Қылмысты норма бәсекелестігі жағдайында саралау мәселесі туралы қазақша реферат

Қылмысты саралау мәселесі теория бойынша да, тәжірибе тұрғысынана алғанда да, күрделі де маңызды мәселелердің бірі, себебі қылмыстық заңның тиімділігі де, бұл заң қолданылған адамның тағдыры да жасалған әрекеттің қалай сараланғандығына байланысты. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің нормаларын қолдануда заңсыздыққа жол бермеуіміз, маңызды мәслелелердің бірі. Мұндай жат қылықтарға, кемшіліктерге жол бермеу үшін сот тергеу материалдарына терең талдау жүргізіп, осы тұрғыдан әр түрлі теориялық пікірлерге толық, жан-жақты ғылыми талдау жасап, осы қылмыстан сақтандыруға негіз болатын ғылыми ұсыныстар жасау біздің  міндетіміз болып табылады.  Нормалардың мазмұнына көз жүгіртсек, жекеленген қылмыс құрамының ерекшеліктерін анықтау,яғни қылмыс құрамына заңдылық талдау жасау болып табылады. Тәжірибе саласында біртектес норманың екі немесе одан да көп қылмыста кездесетіні ақиқат.  Осыған орай қылмысты саралу қиындыққа келіп тіреледі оның анықтаудың қаншалықты маңызды екені өзінен өзі түсінікті. Норма бәсекелестігінде саралау мәселесін дұрыс анықтаудың өте маңызды  тәжірибелік, теориялық мәні бар (35,47б). Біріншіден, қылмыстық құқық норма бәсекелестігінің мазмұнына тоқталсақ, көптеген ғалымдардың тұжырымдары, пікірлері, ұсыныстары бар. Мәселен, В.Н. Кудрявцев, Б.А. Куринов, Н.М. Свидлов, В.И. Малыхин, А.А. Герцезтон, т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. И.Ш. Борчашвили, В.А. Сергиевский, С.М. Рахметов қылмыстық құқық норма бәсекелестігінің мазмұына қарай, толық анықтама берген. В.А. Сергиевскийдің пікіріне сүйенсек: «Қылмыстық құқықтық норма бәсекелестігі дегеніміз – белгілі бір жасалған бір қылмыстың белгілері Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің екі немесе одан да көп баптарының нормаларына сай келсе, яғни қылмыстың бір уақытта диспозициясының бірнеше қолданыстағы нормаларын қамтуын айтамыз»- деп дұрыс пікір айтқан. Б.А. Куринов: «Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық құқықтың норма бәсекелестігі деп- бір ғана қылмыстың бір уақытта Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің әртүрлі баптарын қамтуы болып табылады» — [9,176б.] десе, В.И. Малыхин: «Нормалардың бәскелестігі деп- қоғамға қауіпті жасалған іс әрекеттің белгілерінің бірнеше қылмыстық құқықтық нормаларға сай келуі»- [10,35б] деді. Сол сияқты А.А. Герцензон: «Қылмыстық заңның екі немесе одан көп баптарының нормаларына жасалған қылмыс белгілерінің бар болуын норма бәсекелестігі дейміз», — деген тоқтамға келген. В.Н. Кудрявцевтің анықтамасына сүйенсек, қылмыстық құқықтық нормалардың бәсекелестігі деп- белгілі бір ғана қылмыс жасаған кезде (қылмыстың жиынтығынан, қайталанғанынан өзгеше), қылмыстық құқықтың нормалардың екі немесе одан да көп белгілеріне сай келуін айтамыз. Алайда, қылмыстық құқықтық теорияда қылмыстық құқық норма бәсекелестігінің мазмұнын құрайтын анықтамалар жөнінде әр түрлі пікірлер бар.  Жоғарыда көрсетілген әр бағыт өз алдына маңызды.

Біздің пікірімізше, қылмыстық құқықтық норма бәсекелестігі белгілі жасалған бір ғана қылмыс белгілерінің ҚР ҚК Ерекше бөлімінің екі немесе одан да көп баптары диспозициясының нормаларының сай келуін айтамыз.  Сот және прокуротур, құқық қорғау органдарының тәжірибесінде қылмысты саралау норма бәсекелестігі мен тығыз байланысты.  Сонымен  қатар, норма бәсекелестігіндегі саралауды айтуымыз үшін, норма бәсекелестігінің түрлерін толық қарастыруымыз керек. Қылмыстық заңның норма бәсекелестігі теориялық және тәжірибелік құқықта өзара жекеленген институт болып табылады. осыған орай, нормалар арасындағы басты мәселе бір қылмыстың бірнеше ұқсас нормаларға жатқызылуы. Бұл жерде олардың қайталанғыштығын көруімізге болады. Сонымен қатар өзгешеліктері де кездеседі, ал оларды айқындау біздің міндетіміз. Төмендегі мысалынан норма бәсекелестігін көре аламыз. Мысалы, К. деген ет комбинатының  бастығы басқа азаматпен мәміле жасайды. Мәміледе К. 459т. дайындалмаған етті артығымен жазып жібереді. Осыған орай, районның жоспар беруі 32 пайызға өседі, яғни К. өз қызметін, өкілеттігін қызмет мүдделеріне кереғар пайдаланады, оның бұл әрекеті пайда күнемдікпен және өзінің жеке басының мүддесі үшін жасалынып отыр, сонымен бірге құжатқа көрінеу жалған мәліметтер енгізіп отыр [5,243-252б].

