Алаш автономиясы туралы  жазылғанмен, оның мемлекеттік белгілері мен нышандары туралы жүйелі жазылған еңбектер жоқ.

1917 ж. желтоқсандағы II жалпықазақ съезі ұлттық мемлекетітік құруға байланысты негізгі мәселелерді қозғағаны мәлім. Съездің күн тәртібіне қойылған он мәселенің арасынада мынадай аса маңызды мәселелер де бар еді: 1. Қазақ автономиясы; 2. Милиция; 3. Ұлт кеңесі; 4. Ұлт қазынасы;

5. Халық соты: 6. Ауылдық басқару. Съезд бұл мәселелер бойынша Әлихан Бекейхановтың Х.Ғаббасов, М.Шоқаев, Ж.Досмұхамедовтің баяндамалары мен жарыссөзде сөйлеген  сөздерін тыңдады.

Съезд қазақ автономиясы мен милиция –туралы Халел Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап осы мәселе бойынша саяси мәні терең қаулы қабылдады25. [№5,153б.]. Ол қаулы «Сарыарқа» газетінде 1918 ж. 25 қаңтар, N29 санында жарияланды.

Қазан-қараша айларындағы Ресейдегі саяси өзгерістер Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының қайраткерлеріне жаңа міндет жүктеді. Алаштың мемлекеттік құрылымы — Ресей құрамындағы Алаш автономиясы мен үкіметі деген пікір Алаш партиясының бағдарламалық жобасында нақты көрініс тапқан еді. II жалпықазақ съезінде Ұлт Кеңесін құру мәселесі басқа да өзекті мәселелермен қатар қойылған. Бұл іс жүзінде Қазақстандағы саяси билікті қолға алатын дербес мемлекеттік құрылым кұру деген сөз. Сонымен, іргелес аймақтарда қалыптаскан саяси жағдайлар, Алаштың қайраткерлеріне саяси өмірдің күрделі қойнауынан қазақ қоғамын сүріндірмей алып шығу міндетін жүктеген еді.

Жалпы автономия жариялауда 2-ші жалпықазақ съездерінің өкілдері екіге бөлінген. Бір бөлігі (33 адам) ресми түрде қазақ автономиясын дереу, сьезд үстінде жариялау керек деп тас салып дауыс берсе, екінші бөлігі (42 адам) қазақ  автономиясын жариялауда Алашорда үкіметі шешсін деп тас салып дауыс берген. Дауыс беру қорытындысына қарамай бірінші бөлік топ өкілдері келіп отырған облыстардың (Орал, Сырдария, Бөкей ордасы Түркістан автономиясына кіретіндігін мәлімдейді. Осындай қазақ халқы үшін шешуші жағдайда съезд екі топқа да тиімді ымыралы қаулы қабылдайды:   «1. Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Қазаққа қосып алады, қосып ала алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді. 2. Бір айда Түркістан қазағын Алашқа қосып ала алмаса, өз алдына автономия иғлан, етуге, ерікгі. 3. Егер бір айдан кейін Алаш баласы қосылмаса һәм қалған Алашқа автономия иғлан етілмесе, һәм кім өз күнін өзі көреді. 4. Егер Түркістан қазағы бір айдай бізге қосылса автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін»‘. Осы қаулы заң бойынша бір айдан кейін күшіне енуі қажет деп табылды.

Алашорда Алаш автономиясының Ұлт Кеңесі. Оның қүрамына 15 адам сайланды. Үкіметтің 15 мүшелеріне орынбасар болып қазақ өлкесінің әртүрлі өңірінен тағы да 15 кандидатура бекітілді. Алашорданың төрағасы баламалы түрде сайланды. Оған үш кандидатура ұсынылды: Әлихан Бөкейханов, Бақыткерей Құлманов, Айдархан Тұрлыбаев жасырын дауыс беру нәтежесіңдс Ә.Бекейханов 40 дауысқа, А.Тұрлыбаев 20 дауысқа, Б.Құлманов 19 дауысқа ие болды. Әлихан Бөкейханов көп дауыс алып Алаш автономиясының үкіметі Алашорданьң төрағасы болып сайланды.

