Қылмысқа барған жасөспірімдердің арасында әртүрлі қылмыстың терең тамырлануы кімді болса да, алаңдатпай қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.
Бесіктен белі шықпай жатып, әрбір оғаш қадамына селт етпей сергек қараған жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре түзеліп кетер деп қылмыстық әрекеттер істеген баласының әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма?
Болашақ өмірі мен тағдырын бейтарап қалдырмайтын кез-келген адамның осы сұраққа жауап іздеуі белгілі.
Қылмысқа барған жасөспірімдердiң есейе келе, өздерiнiң жасаған қылмыстық әрекеттері үшiн үлкен өкінішпен қарау жағдайы көп болып тұрады. Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық әрекеті өмірде болып жатқан нақты жағдайларына тікелей байланысты емес. Ол белгілі бір ортаға кездейсоқ немесе жоспарланған түрде тамырлануы. Жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттерді көбінесе қалада жасауы, әлеуметтік тұрғыдан көптеген себептермен түсіндіріледі. Жасөспірімнің өзіне, қоғамда пайдалы іспен айналыспауынан уақыттың көптігі, ауылдық клубтың жабылуы, күні бойғы бос сандалыс, көше кезулер, қылмыстық әрекеттің алғы шарты бола алады. Осындай толып жатқан себептер жасөспірімнің таңғажайып оқиға жасауға ұмтылуына, керемет көрінуге, болашақта істейтін қылмыстық әрекетқе жоспар құруына немесе топтасып қылмыс істеуге жол ашады. Көбінесе жасөспірімдер бойынан, санасынан мықты орын алған қиялы ойша жетіліп арманын іске асыратын не асыруға асығатын жасөспірімдер айналасындағыларды таң қалдыратындай етiп істеуге талпынады.
Олардың әртүрлі іспен шұғылданбауы немесе жан-жағындағы қоршаған ортасының, айналасындағы достарының немесе біреудің қорқытуы, үрейлетуінің итермелеуі арқылы қасақана қылмыс жасауға түсіп кетуi көп болып жатады. Осыған орай қазiргi кезде бiздiң жасөспірімдеріміз рухани азып тозбау үшiн қазақ отбасындағы мәдени құндылықтар дамуының мазмұнына аса маңызды көңiл аудару керек. Бүгiнгi таңдағы экономикалық әлеуметтiк жағдайлар отбасы жағдайына үлкен ықпал етiп отыр. Қоғамдағы жұмыссыздық, күн көрiс көзiнiң төмендеуi отбасы тәрбиесiнiң әлсiреуiне әкелiп отыр.
Жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктерімен байланысып, жасөспірімдердің тәртібін одан әрі шиленістіре береді. Жасөспірімнің қылмыс жасауын болдырмау үшiн қазақ отбасына тән өзiндiк ерекшелiктерiнiң маңызы зор: отбасы мүшелерi арасындағы iзгiлiк қатынастар; үлкенге деген құрмет; кiшiге деген iлтипат; жасөспірімнің тұлғалық дамуына олардың жас ерекшелiктерiне байланысты қатынас; әулеттегi жақсы дәстүрдi үлгi ету арқылы бала қасиетiн аша бiлу; күнделiктi тұрмыс-тiршiлiкке бейiмдеу және т.б.
Қылмыс жасаған жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссия мен милиция орындарында тәрбиені дұрыс жүргізбейтін жанұяны дер кезінде анықтап, тәртіпке шақырмаушылық көптеп кездесіп жатыр. Қылмысқа барған жасөспірімдерді қайта тәрбиелеу процесін ұйымдастыруда психологтар жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін ескере білулері қажет. Себебі, қандай да бір психолог ықпалдар жасамасын, олар жасөспірімнің ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыс жасаулары, көбінесе олардың ересектерге еліктеуiмен анықталады да, жалпы қылмыстың өсіп отырғанын осымен байланыстырамыз.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке қадам басуына басты себеп әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуі. Адамның қоғамдық белсенділігі оқуға, спортқа, көркем өнерге деген қызығушылықтарын күннен-күнге арттырады. Ал осындай қоғамдық жұмыспен айналыспайтын жасөспірімдер қылмыстық істерге жақын жүреді. Қоғамнан, ондағы қайнаған қызу өмірден шеттеп қалу, қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының бірден-бір себебі болып табылады.
