Қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау туралы қазақша реферат

Қысқа мерзімді активтердің құрамы құрылымына жүргізілген талдау келесі кестеде көрсетілген.

Кесте — 7 Қысқа мерзімді активтердің құрамын талдау 

Көрсеткіштер

Есепті кезең басы

Есепті кезең аяғы

Өзгерісі (+: — )

Сомасы

Үлес, салмағы

%

Сомасы

Үлес, салмағы

%

Сомасы

Үлес, салмағы

%

  1. Ақша қаражаттары мен олардың эквивалеттері

284473

6,2

620095

14,2

+335622

+8,0

  1.  Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

  1. Қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1744422

38,2

3750663

85,8

 

+2006241

+47,6

  1.   Қорлар

  1. Ағымдағы салықтық активтер

  1. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

7. Өзге де қысқа мерзімді активтер

2542597

55,6

— 2542597

-55,6

Барлығы

4571492

100

4370758

100

-200734

-4,4

Ескерту: ««WASABI»» ЖШС-нің қаржылық есептілік мәліметтері

Кестедегі мәліметтерге сүйене отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдауда мынадай өзгерістер болғаны көрініп отыр. Атап айтатын болсақ, оның құрамын ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді дебиторлық берешек, өзге де қысқа мерзімді активтері жатқызылады.

Ақша қаражаттары салыстырмалы түрде қарасақ олардың мөлшері 335622 теңгеге көбейген. Ал қысқа мерзімді дебиторлық берешек сомасы да . 2006241 теңгеге ұлғайғандығы анықталған. Өзге де қысқа мерзімді активтер есепті жыл басында 2542597 теңгені құрап, ал жыл аяғында мүлдем орын алмаған.

Құрылымына талдауға келетін болсақ, ұйымның ағымдағы активтерінде ақша қаражаттарының үлес мөлшері есепті жылы 14,2%, өткен жылға қарағанда 8%-ке өскен. Қысқа мерзімді дебиторлық берешектің үлесі 47,6%-ке өскен.

Ақша қаражаттары сомасының өсуіне мүмкін әсер ететін факторлар:

—         банк және басқа да қаржылық мекемелерден қарызға алғанда;

—         мемлекет тарапынан субсидия ретінде қаржы бөлінсе;

—         ақшалай түрінде меншікті капиталға салымдардан;

—         өнім(қызмет,жұмыс) үшін алынған аванстар;

—         бағалы қағаздарды сатудан және.т.б.

Ең жоғарғы үлес салмақты дебиторлық берешек алатындықтан ол ұйым үшін өте үлкен тәуекелділікпен байланысты. Өйткені олардың уақытылы қайтарылмауы қаржылық қиындықтарға әкелуі мүмкін.

2010 жылдағы ағымдағы активтер құрылымы

2010 жылдағы ағымдағы активтер құрылымы

Графикалық әдістің көмегімен диаграмма түрінде олардың құрылымын көрсетейік.

Айналым қаражаттары үнемі қозалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысаның өзгертіп) тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыдан кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын (айналым қорларын) сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі –дайын өнімге (тауар нысананы) айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды, қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай -әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.

Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:

А –Қ …Д –А1 ,

мұндағы, А –шаруашылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;

Қ –өндіріс құралы;

Ө -өндіріс;

Д –дайын өнім;

А1 –өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары.

Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын эканомикасын дамытуда оны айналым қаражаттармен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар.

Айналым қаражаттарының  айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардын ішіндегі ең қарапайымы айналым қаражатының айналымдылығының коэффициенті.

Өк-белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны (өнімді өткізуден алынған түсім),

Ок – сол кезендегі айналым қаражатының орташа қалдығы.

Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым қаражатының орташа қалдығы дасол жылға алынады.

Кезекті айналым қаражаттарын анықтау – айналым капиталын тиімді  пайдалану  копшілігінде олардын қажетілігін дұрыс анықтау болып табылады.Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы оң төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналымқаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының көтерінкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.

Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажетілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, комуналдықжәне т.б. шаруашылықтар және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.


Тағы рефераттар