Менеджмент жүйесін құқықтық  қамсыздандыру мемлекетте және аймақтық деңгейде қабылданған заңнамалық және нормативтік актілерге, жүйенің жұмыс істеуі мен дамуы бойынша негізделеді. Бұл актілерге: Қазақстан Республикасының заңдары, Үкімет және басқа да басқару органдарының шешімдері, мемлекеттік стандарттар жатады. Менеджментті құқықтық қамсыздандыру келесі бағыттарда жүргізіледі:

— ел экономикасы жұмыс істеуінің құқықтық сұрақтары;

— стандарттау, метрология, тауарлар мен қызметтерді сертификаттау, тұтынушылар құқығын қорғау, монополияға қарсы саясат, өнім сапасын басқару, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жүйелері бойынша заңдар және нормативті актілер;

— қауіпсіздік және тауарлардың өзара алмасуы, ресурстарды жинақтау, өндірістің дамуы, ұжымның әлеуметтік дамуы, қоршаған ортаны қорғауды реттеу бойынша заңдар және нормативті актілер;

— ұйымның құрылуы мен жұмыс істеуін құқықтық реттеу;

Инновациялық қызмет пен кәсіпкерлікті құқықтық қамсыздандыру жүйесінде негізгі орынды 1995 ж. қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы алады. Қазақстанның АК-мен кәсіпкерлік қызметтің негізін салушы жағдайлар іске асырылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен 17.05.2003 ж. «2003-2015 ж.ж арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясы» бекітілген. Онда: мемлекеттік инновациялық саясаттың негізгі бағыттары анықталған. Бұл стратегияны жүзеге асыру үшін инновациялық жобаларды зерттеумен, жасаумен, қаржыландырумен айналысатын арнайы институттар құрылған.

Инновациялық кәсіпкерліктің дамуына үлкен үлесін қосқан, 2006 ж. наурызында қабылданған «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңның жүзеге асырылуы алады. Осы заңмен ғылыми-техникалық субъектілер мен ғылыми-техникалық өнімді тұтынушылар арасындағы қатынастар реттеледі; негізгі мақсаты ғылыми-техникалық потенциалдың дамуы, тиімді пайдаланылуы, Қазақстан экономикасы дамуында ғылым мен техниканың қосқан үлесінің  өсуі  болып табылатын мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың құрылу реті мен оның іске асырылуы реттеледі.

Сонымен қатар, заңда осы саясатты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет органдарының міндеттері көрсетілген. Заңға сәйкес  мемлекеттің инновациялық саясатының негізгі принципі мен экономиканың инновациялық даму жолындағы стратегиялық бейімділігі, маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қолдау, инновациялық инфрақұрылымның дамуы мен кадрларды дайындауда мемлекеттің қатысуы анықталады.

Инновациялық қызмет тиімділігін көтеруге маңызды орынды сапаны сертификаттау және қамсыздандыру облысындағы заңнама алады. («Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заң», «Стандарттау туралы» заң, «Өнім мен қызмет сертификациясы туралы» заң).

Стандарттау норма, ережелерді бекітетін қызмет ретінде келесілерді қамсыздандырғанда жүзеге асады:

— қоршаған орта, өмір, денсаулық және мүлік үшін өнім, жұмыс, көрсетілетін қызмет қауіпсіздігі;

— өнімнің техникалық және ақпараттық сәйкестігі мен өзара алмасуы;

— ғылым, техника және технологияның даму деңгейіне сәйкес өнім, жұмыс көрсетілетін қызмет сапасы;

— өлшем бірліктер;

— барлық ресурстарды үнемдеу;

— табиғи және техногенді апаттар мен төтенше жағдайлардың пайда болуын есепке ала отырып, шаруашылық объектісінің қауіпсіздігін сақтау;

— мемлекеттердің қорғанысы мен мобильді дайындығы.

Сертификаттау өнімнің, қызметтің сәйкестігін дәлелдейтін қызмет ретінде келесі жағдайларда іске асырылады:

— Қазақстанның бірегей тауар нарығында әр түрлі меншік формалардағы шаруашылық етуші субъектілердің қызметіне жағдайлар жасау:

— өнімді таңдағандағы тұтынушылардың бірігуі;

— арсыз өндірушіден тұтынушыны қорғау;

— қоршаған орта, өмір, денсаулық және мүлік үшін өнім, жұмыс, қызмет қауіпсіздігін бақылау;

— сапа және өнім көрсеткіштерін дәлелдейді.

Инновациялық қызметті құқықтық қымсыздандыру бағыттарының бірі мемлекет заңнамасымен қорғалатын қызмет нәтижелерінің авторлық және де басқа да құқықтар жиынтығы, яғни интеллектуалды меншікті қорғау.

Интеллектуалды меншіктің материалды-заттай негізін интеллектуалды өнім құрайды. Ол жасаушының творчестволық ынтасының нәтижесі ретінде түрлі формада болады:

— ғылыми ашылымдар және жаңалықтар;

— ғылыми-зерттеулік, конструкторлық, технологиялық және жобалық жұмыстардың нәтижесі;

— жаңа өнім, техника, материалдың үлгілері және ерекше ғылыми-өндірістік қызметтер;

— ғылыми, техникалық, экономикалық, басқаруышылық, маркетингтік сипаттағы ерекше кеңес беру қызметтері;

— жаңа технологиялар, патенттер.

Интеллектуалды меншік объектілерінің әр түрлілігіне және оларды қорғау талаптарын ескере отырып, құқықтық реттеу бірқатар функционалды салаларға бөлінеді: авторлық құқық, өнеркәсіптік меншік, ғылыми меншік.

Авторлық құқық нақты интеллектуалды өнімді жасау және қолданумен байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Авторлық құқық ерекше ғылыми, әдебиет, көркем өнер және т.б. шығармалар авторына өз шығармаларын кез-келген әдістермен таратуға және сатуға арнайы құқық береді.

Авторлық құқық авторға өмір бойы беріледі және қайтыс болған жағдайда кемінде 50 жыл күшін жоғалтпайды. Авторлық құқық барлық шығармашылық нәтижелерге тарайды, интеллектуалды өнімнің арналымы мен артықшылығына тәуелді емес. Олар: техникалық суреттеулер, кітаптар мен брошюралар, эксплуатация бойынша ұсыныстар, бағдарламалық өнім, фирмалық білдірулер, т.б. жатады.

Авторлық құқыққа сәйкес түрлі формадағы интеллектуалды меншік (патенттік құқық, ноу-хау, бағдарламалық өнім және т.б.) сату-сатып алудың заты және ұйымның жарғылық капиталына салым немесе оның бір бөлігі болып табылады.

Инновациялық менеджмент жүйесін жасаудың барлық теориялық, методикалық және тәжірибелік сұрақтар, оның қызмет етуі мен дамуы мемлекетаралық (халықаралық), мемлекеттік, аймақтық және ұйымдық деңгейдегі нормативті-методикалық құжаттарда көрсетілуі тиіс. Төмен деңгейде тұрған құжаттар жоғары тұрған құжаттарға қарсы болмауы керек.

Нормативті-методикалық құжаттар мынадай түрде болуы мүмкін:

— нормативті актілер

— стандарттар

— әдістемелер, нұсқаулар.

Стандарттар келесі түрде болады: халықаралық, еуропалық стандарт, ТМД елдерінің мемлекеттік стандарттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары, аймақтық, салалық, ұйымдық стандарттар.
Тағы рефераттар