Қылмысқа барған жасөспірімдер қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті қылмысынан өз көрінісін табуда. Қазіргі кезде әлеуметтік-психолог және құқық қорғау органдарының зерттеулері бойынша, жасөспірімдердің мүліктік қылмысқа баруы 7,8 пайызды, ал жеке адамның затын ұрлау 49,4 пайызды, мемлекет және қоғам мүлкін ұрлау 1,7 пайызды, тонау мен шабуыл 11,2 пайызды көрсетіп, қылмыс санының көбеюіне әсер етіп отыр [13, 21-23б.].
Қылмысқа барған жасөспірімдерге топ құру, топ болып әрекет ету тән. Осындай жасөспірімдер ересек кiсiлермен салыстырғанда жалғыз өзі қылмыс жасауға өте сирек баратындығы практикалық тұрғыдан дәлелденген. Бұдан олардың өз-өзіне сенбеуі ғана емес, сонымен қатар олардың достық жөніндегі түсініктері теріс бағытқа ие болуына қарамастан, осындай достыққа ұмтылуын да байқауға болады.
Мысалға, А.Ф.Парницевтің мәліметтері бойынша жасөспірімдер тобында қызғушылық пен еліктеудің жоғары деңгейі, топ мүшелерінің өз дегеніне көндіруі, көңілкүйдің өзгеруі, қылмыстық акт барысында өзге топ мүшелеріне берілуі байқалады, жасөспірімдердің кез-келген тобында қандай да мөлшер болатыны бәрімізге белгілі. Бұл жағдайда адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің бірдей еместігін, психофизиологиялық-психологиялык қасиеттері тұрғысынан (ерік, ақыл-ой) әр түрлі болуымен түсіндіріледі. Қылмысқа барған жасөспірімдердің психикасының жас балалар мен ерсектердің психикасымен салыстырғанда өзгешелік бар. Бұндай өзгешеліктер импульсивтік, жоғары әсерленгіштік, қызбалыққа тез түсушілік, көңілкүйінің тұрақсыздығы, өз-өзіне сенімсіздік бiлдiруі, өз әрекетінің дұрыстығына жиі күмәндануы болып табылады. Олардың бойындағы психикалық қасиетер мәселен, мақсаттылық пен табандылыққа, тұрақсыздық пен өзiн-өзі сыйламаушылыққа, сенімсіздік пен жабырқаушылыққа жиі алмасып отырады. Жасөспірім бойындағы осы қасиеттер олардың құбылмалылығын көрсетеді. Бұл сияқты құбылмалы,тұрақсыз психикалық қасиеттер-қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық жолға оңай түсіп кетуіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Бұл оның айқын дәлелі. Кез келген жасөспірім өз бетінше әрекет етуге, өзін-өзі дамытуға қабілетті. Ол өзін-өзі ұйымдастырушы жүйе ретінде таныла отырып, дамытудың тек объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып танылады. Көптеген жағдайларда жасөспірімдер сыныптастарының өзіне деген нашар қарым-қатынасын, жақын қабылдап, қатты күйзеліске түсуі де мүмкін. Сыныптастарының қарым-қатынасына қанағаттанбағандықтан, көптеген жасөспірімдер қоғамға жат әрекеттерге барады. Көп жағдайда жасөспірімдердің сабаққа үлгермеушілік қасиеттері олардың қылмыстық әрекеттерге баруының себепшісі бола алады. Осыған байланысты психологиялық проблемалардың маңызды жақтары туындайды. Жекеленген жасөспірімді сыныпта ешкім жақсы көрмейді, ешкім достасқысы келмейді, бұл -психологиялық құбылыстың бiр ерекшелiгi. Достарымен қатынасының болмауы, жасөспірімнің жеке басында көптеген кері әрекеттері бар жағдайлардың көп болуы тәртібінің өзгере бастауынан көрінеді. Жекеленіп қалған, жалғыздық шеккен жасөспірімдер қылмысқа барған жасөспірімдер санын толықтырады. Жекешеленіп, шеттетіліп қалған жасөспірімдер өзіне жақын ортаны тағы да басқа жақтан іздейтіндіктен, қоғамда жолыққан кездейсоқ достарының да өзі сияқты болатындығы белгілі [14,106-109б.б.].