ҚР ҚК төменде көрсетілген қызметтік жалғандық жасау және [314 бап], қызмет өкілеттігін теріс пайдалану [307 бап], яғни өзінің жеке мүддесі үшін мемлекетке зиян келтірді. Тергеушінің міндеті қылмыстық құқықтық норма бәсекелестігінің біреуін таңдау. Осы орайда, норма бәсекелестігінде саралау қызметі жүзеге асырылады. Қылмыстық құқықтық нормалардың  бәсекелестігі нормативтік құбылыс ретінде өте күрделі құрылым болып табылады. ол нормалар тығыз байланысты құрайды, сонымен қатар олардың бір бірінен айырмашылықтары да бар. Екіншіден, қылмыстық құқықтық нормалардың бәсекелестігінің түрлеріне келсек, қылмыстық құқық теориясында көптеген ғалымдардың пікірлері, ұсыныстары бар. Мысалы, В.Н. Кудрявцев норма бәсекелестігін мзмұны мен көлеміне байланысты екі түрге бөледі: 1) жалпы норма және арнайы норма; 2) бөлшек және толық нормалар. Ал, Б.А. куринов үшке бөліп қарастырады. Олар: 1) жалпы және арнайы; 2) арнайы норма; 3) толық және бөлшек норма. В.П. Малков қылмыстық-құқықтық норма бәсекелестігінің түрлерін алтыға бөледі: 1) жалпы және арнайы норма; 2) арнайы норма; 3) республикалық және одақтық мағынада; 4) әртүрлі одақтық республикадағы нормалар; 5) шет мемлекеттің қылмыстық заң нормасымен ұлттық қылмыстық заңның нормасы; 6) ұлттық қылмыстық заң нормасымен халықаралық құқық нормасы. Н.М. Свидлов норма бәсекелестігінің екі түрін көрсетеді: 1) жалпы және арнайы норма; 2) толық және бөлшек норма; В.И. Малыхин норма бәсекелестігінің жеті түрін көрсетеді. В.И. Малыхин профессор В.П. Малковтың пікірін құптайды және өзінің жетекші норма бәсекелестігінің түрін ұсынады: 1) жалпы және арнайы норма; 2) арнайы норма; 3) толық және бөлшек норма;  4) әртүрлі одақтық республикадағы нормалар; 5) шет мемлекеттің қылмыстық заң нормасымен ұлттық қылмыстық заңның нормасы; 6) ұлттық қылмыстық заң нормасы; 7) жалпы одақтық заңдар нормасы және  республикалық норма. Біздің ойымызша, В.Н. Кудрявцевтің ұсынған пікірі дұрыс. Үшінші түрі арнайы норманы бөліп қарастырмасақ болады, өйткені норма бәсекелестігінің көлеміне қарай жалпы және арнайы норма өздігінен болады. Мысалы: Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап)- жалпы норма болып есептелінеді. Мәселен, түсінігі толықмағынада көрсетіліп тұр, ал [314 бап] қызметтік жалғандық жасау- арнайы норма, тек қана қызметтік жалғандық жасаудың белгілері ғана көрсетіледі. В.И. кудрявцев, логикалық тұрғыда қылмыстық-құқықтық норма бәсекелестігінің бірінші түрі арнайы және жалпы норма логикалық қарым қатынасқа бағынады. Бұл қарым қатынастар күнделікті сөзімізде көп кездеседі. Мысалы, заңгер тергеуші- заңгер, бірақ кез келген заңгер-тергеуші емес, яғни бұл мысалдан логикалық тұрғыны көруімізге болады. Нормаларға олардың мазмұны бойынша бәсекелестікке [қарақшылық, 179-бап] пен [қасақана денсаулыққа зиян келтіру, 103-бап] нормаларын мысалыға келтіруімізге болады. Қарақшылық бабы бойынша белгілі норма мазмұнын толық қамтыса, қасақана денсаулыққа зиян келтіруде норма оныңкішкене бөлшегін қамтиды. Мәселен, жоғарыдағы мысалды жалғастырсақ, менің танысым тергеуші бұл толық, ал оның «жауап алуға құқығы бар» — оның бөлшегі. Ал Малыхин  жалпы және арнайы норманың бәскелестігінің әр түрлігін төртке бөліп айқындайды: а) [қарақшылық, 179-бап], яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшырған адамның өмірі мен денсаулығына күш көрсетсе , екіншісі [103-бап] денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірсе- бірінші [179-бап] қылмыстық құқықтық норма өз мазмұнын толық қамтиды, екінші қылмыстық құқықтық норма тек қана белгілі бір бөлшегін қамтиды, алғашқы жалпы