Мазмұны
Кіріспе……8
1 Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізудегі арнаулы білім институты……11
1.1 Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізуде арнаулы білімді пайдалану ұғымы және нысандары….11
1.2 Қылмыстық іс жүргізудегі сот сарапшысы және маманның құзыреті……24
2 Қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретіндегі сот сараптамасының қорытындысы…..28
2.1 Сарапшының қорытындысын алудың тәсілі ретінде сараптаманы жүргіз…….28
2.2 Дәлелдемелер ретіндегі сарапшы қорытындысының құрылымы және мазмұны……33
2.3. Сарапшы қорытындысын бағалаудың тактикалық ерекшеліктері……41
3 Маманның қорытындысы және жауаптары…..50
3.1 Дәлелдемелерді жинаудың жаңа тәсілі ретіндегі сарапшы қорытындысы ..50
3.2 Маманның қорытындысы мен жауаптарының дәлелдемелік мағынасы……54
3.3 Маман қызметін бағалау……57
Қорытынды……60
Қолданылған әдебиеттер тізімі……62
Кіріспе
Диплом жұмысы тақырыбының өзектiлiгi — ТМД елдерінде, соның ішінде біздің республикамызда да қылмыстық іс жүргізуде сарапшының қорытындысы маңызды болып табылатын қылмыстық іс бойынша дәлелдеменің орны ерекше.
Қылмыстық іс жүргізуде сот сараптамасының ролін дұрыс түсіну оның ары қарай дамуына, қылмыстық істерді тергеу және қарау барысында нәтижелі қолдануда маңызы жоғары.
Осы мәселені зерттеудің қажеттілігі сот танымының мақсаттарының ерекшеліктерінен, қылмысты тану процесінің өзінің ерекшелігінен, нақтырақ айтар болсақ, сот ісін жүргізуде қарастырылып жатқан іске қатысы бар және құқықтық бағалауға жататын және белгілі бір мөлшерде қылмыстық құқық нормаларын пайдалануды анықтайтын фактілердің бекітілуі керектігінен келіп шығады. Барлық қылмыстық іс жүргізу құралдары, соның ішінде сот сараптамасы, қылмыстық заң ұйғарымдарын пайдалануды қамтамасыз ету үшін бағытталған. Сондықтан қылмыстық іс жүргізудің қатысушысы ретіндегі сот сарапшысының ролін айқындап алмай жатып сот сараптамасының мағынасын ашу мүмкін емес.
Іс жүргізу дәлелдемесіне хабардар тұлғаны тартудың екі нысаны тарихи қалыптасқан: тергеуге және сот әрекеттеріне қатысуға маманды немесе сот сараптамасын тағайындау барысында сот сарапшысын тарту арқылы. Арнаулы білімді пайдалану нысандардың әрқайсысы іс жүргізу заңымен регламенттелген және әділ сотты жүзеге асыру барысындағы тиісті өзінің мәртебесі, міндеттері мен іске асырушылық әдістері бар.
Маман мен сот сарапшысының арасындағы негізгі процессуалдық айырмашылық — олардың сот ісін жүргізуге қатысуларының нәтижелеріне байланысты.
Сот ісін жүргізудегі маман мен сот сарапшысының арнаулы білімінің ара жігін айырып алудың нақты процессуалдық шарттарының болмауы сот сараптамасының қылмыстық істің мән-жайларын бекітуді және ғылыми негіздемелерін талап ететін зерттеу ретіндегі түсінікті айқындайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың маңыздылығы сарапшының қорытындысын ғылыми негізделген дәлелдеме ретінде бағалау үшін қажетті, бүгінгі таңда «сот сарапшысының алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген қорытынды» ретінде қарастырылатын қылмыстық іс жүргізудегі сот сарапшысы мен маманның іс жүргізу мәртебесін айқындауды көздейді.
Сот тәжірибесінде мұндай қадам, бір мезгілде, құқық қорғау органдарының мамандырылған криминалистикалық бөлімшелері қызметкерлерінің оларды жүргізулеріне процессуалдық шектеулердің болуы сараптама мекемелерінің жай зерттеулермен жұмыс басты болуына, нәтижесінде арнаулы білімді пайдалануда, соның ішінде сараптаманы жүргізуде процессуалдық бұзушылықтардың тууына алып келеді.