Қылмыстық әрекеттің басты себебі – жасөспірімнің пайдалы iспен айналыспауы десек, жоғарғыда айтып кеткендей, оның бос сандалыстан көп өкінішті жағдайларға ұрындырып жататыны айтпаса да түсінікті. Осы орайда В.М. Бехтеревтiң «Баланы тәй-тәй басып қолына затты мықтап ұстай бастағаннан бастап-ақ үнемі еңбекке үйрету керек» – деген пікірімен келісуге болады. Белгілі іспен айналысатын жасөспірімнің қылмыстық әрекетке тек қана кездейсоқ жолмен баратыны да белгілі. Мектептен тыс уақытта кітап оқу, үйірмеге қатысу, көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысу, не болмаса спорттың көптеген түрлерімен айналысу – қазіргі кезде жасөспірімдердің әрекетінен қалып бара жатқан құбылыс, әрине бұл жерде бір жасөспірім өзіне пайдалы іспен айналыспай, бос сандалыспен күй кешеді деген жаңсақ пікірді айтпайды.
Дегенмен де, қылмысқа барған жасөспірімдердің әдебиетке қызғушылығы өте төмен дәрежеде екенін көптеген тәжірбиелер дәлелдеген болатын. Әр түрлі заман талабына сай ойын түрлері, ойын автоматтарына жасөспірімдер қызғушылығын арттыруы, жеңіл ақша табу, егер ойын автоматтарынан ұтылса, үйінен ақша ұрлау, не болмаса өзінен кіші балаларды ұру, оларға зорлық, көрсету арқылы жасөспірімдер қалай қылмыс жолына түскенін білмей де қалады. Олар ата–анасын алдап ақша сұрау, үйдегі заттарды ұрлап сатуды кәсіп қылуы мүмкін, ал мұндай әрекеттердің барлығы жасөспірімдердің қылмыс жасауының алғашқы қадамын білдіреді.
Қылмысқа барған жасөспірімдерге қоғамдық өмірде болып жатқан жаңалықтардан бейхабарлығы, не нәрсені болса да білуге ұмтылуы, қызығу-талпынуларының өте төмендігі тән болады. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді қоғамдық іс-шараларға тарту арқылы, көркем өнер мен мәдениеттілікке қызығушылығын дамыту арқалы, көптеген пайдалы іспен айналысуға итермелеу арқылы қайта тәрбиелеп, қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысын азайтуға кішкене болса да ықпалын тигізуге болады.
Көп жағдайда тасыған күштері бойына сыймай, алып–ұшып тұратын жасөспірімдер көбінесе өз маңайына өзіне бейім келетін жасөспірімдерді жинап, топтасып қылмыс істеуге, бұзақылыққа әуес болады. Қылмыстың кіші жасөспірімдік шақтың арасында көбеюі, олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылмауынан болады. Қазіргі кезде Республикада кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы 18,3 пайызды құрайды. 1991 -1995 жыл аралығындағы статистикалық талдау көрсеткіші бұзақылық, тонау, ұрлау сияқты қылмыс түрлерінің сәл бәсеңдегенін айтса. Ал 1996 жылмен салыстырсақ, екі есе өскендігі айтылады. Ал, қазіргі кезде бұл көрсеткіш жылдан-жылға көбейе түсуде. Осыған байланысты мемлекетіміздің басшысы Н. Ә.Назарбаев Республикамыздың Құқық қорғау органдарының басшылары мен аудандық әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесінде: «Біздің елімізді-әлеуметтік экономикалық қайта құру демократиялық мемлекет құруға қадам басқан шақта толқыған криминогендік процестерге соқтығысты. Бұл – шын мәнінде саяси реформа, қоғамдық тұрақтылық пен азаматтың өміріне ерекше қауіп төндіреді деп көрсеткен болатын» [15,117-119б.].
Уақыт тілін сәл шегеріп, 1920-40 жылдары зерттеген ( П.П. Блонскиий, В.И. Куфаев, П.И. Любинский) авторларға жүгінер болсақ, олар қылмыс жасаған жасөспірімдер — заң жағынан да зерттеуді де қажет ететін басты объект, екенін алғаш рет атап көрсеткен. Бұл авторлардың пікірінше, жасөспірімнің қылмыстық әрекетке қадам басуына басты себеп — әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуі деген.
Жасөспірімдік шақ жасөспірімнің сана сезімінің жан-жақты толысып дүниеге көзқарасының өзгеріп, үлкен өмірге дайындығының аяқталатын кезеңiмен тығыз байланысты. Жасөспірімдердің өтпелі кезеңі оның өміріне көп өзгерістер әкелері хақ. Сондықтан да осы өтпелі кезеңінде жасөспірімдердің «қиын жасөспірім» болып қалыптасуы болады,ал бұл олардың қылмысқа баруының бірден-бір себебі. Жалпы жасөспірімнің өтпелі кезеңін бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Талап, тілек.
2. Қызығушылық.
3. Өмірге жоспар мен көзқарастар.
4. Жалпы сипаттама .
