадрдың ізі барлық бөлігін алатындай етіп орналастырады.
Жарықты объектіге-тура және жанынан бағыттайды. Тура жарық іздің формасын түсіруге, ал жанынан -оның негізгі белгілерін бекітуге мүмкіндік береді.
Суретке түсіру масштабы әдіс арқылы жүзеге асады. Масштабы сызғыштың миллиметрлік бөліктері болуы тиіс. Сызғышты іздің түбіндегі жазықпен бірдей қылып орналастырған жөн. Ол үшін кейбір жағдайда іздің қасынан тиісті тереңдікте ор қазып, түбіне сызғышты қояды;
б) бұзу құралдары мен құрал-сайман іздерін суретке түсіру.
Алдымен мұндай іздерді, олардың орнын анықтау үшін тораптық фотосурет ережелері бойынша түсіреді. Іздердің өзін масштабты түсіру әдісімен түсіреді және максималды масштабта түсіруге тырысады.
Іздің формасына және із қалдырған құралдың ерекшеліктері мен нысандары туралы болжауға мүмкіндік беретін, оның ерекше белгілеріне аса көңіл бөлінеді. Бұл белгілерді анық түсіру үшін аралас жарық түсіру тәсілін, яғни тура және жанынан түсірген жарық қолданылады.
Боялған бет-бедер іздерді түсірген кезде жарық фильтрі қолданылады.
Мәйітті фотоға түсіру
Оқиға болған жерде мәйітті түсіргенде бірінші суретті көріністі суретке түсіру ережесі бойынша түсіреді. Бұл мәйіттің оны қоршаған объектілерге қатысты орналасуын анықтауға мүмкіндік береді. Содан соң мәйітті тораптық суретке түсіреді. Үшінші суретте мәйіттің үстінен түсіреді. Егер мәйітті аяқ жағынан түсірсе, бейне бұрмалануы мүмкін. Мәйітті аяқ немесе бас жағынан түсіру кей жағдайларда ғана қолданылады. Мәйітті жіңішке пленкалы фотоаппаратпен түсіргенде фотографиялық кішірейту коэффициенті 60 градусқа тең болады Мұндай суретте киімнің бұзылғанына, қанның іздері анық көрінбейді. Сондықтан мәйітті суретке түсіргенде сызықтық панорама тәсілі қолданады: бірінші мәйіттің өліктің жоғарғы бөлігін суретке түсіреді. Мәйіттің табылған күйін бекіткен соң, оны орнынан қозғауға болады. Суретке түсіру кезінде денедегі зақымдарға ерекше көңіл бөлінеді. Олардың бөлшектік түсіру әдісі арқылы түсіріледі.
Тағы рефераттар
- Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасу моделі
- Рынок
- Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны
- Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913)
- Қылмысқа жанасушылық