Криминология ғылымында қылмыскер тұлғасының негізгі құрылымдық элементтері жеткілікті дәрежеде айқын көрініс тапқан.  Қылмыскер тұлғасының құрылымын жалпы алғанда қылмыскердің келесі анықтаушы сипаттық белгілер мен қасиеттер қамтылады: әлеуметтік – демографиялық, әлеуметтік — өнегелік,  әлеуметтік – рольдік, әлеуметтік – психологиялық, әлеуметтік —  құқықтық белгілер.  Аталған белгілер әртүрлі авторларда: Ю.М.Антонян, П.С.Дагель, А.Б.Сахаров, Б.С.Волков және т.б. әрқалай кездеседі.

Криминологиялық зерттеу обьектісі болып: қылмыс жасаған жекелеген адамдар; қылмыскерлердің әртүрлі контингенттері (кәмілетке толмағандар, рецедивистер) ;қылмыскелердің әртүрлі криминологиялық типтері табылады. Ал,міндеті- қылмыстылыққа және қылмысқа жақын себептік байланыстарды анықтауға мүмкіндік беретін, себептік кешендерді, тізбектердің сипаттамалар шеңберін  жіктеу болып табылады .

Н.Т.Ведерников  тұлға   белгілерінің екі негізгі блогын ұсынады:

а)  жекелендіретін  мәліметтер ( өмірбаян  мәліметтері,  материалдық  жағдайы,  физикалық   және психикаық   жағдайы );

б)   қоғамдық  сипаттама  ( өндірістік,  саяси  және  тұрмыстық ).

Профессор А.Б.Сахаров  бастапқыда:  әлеуметтік  – демографиялық,  әлеуметтік –  психологиялық, әлеуметтік  – биологиялық  белгілерді ұсына отырып, бірақ, кейінірек ол өзінің көзқарасынан биологиялық белгілерді алып тастап өзгертті.

Қазіргі таңда  криминологияда біршама  көп таралған алты  белгі топтары  айқындалады:

әлеуметтік – демографиялық белгілер;

қылмыстық – құқықтық белгілер ;

өмірдің әрқилы аяларындағы әлеуметтік көріністер немесе басқаша айтқанда әлеуметтік байланыстар туралы айтады;

өнегелік қасиеттер;

психологиялық белгілер;

физиологиялық (биологиялық ) белгілер.

Қылмыскер тұлғасы  құрылымын анықтаған кезінде оның басқа адамдармен әртүрлі қарым – қатыныас процесінде қалыптасқан және оны өз алдына қатынас пен түйсік қызметінің субьектісін жасайтын, ол алдымен оның әлеуметтік маңызды қасиеттерін жиынтығын білдіретінін назарға алуымыз керек. Тұлғаның бұл аспектісі бізге өте маңызды, себебі ол тұлғаны қоғамның, әлеуметтік топтардың немесе басқа да қауымдықтастардың мүшесі,  әлеуметтік типтік сипаттардың иесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.Қылмыстың жасалу  себептері тек  тұлғаның теріс  әлеуметтік бойына сіңген сипаттары болып табылатыны бәрімізге мәлім.Жекелеген психологиялық процестердің, жағдайлардың қолайсыз ерекшеліктері және биологиялық алғышартталған қасиеттер тек осы әрекетке ықпал етуші себепкер болуы мүмкін. Қылмыскер тұлғасының криминологиялық талдауы қылмыстылық мінез – құлықты қоса алғанда адамның мінез – құлық механизмдерінде көрініс табатын индивидуалды психологиялық ерекшеліктерді де және биологиялық алғышартталған қасиеттерді де максималды ескере отырып талдауды білдіреді.  Қылмыскер құрылымында оны айқындап көрсету қылмыс жасаудың себептерін психологиязацилауын немесе биологизациялауын білдірмейді өйткені, көптеген психологиялық ерекшеліктер мен биологиялық алғышарттар қасиеті әлеуметтік факторлардың анықтаушы, бағыттаушы ықпалында болады.

Қылмыскер тұлғасы  құрлымының басқа  да варианттары  бар. Мысалы, олар:

әлеуметтік – демографиялық және қылмыстық құқықтық белгілерді;

қоғамдық өмірдің түрлі аясындағы әлеуметтік құбылыстар мен белсенділіктер;

өнегелік қасиеттер;

психикалық ерекшелітерді қамтиды.

Қылмыскер тұлғасындағы әлеуметтіктің  және биологиялықтың арақатынасы.