Тарихқа Алаш автономиясы мен оның Уақытша Ұлттық Кеңесі «Алашорданың дүниеге келгені мәлім болды. Бүкіл қазақ қауымының басын ұлттық-территориялық автономия аясында біріктіру мақсатында автономияның өзін жариялау 1918 жылдың қаңтар айының 20-нан кейін іске асырылды. Алашорда өзінің уақытша орталығы Семей қаласына қаңтар айының соңына қарай кетіп орналасқанға дейін бұл өңірдің қоғамдық-саяси жағдайға қатысты өз көқарастарын анықтап жатты. Қалалық Думаның  5-қаңтардағы (1918 ж.) мәжілісінде Гласный Кузин Дума мүшелерінің назарына қазақ комитетінің өтінішіне аудартады. Онда Қазак Комиттетінің Қазақстанда ұлттық-территориялық автономияның толықтай жүзеге асуы мүмкін деген саяси көзқарасы келтірген болатын. Бұл факті қалалық Дума мүшелеріне саяси күштің дүниеге келгенін анық байқатты. Бұдан Семей облысында қалыптасқан саяси хал-ахуаллың аса шиеленіскенін көреміз. Саяси қарама-қарсылықта Алашорда, облыстық комиссариат, облыстық шаруалар Кеңесі, Қазақ Комитеті бір жақта болса екінші жақта облыстық жұмысшы және солдаттар депутаттары Кеңесінің большевиктік ағымы болды.

II Жалпықазақ съезі қаулысына сәйкес ұлттық-территориялық Қазақ автономиясы 1918 ж. 28 қаңтарда «Сарыарқа» газеті арқылы ресми түрде жарияланды. Ал, нақты қазақ автономиясы және оның Уақытша Ұлтгық Кеңесі «Алашорданың» іс жүзіндегі көрінісі сол кезде бірден шешілмеді. Е.Сайлаубайдың30 «Семейдегі Алашорда үкіметінің құжаттары мен іс-қағаздары» атты мақаласы Алашорда үкіметі тарихының ғылыми зерттеу арнасын кеңейтуде әрі аталмыш үкіметтің қызметін жан-жақты көрсетуде Семей қаласындағы «Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы қазаіргі заман тарихының құжатнама орталығы» архив қорларында ҚР ШҚО Қазіргі заман құжатнама орталығы. Р-37-қор. 1-тізбе.126-іс. сақталған құжаттар біршама мүмкіндіктер береді26.[№4,45б] Алаш қозғалысы мен Алаш Орда үкіметіне қатысты құжаттар құжатнама орталығындағы Бүкілресейлік Уақытша үкіметтің Семей облыстық басқарушысы (48-қор), Бүкілресейлік Уақытша Үкіметтің Семей уездік басқарушысы (50-қор), Семей уездік земство басқармасы (Р-37-қор), Алаш қалалық қоғамдық басқармасы (Р-133-қор), т.б. қорлардағы істер кездеседі. Аталған мұрағаттық қорларда Алашорда қайраткерлері Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов, т.б. қайраткерлердің қолтаңбалары қойылған іс-қағаздары сақталған. Құжаттарды бірнеше мағыналық топқа бөледі: 1) Алаш әскери ұйымын құру және оны жабдықтау; 2) Алашорда үкіметінің жергілікті ісіндегі түрлі саяси күштермен саяси экономикалық қарым-қатынас: 3) Алашорда үкіметі және Қазақ облыстық соты; 4) Алашорда үкіметінің орталық және жергілікті Колчак үкіметімен арақатынастық байланысын көрсететін құжаттар;

Алашорданың кеңселік іс-қағаздарының қолданысы 1918 жылдың маусым айынан басталып, 1919 жылдың қазан айына дейінгі аралықты қамтиды. Алашорда үкіметінің кеңселік іс-қағаздарының бланктеріндегі әртүрлі қалыптағы штамптар баспаханалық әдіспен басылған. Алашорда үкіметінің мөрі 1918 жылдың маусым және қазан айларындағы кеңселік іс-қағаздары бланктерінде қойылған.

Большевиктер партиясы мсн Кеңес өкіметі ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселесін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса. Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік саясатын тандап алды. Сондықтан олар қазақ халқын ұлттық тұтастық пен бірлікке шақырды. Ә.Бөкейханов31 қазақ автономиясы құрыла сала, «Қазақ» газеті арқылы зиялы кауымға былай деп жар салды! … Ресей мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды. Бірліктен айырылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз. Көш бастаған ақсақал аға, зиялы іні, жергілікті жұрт, қызметін таза атқар. Жалпы жұртқа мұрындық бол!»27. [№27,271б]. Ал екінші жалпықазақ съезінің қазақтың автономиялы ұлттық-территориялық мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп, Ә.Бөкейханов кейінірек (1919 ж. 11 ақпанда) былай деп мәлімдеген: »Съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархиямен болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады. Сол кезде Ресейде орьн алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды». Әлихан Бөкейхановтың тікелей жарлықтарында Алаш әскери  жасақтауға қатты көңіл бөлінді. Алаш әскері жасаын 30 атты милицияны алуды және оның материалдық жабдықталуы сол болыстықтарға тікелей тиесілі екендігі көрсетілді.

Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің соғыс жағдайына бет алуына қарай Алашорда әскерін жасақтау ісі қазақ өлкесінің әр аймағында әр түрлі уақытта жүзеге асырылды.

«Свободная речь» газетінің 1918 ж. 162, 164, 165 сандарындағы хабарламалары Алашорда атты әскерін ұйымдастыру мен жабдықтауда Ә.Бөкейханов пен Х.Тоқтамьшевтың басшылық қызметін жақсы қырынан көрсеткен28.[28,5б]

Сонымен, 1918 ж. қаңтар-маусым айлар аралығында Семейдегі Алашорда әскерінің шағын жасағынаи Алаш атты әскер полкін құру деңгейіне жету қиын-қыстау заманға қарамастан іске асырылды. Алаш атты әскер полкінің Уақытша Сібір үкіметі қолдауымен жасақталуы Алашорда әскері тарихының ерекше кезеңін бастайды. Семейде Алаш атты әскерінің тез арада құрылуын, біріншіден, осы аймақта Ресейдегі азамат соғысыныа жаңа майданы ашылуымен байланыстырсақ, екіншіден, әскер құру арқылы Алашорда одақтастарын өзімен санасуға икемдеуге тырысты. Қолайлы саяси жағдай іздеген Алашорда үкіметі іске кіріседі. Алашорда үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейхановтың Семей уездік Земство басқармасының төрағасы А.Қозыбағаровқа жіберген қатынас құжатында (N2. 25 маусым. 1918 ж.). Алашорда әскеріне уездің әр болысынан 30 адамнан алу және оларды Семейге жедел жеткізу жөнінде қадап айтылған.

Алашорда әскерінің әскери-командалық құрылымының негізін орыс офицерлері құрғаны белгілі. Өйткені, ол кезде ұлттық әскери маман  кадрлар бірен-саран ғана еді. Орыс офицерлерінің үйретуімен қазақ |жігіттеріттері әскери өмір тәртібіне, кәсіби шеберлікке шыныға түсті. Ұлттық әскери мамандардың жетіспеуі себепті Алашорда әскерін мамандармен толықтыру орыс офицерлерін қызметке шақырумен жүргізілген. Алашорда әскері мен Уаытша Сібір үкіметі армиясының арақатынасы 1918 ж. 29-30 шілде жөне 2-3 тамыз кезінде өткен екі жақты кездесуде шешілді. Онда Алашорда үкімет өкілдері Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков, Х.Тоқтамышев және Уақытша Сібір үкіметі мүшелері бірлескен комиссия құрып, өзара саяси, әскери және экономикалық қарым-қатынастар ретінде қаралды. Бұл шешім 1918 ж. маусым айынан басталған Алашорда әскері мен Сібір, армиясының өзара тығыз байланыстарын заңдастырып берді.

1918 жылы маусым айында Орталық Алашорда комитеті атынан бірнеше қаулылар қабылданды. Қаулылар Алаш автономиясының негізінде енгізу, Алашорданың әскери және саяси кеңесін құрьп жетілдіру, Алашорданың облыстық және уездік комитет орнықтыруды бекемдеді. Бұл комитеттердің қызмет аясы демократиялық бостандықтар, жерге иелік ету, мемлекеттік салық, қазақ соты мен тергеу комиссиялары жөнінде болды. Яғни, мемлекетгік істер кең ауқымдағы жүйенің түзілу мәселесіне нұсқаулар

берді. Осы құжаттарға Ә.Бөкейханов Алашорда төрағасы ретінде, мүшелері ретінде М.Тынышпаев, Х.Ғаббасовтар қойған.

Сөйтіп, Алашорда Алаш комитеттерімен Семейдегі облыстық қазақ комитеті және оның уездік, болыстық бөлімшелері түгелдей саяси күшср ретінде бірігіп әрекет етуте көшетіндігі мәлімделеді. Ендігі жердс қазақ өлкесінің нақты билігін қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет болды. Яғни, Уакытша Сібір үкіметімен саяси қарым-қатынасты күшейтті. 1918 жылы  маусымда Алашорда үкіметі өз арасынан Ә.Ермековты Уақытша Сібір үкіметімен байланыс жасауға жібереді. Шілде айында Алашорда өкілдерінің бір тобы Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметіне келіп, автономия мәселесін анықтауға кіріскен. Онда мәдени, жергілікті автономия мәселесін шешу керек болды.

