Күштік транзисторлар туралы қазақша реферат
Күштік транзистордың негізгі класстары
Транзистор деп екі не одан да көп p-n өткелі бар және күшейткіш те, кілттік те режимдерде жұмыс жасай алатын жартылай өткізгіш деп аталады.
Күштік электронды құрылғыларда транзистолар толығымен басқарылатын кілттер ретінде қолданылады. Транзистор басқару сигналына байланысты жабық [өткізгіштігі аз] және ашық [өткізгіштігі көп] күйде болады.
Жабық күйде транзистор сыртқы тізбектермен анықталатын тура кернеуді ұстап тұра алады, сонымен қатар транзистор тогы үлкен мәнге ие емес.
Ашық күйде транзистор сыртқы тізбектермен анықталатын тура токты өткізеді, сонымен қатар транзистордың күштік шығыстарында кернеу аз болады. Транзисторларда токты кері бағытта жүргізу мүмкіншіліктері жоқ және олар кері кернеуге шыдай алмайды.
Жұмыс істеу принципі бойынша күштік транзисторлардың келесі негізгі класстарға бөлуге болады:
Биполярлы транзисторлар,
Өрістік транзисторлар, олардың ішінде металл оксид жартылай өткізгіш түрі кең қолданыста (МОЖө). (MOSFET – Metal Oxide Semiconductor Field Effect Transistor).
p-n өткел басқаратын өрістік транзистор немесе статикалық индукциялы транзисторлар(СИТ). (SIT – Static Induction Transistor).
Бөлектелген бекітпелі биполярлы транзисторлар(БББТ). (IGBT – Insulated Gate Bipolar Transistor).
Тағы рефераттар
- Қазақ эпосы
- ҚР тұрғын үй нарығына жалпы сипаттама
- “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі
- Қазақстан Республикасындағы еңбек ресурстарының даму беталысы
- Қонақ үй қызметі саласындағы басты түсініктер мен анықтамалар