Қылмыскер тұлғасын зерттеуде бірден – бір күрделі де түбірлі мәселелердің бірі болып қылмыскер тұлғасындағы әлеуметтіктің және биологиялықтың ара қатынас болып табылады. Ол принципиалды құқықтық және тәжірибелік мәнге ие. Оның шешіміне қылмыстылықтың себебін анықтау және онымен күрестің негізгі бағыттарын анықтау көбінде осыған байланысты. Қылмыскер тұлғасы ұғымының әртүрлі анықтамалары бар, криминологиялық ілім тұлғаны біртұтас адамның әлеуметтік сапсын білдіретін құрлым ретінде қарастырудан бастау алады. Тұлға қоғамдық қатынастар процессінде қалыптасады, яғни ол адамның әлеуметтенуінің жемісі. Оның үстіне, адамда әлеуметтік және биологиялық бастаулар бірге болады. Әлеуметтік пен биологиялықтың арақатынасында биологиялық әлеуметтікке бағыныштылық қатынаста болады және ол «адам бейнесі» түрінде көрініс табады .Биологиялық өзінің бойында адамның генетикалық және әлеуметтік байланысын шоғырландырса, әлеуметтік тек маңызды әлеуметтік белгілерді қамтиды. Жеке тұлға ішкі жан дүние (сана) мн сыртқы (қызметтің) жиынтығы болып табылады . Жеке тұлғаның мәнін бұлай анықтау философияда бұрынан қалыптаскан. Мысалы бұл туралы 1844 жылы К.Маркстың өзі де жазған. Адамның тұлғасы оның әлеуметтік ортамен оның өмірлік қызметі байланыс арақатынасы арқылы көрініс тапқан әлеуметтік – психологиялық қасиеттер мен сапалық белгілер жүйесін білдіреді.

Қылмыскердің тұлғасындағы әлеуметтік пен биологиялық біртұтастығының  арақатынасы туралы пікір талас тікелей практикаға шығады. Биологиялық факторларға басымдылық беретін авторлар, қылмыскерді зерттеу кезінде жетекші рольді психиаторға, психологияға, биологиялық әдістер мен тәсілдерді қолдануға береді. Әлеуметтік факторлардың шешуші ықпал етуін жақтаушылар мінез – құлықты түзеуге әлеуметтік бағдарламалар туралы жазады. Қазіргі уақытта тек биологиялық факторларға басымдылық беретін шекті көзқарастар артта қалды, бірақ  бірқатар гентиктер мен криминологтар генетикалық аномалиялардың адам мінез құлқына әсер ететінін дәлелдеген генетиканың соңғы жетістіктерін назардан тыс қалдырмауды ескертеді.

 

60 –шы жылдардың  басында Буза мен  Пинатель лоброзиандық іліммен туған антропологиялық теорияның, яғни қылмыстылықтың тұқым қуалаушылыққа бейім екендігін көрсеткен. Мұндай бейімділік «ерекше мазмұнында» деп түсіндірді     олар. Ол кейін хромосомалармен байланыстырылды. Біз бұл мәселеге төменірек тоқталамыз. Отандық криминологияда белгілі бір дүмпу тұғызған 70 – шы жылдардағы профессор И.С.Нойдің: «Ортаға байланыссыз адамның қылмыскер немесе батыр болмауы мүмкін, тек егер ол алдын ала бағдарланған мінез – құлықтармен туылмаса» деген мақаласы болды.

В.П.Емельянов келесі тұжырымдар жасады: «Тек экономикалық, әлеуметтік немесе биологиялық факторлардың белгілі бір құрамы қылмысқа түрткі болады… Қылмыстылық себебі – бұл  әлеуметтік және биологиялық қасиеттердің әртүрлі құбылысының синтезі…»

Қорыта  айтқанда,  адамның   биологиялық    және  әлеуметтік  ерекшеліктері   қылмысты  анықтағанда  қатысатыны   сөзсіз.  Сондықтан,   қылмыскер  тұлғасын  зерттеуде,  себептілікті  анықтағанда  сот  психиатриялық,  сот – медициналық және  басқа сараптамалар  сияқты  пән аралық  салалардың  қатысатыны  тегін емес. Айта кетерлігі, қылмыскер тұлғасы мен қылмыс субъектісін шатастырып алмау. Қылмыстың жалпы субъектісі үшін бар болғаны адам болуы, жасы толуы және есі дұрыс болуы деген сияқты үш белгі жетік айта кетерлігі, қылмыскер тұлғасы мен қылмыс субъектісін шатастырып алмау. Қылмыстың жалпы субъектісі үшін бар болғаны адам болуы, жасы толуы және есі дұрыс болуы деген сияқты үш белгі жеткілікті, ал қылмыскер тұлғасын сипаттау үшін оның бала күнінен бастап бойына сіңірген барлық қасиеттерін адақтап шығу керек. Тіпті, қылмыс субъектісінің тұлғасы десек де қателеспейміз. Біреуді бойы ұзын деп жақсы көрсеңіз — ол биологиялық қасиеті, енді береуді ақылды деп сыйласыңыз — ол психологиялық-интеллектуалдық қасиеті.
Тағы рефераттар