Жоғарыда айтылғандардан басқа 30 млн жыл бұрын жердің тектогенезінде геомагниттік өрістердің инверсиялары мен басқа да құбылыстардың қысқа фазалы процестері байқалды. Олар да өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, адамдарға әсер етті.

Қазіргі заманғы түсініктер бойынша адам мен адам тәрізді маймылдар тармақтары бұдан 4.5 млн жыл бұрын бөлінді. Бұл кездегі адамдарға бірнеше рет түрлі факторлар әсерінен пайда болған радиацияның жоғары дозалары әсер етті. Мысалы, бірнеше қайтара Жердің магнит өрісінің инверсиялары мен рифтогенездің қарқындылығының жоғарылауының әсерінен уранның жоғары концентрациялары гидросфераға, одан құрылыққа түсті.

Бұдан да бұрында айтып кеткеніміздей, геомагниттік өрістің инверсиялары кезінде планетаның магниттік экраны жойылып, Күн мен космостық радиация сәулелері Жердің бетіне еш кедергісіз өтіп биосфераға, әсіресе адамдар организіміне зор қауіп туғызады. Қазіргі кезде, көптеген ғалымдардың пікірінше, мутацияның әсерінен Homo sapіens пайда болған деген жорамал бар.

Г.Н.Матюшин 2.8 млн жыл бұрын болған геомагниттік өрістің инверсиясының әсерінен австралопитектер адамға (”шебер адам”) айналды, ал 1.8 млн жыл бұрын екінші инверсия әсерінен “тік жүретін адам” пайда болып, 690 мың жыл бұрынғы инверсия нәтижесінде питекантроп пайда болды деп жорамалдайды.

Соңғы 600 мың жыл ішінде палеомагнитологтар геомагниттік өріс инверсиясының 12 кезеңін анықтады. Бұл кезеңде планетада геологиялық, климаттық және биологиялық өзгерістер болған. П.Олсонның көрсетуі бойынша, геомагниттік өрістің ең төменгі шегі 2700 жыл бұрын болған, олай болса, оның толық циклы 11400 жыл.

Кестеде инверсиялардың адамның антропологиялық түрінің қалыптасуына әсері көрсетілген. Г.Н.Матюшин 250 мың жыл бұрын болған инверсия сөйлеудің бастапқы түрлеріне ие неандерталдықтардың шығуына себеп болды деп жорамалдайды. Бұл кезеңде Жердің беткі қабатына түскен уранның мөлшері туралы мәліметтер өте аз. С.Г.Неручевтің пікірінше, антропоген кезінде (соңғы 2 млн жыл) уран мен сапропелді органикалық заттардың жинақталу аймақтары рисс-вюрм кезеңі (80 мың жыл бұрын) және голоценде (7-3 мың жыл бұрын) болған.

Жердің магниттік әрісінің соңғы 600 мың жылда өзгеруі 

Европалық шкала

(мың жыл)

Конг Юоуцидің шкаласы (мың жыл) Европалық шкала-ның кезеңдерінің аталуы
  2.9-3.2  
  7-8  
10-12 11-13 Готтенборг
20-24 19-31 Лашами
36-36 41-43 Каргаполова
  50-60  
106-112 110-130 Блейк (х-зона)
218-268 198-215 Днепр-Чеган
326-346 293-311 У-зона
378 400-420 У реки
500 500  
600    

Осы кезеңде неандерталдықтардан неоантроп-кроманьондықтар қалыптасқан. Неоантроптың қалыптасуына 60-50 мың жыл бұрын болған геомагниттік өрістің инверсиясы әсер еткен. (Конг-Юоуци анықтағандай). К.П.Сонетт және оның қызметкерлері (1987) мұздықтардағы бериллий – 10 — ды зерттеу нәтижесінде, 60 мың жыл бұрын өте жаңа жұлдыз пайда болып оның жарқылы кезінде космостық бөлшектер ағыны және бериллий-10 мөлшері ұлғайғанын анықтаған. Бериллий — 10 бэта — бөлшектерді шығарып, оның жартылай ыдырау кезеңі 2,5 млн жылға созылған. Кейін бұл изотоп жауын — шашынмен бірге Жердің үстіне түседі.


Тағы рефераттар