‘»Мемлекет билеу түрі» мәселесінде II бүкілқазақтық съезд өкілдерінің екі пікірде болғандығы байқалады. Оған «Қазақ» газетіндегі «Учредительноее собрание һәм оның істейтін ісі», деген дерек Богачов А. және С.Зиманов  пен К.Нүрпейісовтың  Алаш һәм Алашорда. пікірлері дәлел. Солай бола тұрса да, съезд «Қазақ облыстары ұлттық-территориялық автономия алуға тиіс» деген шешімге келді29.[№10,9б.]

«Съезд құрамына 6 облыс қазақтары енетін Алаш автономиясы жарияланып, ал оны ресми жариялау кейінге қалдырылды. Оның себебін М.Дулатов «…арамыздағы анасы басқа жұрттармен сөйлеспей жариялап жіберсек, көршілерімізбен арамыз қандай болып кетпесіне көзіміз жетпеді. Бұл сақтық орынды екеніне жұрттың көзі енді жетіп отыр», -деп түсіндіреді30. [№18,65б.] Әскер түрі атты әскер болатындықтан, тұсында атты қазағы бар Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында түрлі деңгейде жұмыстар жүрігізілді. Алашорда үкіметінің алғашқы кезде казачествомен тығыз байланыс орнатып, ортақ жау большевизмге қарсы күрсесте бір бағытта болғандығын Ә.Бөкейхановтың Орынбордағы С.Қадырбаевқа жолдаған «қару-жарақ, әскер шығьнын үйрететін офицер туралы Дутовпен хабарлас деген жедел хаты және атаман Дутовтың Алашорда үкіметін құттықтап Ә.Бөкейхановқа жолдаған жедел хаты дәлелдейді31.[№24,281б]

Автономияның елге түсетін салмағының ең ауыры — қазына жинау ісі болды. «Пұл жағынан істі тоқтатпастың жалғыз-ақ шарасы — ақшаны қазір

қарызға алу, жұрттан ақша жиналған соң орнына салу. Олай болса Орданьң өзі де, жергілікті комитеттері де қарызға берілетін ақшасы бар жерлерді қарастыру» идеялары да көтерілді. Мұндағы мақсат ұлт қазынасы жиналғанға дейінгі уақытты бос жібермей, ұтымды пайдалану еді.

Алаш жетекшілері Сібір, Самара (Комуч) үкіметтеріне, Уфадиректориясына сенім артып, біртутас мемлекет ретіндс Алаш автономиясын мойындайды деп үміттенді. Соған орай Алаш автономиясын ресми тану жөніндс өтініштер жасап, әр турлі деңгейде көмек беруді сұрайды.

Уфа мемлекеттік мәжілісінен (8 қыркүйек, 1918 ж.) автономияға ұмтылған халықтардың бәрі де үмітті еді, бірақ ол үміттері ақталмады. Уакытша жалпы Ресей үкіметінің 1918 ж. 4 қарашадағы жарлығы бойьшша Алашорда үкіметі таратылып, оның орнына қазақтардың мәдени-тұрмыстық және экономикалык мұқтаждарын қанағаттандыру ісін басқаратын Алаш жөніндегі Бас өкіл тағайывдалды. Мұндай жарлықтар Алашордадан басқа Сібір, Орал, Башқұрт, Самара сияқты облыстық үкіметтер туралы да шықты.

Алашорда үкіметі 2-ші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сөйкес 1918 жылы 11-24 маусымында заңдық күші бар 8 пунктен тұратын қаулы-қарарлар қабылдады. Соған орай Колчак үкіметінің Ішкі істер министрі А.Гатгенбергер Ә.Бөкейхановқа бірнеше рет жеделхаттар жолдап, «Алашорда» шығарған жарлықтарды, жасаған зандарды ала келіңіз,»- дейді. Ә. Бөкейханов қазақ большевиктеріне қарсы нақты күрес жүргізуді назардан тыс қалдырмады. Оның С.Қадырбаевқа жолдаған «қазақтан шыққан большевиктерге еш рақым қылмаңыз» деген жедел хатынан Алашорда үкіметініц ісі қатаң тәртіпке негізделгені байқалады. Қазақ большевиктерінің іс-әрекеттері басқа облыстармен салыстырғанда Семей меи Орал облыстарында басымырақ болды. Солармен күресу мақсатында 1918 жылдың 8 маусымында «большевик заманында Алашқа қастық ойлап, зияншылық қылғандарды тергеуге «военно-полевой сот» ашу жөніңде, одан кейін 1918 ж. 31 шілдесінде «ерекше қазақ соты мен тергеу комиссиясын кұру жөнінде қаулы қабылдайды32. Сарыарқа. 1919.№67.[№5,295-297б.]