Өтпелі кезеңде жасөспірімнің еліктегіш келетіні, жақсыға ұмтылу, ұқсағысы келетіні, қайталағысы келетіні белгілі. Өтпелі кезеңнің «құйын» сияқты өткінші елестерге толы болуы жасөспірім өміріне қауіп төндірері де сондықтан. Жасөспірімдердің жағымсыз еліктеуінің салдары, қылмыстық әрекеті, қызғушылығының әсерінен «қылмыс» істеуі, көбінесе осы шақта жүзеге асады .
Жасөспірімнің алып-ұшпа саналатын өтпелі кезеңінде не нәрсеге болсын еліктегіш келетінін жан –жақты зерттеген ғалым Т.М. Якобсон болатын.Ол бұл жаста жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке тез еріп кетуі оның еліктеу деңгейімен байланысты деп айтады.
Ересек қылмыскерлерге қарағанда, қылмыскер жасөспірімдер қоршаған әлеуметтік ортамен тығыз байланыста болады. А.И.Долгова және В.Д. Ерланова секілді ғалымдардың пікірінше, қылмысқа барған жасөспірімдер үшін ортаның рөлі өте зор болады деп көрсеткен [16, 283-285 б.].
Жасөспірімдердің қылмыстық жолға түсуінің тағы бір себебі, олардың ішімдікке әуес болуы болып табылады. Жалпы ішімдікке әуестік жасөспірімді дұрыс жолдан тайдырып, қылмыстық әрекетке итермелейді. 13-14 жастағы жасөспірімдердің басым көпшілігінің талап — тілектері шектен шығып кеткендігі, олардың ішімдіке құмарлануынан көрінеді. Осыған байланысты А.Вайсберг – қылмыс істеп айыпталған жасөспірімдерді зерттей келе,олардың 41-пайызы, қылмысты мас күйде істеген деген тұжырым жасайды. Осы көрсеткіште қылмысқа барған жасөспірімдер қылмысының күннен-күнге ұлғаюын және олардың қылмыстық әрекеттерге көп жағдайда мас күйінде баратындығын көреміз.
Жасөспірімдердің құқық бұзушылығы кәмелетке толмағаннан кейін қылмыстың жауапкершілікті баспалдағын аттауға мәжбүр ететіні қылмыстан белгілі. Жасөспірімдер қолымен іске асқан қылмыстың қандай түрімен күрес жүргізсек те, ол болашақтағы ересектердің жалпы қылмысымен күресуге бағытталған бірден-бір дұрыс жол екені сөзсіз. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер қылмысын болдырмай алдын-алу үшін оларға қылмыстық құқықтық шаралармен әсер ету арқылы, оның тиімді нәтижесін күту –жасөспірімдердің өмір жолын дұрыс таңдап, адам болып қалыптасуына өз әсерін тигізсе керек. Қылмысқа барған жасөспірімдер қылмыстық жағдайының салалығын түсіну үшін ең алдымен олардың жас шамасын анықтау басты орын алады.
Қазақстан Республикасы территориясында кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің қылмысына арнайы жүргізілген санақ олардың қылмысы азаймай отырғанын хабардар етті. Нақты жүргізілген талдаулар жасы толмаған жасөспірімдер қылмысының криминогендік жақтарын ашуға көмектеседі.
Біріншіден, Қазақстан Республикасы бұрынғы Кеңес үкіметі құрамында болған кезде де, жылдар бойы статистикалық бақылау жүргізуін тоқтатпады. Сол кез бойына жасы толмағандар қылмысының өсуі жоғарылығымен ерекшеленеді, оның өсуі бір бес жылда орташа 14-17 пайызға жеткендігін көрсетті.
Екіншіден, 1995 жылдан бастап, жасы толмаған жасөспірімдер қылмысының өсуі бір жерде азайғанын көрсетсе, екінші жерде көбейгенін дәлелдей түскендей.
Үшіншіден, жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы бір кездері олардың кейбір ауыр түрлеріне қарамастан асып түсті.
Төртіншіден, жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы көбінесе, толық есепке алынбайды. Сарапшы мамандардың баға беруіне қарағанда көптеген қылмыстар ашылмайды немесе тіркеудің дұрыс жүргізілмеуі салдарынан жасөспірімдер қылмысқа жеңіл-желпі қарап, келесі қылмысқа оп оңай қадам басады [17, 57-62 б.].
