Күрделі қаржылар туралы қазақша реферат
Қазақстанның, сонымен қатар, шетелдің жеке және заңды тұлғалар инвестиция қызметінің өкілдері бола алады. Мысалға, ондай инвестицияларға несие желісінің ашылуы, қарыздар, гранттар мен техникалық көмек берулер жатады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша жасалынатын қорытынды – елімізде бар инвестиция көлемінің жетіспеушілігі анық. Бұл, республикаға шетел инвестицияларын тарту үшін қолайсыз режиммен байланысты деген ой тудырады. Мемлекеттік банк қражаттары шектеулі, бұл жағдай Қазақстандағы екінші деңгейдгі акционерлік, жеке, біріккен және коммерциялық банктер үшін де сипатты. Екінші деңгейдегі банктер макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайында (инфляция, жұмыссыздық, өндірістің құлдырауы) тез арада табыс табу үшін қысқа мерзімді несиелер беруге бағдарланады. Коммерциялық банктер қаржы нарықтарындағы тұрақсыз жағдай мен инвестициялау тәуекелдіктерінің жоғарылау кезінде нақты секторды ұзақ мерзімді несиелеуге аз көңіл бөледі. Сонымен қатар, коммерциялық банктер көбінесе залалда қалады. Сонда, мемлекеттік те, коммерциялық банктер де ұлттық экономикаға әлеуетті инвестор бола алады.
Инвест жобадағы күтіліп отырған пайданы есептеу үшін пайдаланатын негізгі әдәсі, уақытты ескеретін ақша құны болып табылады.
Қолма-қол ақша ағымы әртүрлі уақыт кезеңінде келетін, күрделі қаржы салымы және қаржыландырумен байланысты кез келген шешім, уақыт факторын ескеретін ақша құнының концепциясын түсінуді талап етеді.
Қарыз немесе несиеге ақша ұсынылған кезде, төлем сомасы жай немесе күрделі процент пайдалану арқылы есептелінеді.
Процент мөлшерлемесі – бұл қарыз алушының, несие берушіге уақыт кезеңіндегі төлейтін қарыздың негізгі сомасынан проценті.
Жай процент – бұл тек қана негізгі қарыз сомасында төленетін процент.
Өнім көлеміне байланысты шығындар екі топқа бөлінеді: тұрақты және өзгермелі.
Тұрақты өндірістік шығындар — өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланыссыз тұрақты болып қалатын шығындар.
Өзгермелі өндірістік шығындар — өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отыратын шығындар.
2500*0,55=1375 млн.дол – қарыздалған құралдар;
2500*0,45=1125 млн.дол – меншік құралдар;
Ұзақ мерзімге арналған инвест жобаның қарыздалған ақшаның инвесторға төленетін болашақтағы құнын анықтау.
FVn(9) = 1375*(1+0,08)^9=2748,631 млн.дол
FVn=(2748,631-1375)/9=152,6257 млн.дол
Тағы рефераттар
- Алюминий
- Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіби бағдар беру сабақтарын өткізуді жетілдіру жолдары
- БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЕСЕП РЕГИСТРЛЕРІ курстық жұмыс
- Ұжым және тұлға арасындағы байланыс
- Ойлау бастамасын негіздеу мәселесі