Криминалистік құжаттар жазу табиғаты, құжаттарды жасау тәсілдері және жазбалар ерекшеліктері бойынша, нақты тұлғаның жалған құжаттар жасауын және оны анықтау тәсілдерін зерттейтін, қылмыстарды тергеу және ашу мақсатында құжаттардағы ақпараттарды пайдаланудың ғылыми негіздерін құратын саласы болып табылады. Криминалистік құжаттану жаратылыс, техникалық ғылымдар жетістіктеріне, тергеу және сот тәжірибелері қорытындыларына негізделеді. Криминалистік құжаттану атқаратын міндеттерді үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топ-құжатты жасайтын автордың белгілері мен қасиеттерін: жынысын, жасын, психикалық және физикалық жай-күйін, кәсіптік және басқа да дағдыларын анықтау.
Екінші топ- құжат материалдарының (қағаз, бояғыш зат, сургуч, желім және т.б.) табиғатын, сапалық құрамын, қай топқа жататындығын, кейде материалдардың жасалу орнын және уақытын анықтау, құжатты, жалған құжатты немесе оның жеке реквизиттерін (қолдар, таңбалар, мөрлер, мөртаңбалар) дайындау құралдарын, шарттары мен тәсілдерін анықтау, өртенген құжаттардың мәтіндерін көрінбейтін және шамалы көрінетін мәтіндерді айқындау және т.б.
Үшінші топ— сәйкестендіру міндеттерін орындау: құжатты жасаушыны жазу тілі мен қол жазуы бойынша; жазу техникасын-басылған мәтін бойынша; көбейткіш техникасын-онда дайындалған мәтіннің таңбалары бойынша және т.б. ұқсастыру.
Бұл міндеттер құжаттарды зерттеудің екі түрін-жазуды криминалистік зерттеу және құжаттарды техникалық-криминалистік зерттеуден өткізу барысында нақтыланды және орындалады. Құжаттардың көптігіне (саласы, табиғаты, тегі бойынша), оларды жасау, көшіру, жалған жасау тәсілдерінің әр түрлілігіне қарамастан, жасандылар, ол үшін пайдаланылған материалдар мен құралдарға, сондай-ақ құжаттарды зерттеу әдістеріне және осы әдістер көмегімен орындалатын міндеттерге қарамастан құжаттар криминалиистік маңызы бар ақпараттар көзі ретінде, ал белгілі бір заңдылық шеңберіндегі бейнелеу және кейін қылмыстарды тергеу барысында осындай ақпараттарды зерделеудің объектісі болып қала береді.
Криминалистикада құжаттармен жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстардың мән-жайы туралы ақпаратты қамтитын әр түрлі материалдық обектілер жатады. Бұл ақпараттың нақты мағыналық мазмұны болады және ол басылған немесе қолмен жазылған әріптермен, сандармен, белгілермен, кодтармен бейнеленуі мүмкін.
Ақпараттарды бекіту тәсілдеріне байланысты жазу актілерін, сызба бейнелерін фото-кино-бейнематериалдарын, кодталған ақпаратты тасушы объектілерін (ЭВМ магнитті таспалары, магнитофон таспалары, компьютердің магнитті дискілері, перфотаспалар, перфокарталар және т.б.) ажыратады.
Тағы рефераттар
- Сары батыр
- Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы есептеу мен төлеу тәртiбi
- Есірткінің адам организіміне әсер ету механизмі
- Қараудың түрлері мен мақсаты
- Ойлаудың негізгі формалары