Қазақстан Республикасында көптеген қылмыстар қылмысқа барған жасөспірімдердің қолымен іске аспаса да, орын алып өсіп отырғаны жөнінде тұжырым жасауға негіз береді. Шындығына келгенде, кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің көптеген қылмыстары құқық қорғау орындарына жетпейді, тіркелмейді, бұндай қылмыстық әрекеттердің әсерінен көптеген қылмыстық әрекеттер жазалаудан шет қалып, қылмыстың сандық жағынан азаюына алып келеді.
Кәмелетке жасы толмағандардың қылмысын салалық жағынан талдау маңызды орын алады. Осы тұрғыдан алсақ, жасы толмаған жасөспірімдердің қолымен іске асқан қылмыстарына кісі өлтіру, ұрып-соғу, зорлау, қорқытып алу, кісі тонау, адамды кепілдікке алу, бұзақылық, мүлікті ұрлау жатататыны белгілі.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің қолымен іске асатын сан-алуан қылмыстардың ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, зорлау сияқты ауыр қылмыстар өткен жылдары бірен-саран кездесетін болса, қазіргі кездерде оның өсе түскендігі белгілі. Кепілдікке алу секілді қылмыс түрі бұрындары мүлдем кездеспесе, қазіргі кезде оның да бас көтеруі өмір шындығына айналып отыр. Қазіргі кезде кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасында көп тараған қылмыстың біріне айналған бас пайдасын ойлап, жасалған қылмыс жатады десек қателеспеген болар едік. Олай деуге себеп, олардың арасында бас пайдасын ойлап, жасалған қылмыстың түрлеріне жататыны ұрлық, тонау, алаяқтық, сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу, күш көрсетпей тартып алу, күш қолданбай аса бағалы затты ұрлау, сеніміне кірумен немесе алдаумен адамның мүлкіне зиян келтіру сияқты қылмыстары жасөспірімдердің қолымен іске асырылатыны белгілі.
Кейбір жасөспірімдер қылмысты жалғыз өзі белсенді түрде істеп жатады, бұл олардың өзінің қылмыстық әрекетіне дайындығын, қайсарлығын, аямаушылығын білдіреді. Бұл әрине, біріншіден, болашақта қоғамға жоғары қауіптілігін төндіретіндігін көрсететін болса, екіншіден, құқық орындары мен психологтардың жекелей жұмыс жасауын талап етеді. Көптеген қылмыстық істер көрсеткендей, ұрлық жасайтын жасөспірімдердің ұрлайтын заттары көбінесе ұсақ-түйек заттар болып келеді. Кейде олар ұрлаған заттарын қызығып алса, кейде саналы түрде алады. Кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдердің көп жасайтын ұрлық сияқты қылмысына қоса, соңғы кезде көп кездесетін қылмыстарының көп тараған тағы бір түрі – бұзақылық болып отыр.
Қандай да болмасын, болмашы нәрсеге кектенген баладан өшін алу, көше-көшеге бөлініп алып, төбелес ашу немесе ара-тұра болса да кездесетін жайт, ауыл-ауыл болып төбелесу, өтіп бара жатқан баланы мазалап, ұрып-соғу, күш көрсету, жасы толмаған жасөспірімнің бұзақылығына жататын қалыптасқан құбылыс [18, 69-72 б.].
Жалпы қылмыстың топтық құрылуы жай құрылудан басталып күрделі құрылыммен аяқталады. Топ болып қылмыс жасаған кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер қылмыстық жауапкершілікке қылмысқа қатысқандығы үшін жауап береді. Екі немесе бірнеше рет қылмысқа барған жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын қылмыс үнемі қоғамға жоғары қауіп төндіретіні белгілі. Топ құрамындағылардың бір-біріне қолдау көрсетуі-қылмыс жасауға тез шешім қабылдауын нығайтып, күш пен мүмкіндіктерін күшейте түседі. Бұл заңмен қорғалатын кез келген нәрсеге үлкен зиян келтіруге мүмкіндік туғызады. Бір көңіл аударарлық жай, қылмыстық әрекет жасаған жасөспірімдердің көпшілігі оқуға ынтасының жоқтығы мен, немқұрайлығымен ерекшеленеді. Олардың қылмыстық әрекеттерді бірлесе отырып жасауы, тұрақты қылмыстық топқа кіруiне ұйытқы болады. Қылмыс істеуге тарту, азғыру, өтініш, ұсыныс түрінде болғандықтан жасөспірімдер оған тез көндігеді.
Қазіргі таңда қылмыстық әрекеттердің, соның ішінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекеттердің көбеюі, қылмыстың алдын-алу шараларын қолдануды талап етеді.