Жұмыстың жаңалығы қылмыстық-құқықтық ғылымда сарапшы қорытындысы мен маман қорытындысы арасындағы ұғымның ара-жігін айырудың мәселелерін зерттеуге арналған қандай да бір зерттеулердің болмауымен, маманның жазбаша жауаптарының жазбаша рәсімделу ерекшелігінің, олардың ең алдымен қылмыстық-құқықтық заңының тиісті нормаларымен белгіленетін қызметтеріне негізделген дәлелдеу процесіндегі мәні көрсетілмегендігімен айқындалады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: Осы жұмыстың мақсаты сарапшы қорытындысының қылмыстық жауапкершіліктің негіздемесін құратын мән-жайларды анықтаудың құралы ретіндегі дәлелдемелік ролін ашу, сондай-ақ маман жауаптарының, содан барып маманның қылмыстық іс жүргізуге қатысушы ретіндегі мәртебесінің мәнін айқындау болып табылады.
Жұмыстың мақсаты дипломдық зерттеулердің төменде аталған міндеттерін айқындайды:
Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білім ұғымы және мазмұны, сарапшы мен маманның жалпы алғандағы арнаулы білім жүйесіндегі орнын анықтауға мүмкіндік беретін түрлі негіздеме бойынша арнаулы білімді пайдланудың нысандарын жіктеу;
сот сарапшысы мен маманның құзіреттілік шегін олардың іс жүргізу мәртебесіне сәйкес анықтау;
сот сараптамасын тағайындау және жүргізу шараларының ерекшелігі, сараптама зерттеулерін арнаулы білімді пайдалану нысандарының бірі болып табылатын қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретіндегі нәтижелерін келесі бағалау;
маманның қорытындысының, қылмыстық істерді тергеу барысындағы жауаптарының орны мен маңыздылығын қарастыру.
Дипломдық зерттеудің қойылған міндеттерін шешу жұмыстың басты тарауларында ұсынылады. Айтар болсақ, бірінші тарауда, қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білім институты, арнаулы білімді пайдаланудың ұғымы мен нысандары, маман және сот сарапшысының құзіреттерін анықтау мәселелері қарастырылған.
Екінші тарауда, сот сараптамасын тағайындау және жүргізу сияқты өзіндік іс жүргізу әрекеттерінің ерекшеліктерін айқындауға әрекеттер жасалды.
Қорытынды, үшінші тарауда, маман қорытындысының дәлелдемелік мағынасы туралы новелла, оның тергеу және сот әрекеттеріне қатысу барысындағы қызметін бағалау туралы қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың теоретикалық негізі ретінде сот сараптамасы және криминалистика саласындағы С.Ф.Бычкова, К.Н.Шакиров, А.А. Исаев, Р.С.Белкин, Е.Р.Россинская, М.С.Строгович және т.б. сияқты ғалым-заңгерлердің іргелі еңбектері, Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі ретінде диалектикалық және формальды логиканы қамтитын жалпыға ортақ әдістемелік әдіс, салыстырмалы талдау әдістемесі, қылмыстық сот ісін жүргізуде арнаулы білімді пайдаланудың тәртібін реттейтін, іс жүргізу заңнамаларының нормаларын салыстыруды жүргізу барысында қолданылған жүйелі қадам және статистикалық әдістері алынды.
Дипломдық жұмыста сондай-ақ, эмпирикалық материал – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының Астана қаласындағы Аймақтық сот сараптамасының ғылыми-өндірістік зертханасының қылмыстық істі қозғау сатысындағы сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу тәжірибелерін жалпылаудың қорытындылары қолданылды.
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық қолданылуы: Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы өте зор, яғни тергеушілер мен судьяларға қылмыстық істі қозғау бойынша іс жүргізу барысында арнаулы білімінің сот сараптамасын тағайындау және жүргізу, сондай-ақ, маманның тергеуге және сот әрекеттеріне тарту сияқты нысандарын қолдану бойынша оқу құралы ретінде қолданылуына болады.
Дипломдық жұмыс / 62 бет
Тағы рефераттар
- Жарнама қызметін жоспарлау
- Мәдениет философиясы
- Кәсіпорынның қаржылық орнықтылығының көрсеткіштері (теңгерім өтімділігі, кәсіпорынның төлем қабілеті, несие қабілеті)
- «Қылмыс субьектісі» мен «қылмыскер тұлғасы» категорияларының арақатынасы және қылмыскер тұлғасы типологиясының мәселелері
- Банктің мәні және оның қызмет ету аясы