Қазақ қоғамындағы мұндай жіктеліс заңды құбылыс. Ұлт өкілдерінің бұл әрекетін қазақ автономиясына жету жолындағы тандауынан деп түсініп, объективті бағалауъмыз керек. Екіншіден, олар автономия ісінде қазаққа қажет ұлт тұтастығьна нұқсан келтірді. М.Дулатовтың сөзімен айтқанда, «Орынбордағы съездің қаулысы жұртқа мәлім. Бірақ бұл қаулы орындалмады. Бұған екі түрлі себеп болды: 1) орыс һәм қазақтан шықкан  большевиктердің кесірі, 2) елдің салақтығы Алашорданың аяғынан тік тұрып кетуіне осындай жағдайлар кедергі жасады.

Алашорданың төрағасы Ә.Бөкейхановтың 1918 ж. 29 шілдедегі белгілі «циркулярында» «жорықтарда» Семей, Ақмола, Торғай облыстарыңда  ұйымдастырылған ақтардың отрядтары болғанын айтады, бірақ онда  шайқастар, өлгендер мен жаралылар жөнініде мәліметтер жок. Алашорда  отрядтары әскери бөлімшелері жеңіліске ұшырап қашкан отрядтар мен  большевиктерді, Кеңес депутаттары мүшелерін ұстаумен айналысты. Мұны  үлкен «жорық» деп атауға болмайды.

20-ж.ж. Қазақстанда большевиктик ұлттық саясаттың негізіндс шешуді мақсат еткен территориялық мәселе маңызды болды.

Мұсылман ұлтшылдары мен реформаторларының сол қанаты ынтымақтасу саясатын дұрыс қабылдады. Оның өкілдері коммунистік партияға кіріп, жаңа кеңестік әкімшіліктің алғашқы жергіліхті ядросын құрды. Бірақ ақырына дейін олардың ешқайсысы ортодоксалды коммунист болған жоқ, себебі олар өздерінің шыққан тегі мен дүниетанымдық позициясы жағьнан әрқайсысы бұл ынтымақты тәуелсіз мемлекеттіліктіі құратын әлеуметтік-мәдени топтасуға алдын-ала дайындық деп қарады. Қазақстанның Кеңестік мемлекеттілігінің алғашқы түрін құруға Алашорданың идеялық әсері басты фактор болды. Өлкенің болашақтағы статустық құрылымы жөнінде Ә.Бөкейхановтың реалистік позициясы мен М.Дулатов пен А.Байтұрсыновтың «тәуелсіз және автономиялық қазақ мемлекетін құру» туралы радикалды жобасы бойынша ішкі ауыз бірліктің болмауына қарамастан, қазақ автономиясының құрылуын Алашорда партиясының саяси платформасы негізінде бұл мәселені шешудің нәтижесі деп санау қажет33. Қазақ. 1917. 15 қазан. №244. 149б.[№5,149б.]

Қазақ ұлтшылдарының көзқарасын көптеген жадидшілер бөлісті, сондықтан жаңа өкімет оны ескермей қалған жоқ. Саяси бағыты келіспеседе, алғашқы кезеңде соның мүддесіне жағына білу қабілеттілігін көрсетті. Ол кезде большевиктер либералды модельге ене білді. Осы уақыт шеңберінде ешқандай психологиялық қайшылық байқалмады. «Мұсылман лидерлері өздерінің ұлттық мәдениетіне шынайы берілген, отаршылықка ашық түрде қарсы тұра білетін шынайы коммунист ретінде көрсете білді. Олар пантюркистер болды. Бұл терминдер арасында қайшылық болмады. Интернационализмді шынайы көрсеткен өздерінің большевик жолдастарына сенді.

Алашорда мен Уақытша Сібір үкіметі арасындағы келіссөздерге қатысты құжаттардан байқайтьнымыз, ол Алашорданың Уақытша Сібір үкіметі тарапынан ресми мойындауын талап етуі болды. Әлихан Бөкейханов бастаған Алашорда үкіметінің қайраткерлері саяси мәселедеАлаш автономиясын мойындауды бірінші орынға қойды, Алашорданың позициясын көрсете білді.
Тағы рефераттар