Осыған байланысты қылмысқа барған жасөспірімдердің әрекет ету нормасынан ауытқуының, сондай-ақ қылмыстық әрекетінің алдын алу дегеніміз – олардың заңмен қақтығысуына жол бермеу, оны тұлға ретінде жағымды етіп қалыптастыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді анықтау, сонымен бірге қылмысқа барған жасөспірімдердің заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғуын болдырмау үшін құқықтық және психологиялық ықпалдарды қолдану сияқты негізгі мақсаттардан тұратын ұйымдасқан процесс.
Қылмысқа барған жасөспірімдер қылмысының алдын алу барысында қылмысқа барған жасөспірімдердің биологиялық және әлеуметтік тұрғыдан әлі де болса қалыптаса қоймағандығын ескеруіміз қажет. Осыған орай, кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының барлық ерекшеліктеріне, атап айтсақ, жас және психологиялық, әлеуметтік және өнегелік, әлеуметтік-демографиялық және құқықтық ерекшеліктеріне, сондай-ақ олардың тәрбиелік деңгейіне, біліміне, қажеттіліктеріне, нанымына, әрекет мотивациясына ерекше көңіл бөлуіміз қажет.
Қылмысқа барған жасөспірімдер тұлғасының жекелеген ерекшеліктерін қылмыстың алдын алу барысында ескеру алдын алу жұмысының тиімді әрі нәтижелі болуына міндетті түрде өз септігін тигізеді. Қылмысқа барған жасөспірім тұлғасына тән ерекшеліктердің бірі ретінде олардың құқықтық және өнегелік санасының тұрақсыздығы, бұрмалануға оңай түсуі танылады. Жасөспірімнің өнегелік санасы бұрмаланған жағдайда оның құндылықты бағдарлары, қызығушылығы, қажеттілігі, дүниеге деген көзқарасы, өнегелік позициясы, адамгершілік бейнесі мен сана-сезімі өзгеріске ұшырап, теріс сипатқа ие болады. Ал құқықтық сананың төмендеуі қылмысқа барған жасөспірімдердің көптеген қылмысты жасауына, заң талаптарына өз мәнін түсінбеуіне әкеп соқтырады. Бұл жағдайлардың барлығы қылмысқа барған жасөспірімдердің дұрыс жолдан тайып, қылмыс жасауының бірден-бір себебі болып табылады. Осыған орай, жасөспірімдердің қылмыстылығының алдын алу үшін ең алдымен құқықтық және психологиялық жағынан моральдық, өнегелік тәрбие беру қажет.
Жасөспірімдердің құқықтық санасын анықтау үшін Қазақстанның әртүрлі аумағындағы жзасөспірімдерге жүргізілген әлеуметтік-психологиялық зерттеу таңқаларлық нәтижелер берді: өтпелі кезеңдегі бүгінгі қоғамда жасөспірімдердің құқықтық санасы құқықты бүтіндей білмеуден, мемлекеттік құқық қоғау органдарына қатысты болуға дейін бұрмаланып отыр. Бұл жасөспірімдер бойында патриотизм, заңды бұлжытпай орындау сияқты қасиеттерді дамыту мақсатында ,белсенді азаматтық және құқықтық –психологиялық білім берудің қажеттілігін тудырып отыр.
Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында жалпыға міндетті құқықтық білім берудегі ұйымдастыру жөніндегі қаулысы қабылданған болатын. Мұнда мынадай үш мақсат алға қойылған:
— адамның жоғарғы азаматтығын, оның жалпы құқықтық мәдениетін және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру;
— таңдап алынған еңбек әрекетіне дайындық процесінде жастардың арнаулы құқықтық білім алуын қамтамасыз ету;
— қылмыстық әрекеттың алдын алу мәселесін шешу [19, 52-54 б.].
Жасөспірімдердің құқықтық білімін қамтамасыз ету арқылы олардың бойында заңды құрметтеу сезімін қалыптастыруға болады. Алайда мұндай білім беру барысында жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін, өмірлік жағдайы мен мүмкіндіктерін ескеру қажет, әрі мұндай жұмыс белгілі бір шыдамдылық пен жүйелілікті талап етеді.