сипатта, соңғысы арнайы сипатта. б) белгілі бір көрсетілген баптың тармақтарына байланысты норма бәсекелестігі сараланады. Мәселен, [ұрлық 175-бап], ұрлықтың екінші бөлігінің, бірінші тармақшасы адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша. Бірінші бөлігінде ұрлықтың негізгі құрамы көрсетілген, яғни жалпы норма екінші бөлігінің тармақшасында құрамның саралануы көрсетілген, яғни арнайы норма, в) әр түрлі бапта көрсетілген белгілі қылмыс құрамының сараланған және олардың бір-бірімен негізгі бәсекелестігі, мәселен [96-бап] адам өлтірудің негізгі құрамы қамтылады, яғни жалпы норма, ал [97-бап] жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі, арнайы норма, г) негізгі құрам бәсекелестігі ауырлататын жағдайдағы мән-жайлар құрамының бәсекелестігі. Мәселен, жалпы норма 96-бап, арнайы норма 96- баптық 2- бөлігінің 13- тармағы. Ал, екінші түрі арнайы норма бәсекелестігін Малыхин екі түрге бөліп қарастырады, сонымен қатар саралану ережесін айқандайды: сараланған екі құрамның бір-бірінің бәсекелестігі, ауырлататын мән-жайда ауыртпалықтың әр түрлігі. Жасалған қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі әділ зерттеу жөніндегі заң талаптарын дұрыс орындау норма бәсекелестігінің ерекше көрінісі болып табылады. Сараланған екі құрамның бәсекелестігін төмендегі мысалдан көруімізге болады. Мысалы: ұрлық 175-бап 2-бөлігінің а-тармағы бойынша, осы баптың в-тармағы тұрғын қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қойма заңсыз кірумен жасалған ұрлық.  Қылмысқа келетін зардап, ал 103-баптың 2-бөлігі а-тармағы денсаулыққа қасақана зиян келтіру, екі немесе одан да көп адамға қатысты, өлімге әкеп соқса. Сараланған екі құрамының бір-бірінің бәсекелестігін ауырлататын және жеңлдететін мән-жайлар болса, олардың ауыртпалығының  жеңілдігінің әр түрлігі сипатталады. Қылмыстық құқықтық теорияда және сот тәжірибесінде қылмыстық құқықтық норманың арнайы бәсекелестігі төмендегі категориядан тұрады: қылмыстық іс-әрекет қылмыстық құқықтық нормада жеңілдетілген мән-жайлар мен саралануы керек. Оның пікірін 1924-1977 қабылданған Жоғарғы Соттың мәжілісінің қаулы жинағы мақұлдайды. Қылмыстық құқық нормалардың коллоизиясын айқындайтын болсақ коллизия, яғни қарама-қарсы күштердің, талаптардың немесе мүдделердің қақтығысуы.

Коллизия –екі немесе одан да көп нормаға тәуелді түрде, нақты ресмиленген факті болып табылады. коллизия норма арасындағы олардың келісімінсіз тұрпаты. Нормалар бәсекелестігінде коллизия ұғымы кездеседі. Бұл тұрғыда бір норма- екінші нормаға ұқсас емес, тіпті үшінші нормаға да ұқсамайтын әрекетін саралау. Нақты заң бойынша жалпы нормалар мен арнайы нормалар арасында дұрысын тандай, ескерілмеген. Сондықтан, бұл жерде оны қалай таңдау керек деген сұрақ туады. Әрине теория көмекке келеді. Яғни біз арнайы норманы қолданамыз. Жалпы норма коллизияда теріс салдары үшін резервте тұрады. Тәжірибе тұрғысында арнайы норманы қолдану барлық уақытта өзін-өзі ақтайды. Егерде арнайы нормалар өзара бәсекеленсе онда өкілеттік жеңілірек жаза көрсетуші нормаға көбірек көңіл бөлінеді, яғни ізгілік қағидасымен айқандалады [36,55б]. Қазіргі норма қарау барысында көбінесе ауырлататын мән-жайлар мен жеңілдететін мән-жайлар өзара бәсекеге түседі. Мысалы, адамды аффект кезінде өлтіру (98-бап) болса, бұл кезде 96-баптың 2- бөлігінің 2-тармағы да ауырлататын мән-жайлар ретінде көрсетіліп қойған.  Немесе 99-бапқа сай қажетті қорғану шегінен шығу кезінде адам өлтіру және ауырлататын мән-жайлар болса, онда 96-баптың 2-бөлігінің 2-тармағы ауырлататын мән-жайлар ретінде көрініс табады.
Тағы рефераттар