Қылмысқа барған жасөспірімдерді өз міндеттерін саналы түрде орындауға тәрбиелеу, олардың бойына жеке жауапты болу сезімін сіңдіру қылмыстың алдын алу ісінде және түзету мекемесінде аса маңызды болып саналады. Бұл сипаттағы алдын алу шараларын жүзеге асыру барысында, яғни жасөспірімдерді өзінің әрбір әрекеті мен қылығы үшін жауапты болу сезіміне тәрбиелеу үшін олардың арасында психолог, педагог, құқық қорғау қызметкерлері белсенділік танытуы қажет. Әңгіме барысында өмірлік мысалдар келтіру, тіпті бұрын сотталып, қазір түзелу жолына түскен азаматтарды осындай әңгімелерге қатыстыра отырып, олардың өз аузымен баяндауы, және де қылмысты жасамандар деп айтқан, ақыл-кеңестері жасөспірімдердің сана сезіміне өзгеше әсер беріп, олардың мұндай жолға түсуіне бөгет болуы мүмкін.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктеріне, яғни олардың өмірде кездесіп отыратын қолайсыз жағдайларға тап бола отырып, қиындықтар алдында әлсіздік білдіреді, кез-келген ықпалдарға оңай түседі. Сөйтіп, олардың қылмыстық жолға түсуі де оңай болады. Осы сияқты себептердің негізінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жолға түсуіне жол бермес үшін жастарды дербес түрде ойлауға, өз бетінше шешім қабылдау қабілеттілiгіне, оларды кез-келген қиындықтарға төтеп беруге шынықтыруымыз қажет. Өз айналасында болып жатқан жағдайларға, халықтың жалпы ісіне, әсіресе өзінің жеке әрекетінде жауап беруге дайын тұруына дағдыландыру керек.
Егер қылмысқа барған жасөспірімнің тұрақты идеялық нанымы, адамгершілік принципі болмаса, ол жат қылықтарға,яғни қылмыстық әрекеттерге төтеп беруге қабілетті ішкі тосқауылынан айрылады, сондықтан рухани жағынан тез әлсіз болып, қылмыстық әрекеттерге тез барады. Идеялық нанымның және өнегелік мінез-құлықтың тұрақсыздығы, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына себепші болып табылатын шешуші жағдайларды ғана емес, сонымен бірге өзге жағдайларды да бейтараптай алмайды, не тым болмаса тежемейді де. Сондықтан бүгінгі таңда бүкіл азаматтардың бойында, оның ішінде, әсіресе жасөспірімдер бойында жауаптылық көзқарасын қалыптастыру және де оларды идеялық нанымға тәрбиелеу аса маңызды мәңге ие.
Жасөспірімнің адамгершілік және қоғамдық саяси мақсатқа деген оң көзқарасын жас күнінен қалыптастыру қылмысқа барған жасөспірімнің ақыл ойы мен өнегелік пісіп-жетілуі деңгейін, олардың өз нанымын кез-келген жағдайда қорғауға дайын болуын, өзін-өзі басқара білуін қамтамасыз етеді.
Қылмыстың жасалуына себепші болып табылатын жағдайларды жоюдың, онымен күрес жүргізудің маңыздылығына қарамастан, кәмелетке толмаға жасөспірімдер қылмысының алдын алудың маңызды құралы ретінде қылмысқа барған жасөспірімдердің бойында идеялық нанымды, ғылыми көқарастарды және дүниетанымды қалыптастыру шешуші мәнге ие болып табылады. Ал, жасөспірім бойында идеялық нанымды, ғылыми көзқарастарды және өмірге деген жағымды дүниетанымды қалыптастыру ісіндегі жетістіктерге психологтың комплексті әрекеті негізінде қол жеткізуге болады [20, 72-76.б.].
Бүгінгі таңда қылмысқа барған жасөспірімдер арасында педагогикалық тұрғыдан қараусыздық, жасөспірім бойында қоғамға қарсы қажеттіліктердің туындауына, достық, борыш, абырой сияқты түсініктерінің бұрмалануына себепші болады. Олардың енді қалыптасып келе жатқан рухани, эстетикалық және танымдық қажеттіліктері деформациялана бастайды.
Оның үстіне психологиялық және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жасөспірiмдер қылмыскер жасөспірімдердің негізгі тобын құрайтындығы баршаға белгілі. Ішкі қажеттілік бойынша психологиялық және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жасөспірімдерді мынадай 4 топқа бөлуге болады:
1. тентек немесе ерке жасөспірімдер;
2. отбасы тарапынан шеттетіліп, көзтүрткі көрген жасөспірімдер;
3. қараусыз қалған жасөспірімдер;
4. жат әрекеттердің тұрақты ықпалындағы және ересектердің құқыққа қарсы талаптарының әсеріндегі жасөспірімдер.
Тентек жасөспірімдер, олар жасаған әрекеттерінде ерекше жағдай қалыптастырады. Мұндай жағдайда бала өзімшіл, жеңіл өмір сүруді жақсы көретін болып өседі. Ал, кейбіреулерi ашынған, жабырқау күйде болады. Олар әдетте өзінің болашағына сенімсіздікпен қарайды.
Қылмысқа барған жасөспірімдер тұлғасы эстетикалық тұрғыдан оңай бұрмаланады. Мұндай бұрмаланулар кейде олардың қылмыстық жолға түсуіне себепші болуы мүмкін. Қылмысқа барған жасөспірімнің айқын белсендлікке ие адам екенін естен шығармаған жөн. Демалу уақытының пассивті түрде өтуі, әдетте, жиналған энергияны шығаратын, белсенді іспен айналысуды қажет етеді. Жасөспірімдердің жартысына жуығы өздерінің бос уақыт ішінде, өзінің қарқынды энергиясын жүзеге асырады және де ол энергия қажетті салаға жұмсалмайтын болса, оны жұмсау объектісін сол жасөспірімнің өзі таңдайды. Көшенің жасөспірімдер үшін тартымды болуы да осыған байланысты. Өйткені, жасөспірім өзінің қарқынды энергиясын күш көрсету түрінде көшеде жұмсай алады, ал мектеп пен отбасы мұндай жасөспірімдердің қоғамға қарсы психологиясының қалыптасуында үлкен роль атқарады.
Жасөспірім бойында еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру аса маңызды мәнге ие. Өйткені кез-келген жасөспірімді ең әуелі отбасы, одан кейін мектеп және барлық жағдайда еңбек тәрбиелейді. Еңбек ету қажеттілігі болған жерде тәртіптің бұзылуы және жасөспірімдердің қылмыстық әрекеті өте сирек кездеседі.
Қылмысқа барған жасөспірімдер өздерінің психофизиолгиялық қасиеттерінің толық деңгейде дамып-жетілмеуі және тұрақсыздығы негізінде, ересектердің және де тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың белсенді, мақсатты және қатаң түрде жүргізілетін қайта түзеу жұмыстарынсыз өз сана-сезіміндегі және мінез-құлық әрекетіндегі кемшіліктерді өз бетінше шеше алмайды.
Сондықтан да, жастар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік қызметтер кешенін, оның ішінде, әлеуметтік-психлогиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек беру және демалыс орталықтарын жер-жерлерде көптеп құру көптеген тиімді нәтижелерді береді.
Қылмысқа барған жасөспірімдердің психикасы жас балалардың да, ересектердің де психикасынан өзгеше. Олар үшін импульсивтік, жоғары әсерленгіштік, қызбалыққа тез түсу, көңіл-күйінің тұрақсыздығы, өз-өзіне сенімсіздігі, өз әрекетінің дұрыстығына жиі күмәндануі тән екендігін бұдан да бұрын айтқан болатынбыз. Бұл сияқты құбылмалы психологиялық қасиеттер — жасөспірімдердің қылмыстық жолға оңай түсуіне себепші болады.
Жасөспірімдерді жамандықтан үнемі қорғаштап отыру, өмірде кездесіп отыратын қиындықтар жөнінде сөз қозғамау, олардан жекелеген адамдар тарапынан жасалатын бейморальдық және қоғамқа қарсы әрекеттерді, әділетсіздік пен жалғандықты жасыру, мұндай құбылыстар кездескен жағдайда оған төтеп беріп, қажет болған жерлерде шыдамдылық білдіруге, қастандық әрекеттермен күрес жүргізуге тәрбиелемеу олардың тұлғасының әлсіздігіне, қиындыққа шыдай алмай теріс жолға оңай түрде түсуіне қиындықпен бетпе-бет кездескен кезде, олардың бойында өмірден түңілу сезімі қалыптасып, армандары мен сенімдерінің күйреуіне әкеп соғады.
Қылмысқа барған жасөспірімің стихиялы түрде өзін-өзі тәрбиелеуі, сана-сезімнің төмендеуін тудырады, сөйтіп белгілі бір деңгейде қылмыскер тұлғасының қалыптасуына себепші болады және оны түзеуге бөгет жасайды.
Ал,қылмысқа барған жасөспірімнің саналы позитивті түрде өзін-өзі тәрбиелеуі дегеніміз — өмірде алға қойған мақсатына қол жеткізу, әрі жоғары деңгейде әрекет етуге дайын болу қабілеттігі мен қасиеттерін, моральдық және физикалық күштерін, ақыл-ойын дамыту үшін ерікті, белсенді түрде әрекет ету процесі болып табылады.
Тағы рефераттар
- Спорт
- Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен қоғамдық қатынастар
- Қазақтың ұлттық музыка аспаптары
- Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер
- Қасқасу флорасының конспектісі