Әлем және Азия Тынық Мұхиты аймағының дамуы жөніндегі болжамдарға сәйкес Қытай ғасырдың ортасында жалпы ұлттық күші бойынша және экономика саласында АҚШ-ты басып озады.
Ал Корей түбегі мыңдаған жылдар бойы Қытай ықпалындағы ел болып келген еді. Қытай оған бақылау жасаудан тек жүзге жуық жыл бұрын ғана айырылған болатын. Қытайға қысым жасау үшін КХДР-дің АҚШ плацдармына айналып кетуі мүмкіндігіне Пекин алаңдаушылық білдіруде. ҚХР үшін әскери-стратегиялық және саяси жағынан алғанда, американдықтардың әскери күшпен КХДР-ды басып алуы тиімсіз болып табылды. Мұның салдары АҚШ-тың Корей түбегіне бақылау орнатуына, Қытаймен шекаралас жерге (Маньчжурия маңында) АҚШ қарулы күштерінің орналасуына әкеп соғады. Сонымен қатар, кейбір ресей мамандары пікірінше, АҚШ-тың Ауғанстандағы террористерге қарсы операциялары, Иракқа қарсы шабуыл нәтижесінде Орталық Азияда құрылған АҚШ әскери базалары АҚШ-қа терроризмге қарсылық көрсету үшін емес, Қытайдың солтүстік-батысына бақылау орнату үшін қажет. Сондай-ақ, ҚХДР-дан «айырылу» ҚХР-дың Азия мен әлемдегі беделі мен сыртқы саяси беделіне нұқсан келтіреді.
Қытайдың ядролық дағдарыс мәселесін шешудегі ролі туралы 2005 жылы ақпандағы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс пен Оңтүстік Корея СІМ-і Бан Ки-Мун кездесуінде Қытайдың бұл мәселені шешуде маңызы зор деп жарияланды [30].
Қазіргі дағдарыс кезінде Пекин әлденеше рет Корей түбегінің ядролық қарусыз мәртебесін қолдайтынын мәлімдеді. Себебі КХДР-да ядролық қарудың пайда болуы Жапония, Оңтүстік Корея, Тайваньды осындай қадам жасауға итермелеуі мүмкін. Бірақ Қытайдың осы қауіптерін пайдалана отырып, оны ҚХДР-ға мейлінше қысым жасауға мәжбүрлегісі келетіндер мына мәселені «аңғармайды». Ол мәселе мынады: ядролық қарудың таратпауға Қытаймен қатар АҚШ та мүдделі. Өйткені Жапония, Корея Республикасы, Тайваньның ядролық қаруға ие болуы американ әскерінің аймақта қалуының қажетсіздігін туғызады, ал бұл жағдай осы елдермен екіжақты әскери альянстарын қайта қарастырып, американ әскерінің шығарылуына әкелуі мүмкін. Бірақ Вашингтонның ең үлкен қорқынышы – АҚШ-тың Кореядағы әскери іс-қимылдарын жүргізуі Ресей мен ҚХР-дің әскери-саяси одағын қайта қалпына келтіруі Қытай ҚХДР-ды АҚШ-пен арадағы буфер секілді ұстауға кең арсеналға ие. Әрі Пекин Солтүстік Кореямен әскери-саяси келісім шартқа ие оның бірден-бір одақтасы болып табылады. Американдықтардың Кореямен саясатындағы соқтығы Кореяда, Ирактан бір ерекшілігі, Қытай ықпалының болуымен түіндіріледі. АҚШ әзірге Қытаймен бұл мәселеге байланысты қарама-қайшылықтарға ие болуға дайын емес. Өйткені бұл бір жарым миллиард адаммен дау-жанжал туады деген сөз, сол себепті Вашингтон Кореяда әскери күш қолдану үшін әлі де көп ойланары анық. Сондықтан, АҚШ тек өз әскерін 38-параллельден әрі асырмайды немесе КХДР-дағы ядролық нысандарға дәл соққы берумен шектеледі.
Сонымен қатар, КХР 1983-1984 жылдардағы жағдайға қарағанда, қазіргі дағдарысты шешуде белсенді позицияны иемденген.
Елдің әрі қарай дамуы үшін қолайлы сыртқы жағдайлар туғызуға бар күшін салатын ҚХР-дің қазіргі басшылығы Пхеньянға белсенді ықпал көрсетуге дайын екендігін білдірді. 2003 жылы ақпанда КХР-дің МАГАТЭ-дегі өкілі КХДР ядролық бағдарламасы мәселесін БҰҰ ҚК-не беру резолюциясына дауыс берді. Дәл сол айда қытайлықтар «техникалық ақауларға» байланысты екі ел арасындағы жалғыз мұнай құбырын жауып, Пхеньянның ядролық мәселеге байланысты саясатына көңілі толмайтынын білдірді.
Солтүстік Корея қоғамдық құрылысы әкімшіл-әміршіл экономикаға, азаматтарға бақылау жүргізуге және елдің сыртқы әлемнен оқшаулығына негізделген тоталитарлық-диктаторлық тәртіп болып табылады.
Қытай, сондай-ақ, КХДР режимін қолдау ісін жеңілдету үшін Солтүстік Кореяны сыртта саясатта сабырлылық және экономиканы қайта құруға шақыруға тырысады. Солтүстік Корея өздерінің жазаланбайтынын байқап (қытайлықтар оларды «сатып кете алмайды», ал мерикандықтар дәл Қытай қасында әскери күш қолдана алмайды), қазіргі режимді сақтау үшін зымыран қаруын жасай бастады. КХДР-дің ядролық қаруды жасау мүмкіндігі туралы КГБ-нің 90 жылдардың басында жүргізілген бақылау жұмыстарында айтылған болатын.
КХДР-дың бұрынғы одақтасы Ресей де Корей түбегінің ядролық қарусыз мәртебесін қолдайды және КХДР-дың ЯҚТК-ден шығу туралы шешімі жөнінде РФ СІМ «бұл қадам халықаралық қауымдастықтың ядролық қаруды таратпауға деген қызметіне нұқсан келтіреді және ядролық қаруды таратпау мәселесін саяси-демократиялық жолмен шешуге тырысатын мемлекеттердің атқарған істеріне әлемдік және аймақтық дәрежеде теріс әсерін тигізеді» деп мәлімдеді.
Путин мен Ху Цзиньгао 2003 жылы мамырда Мәскеуде өткен саммитте қабылдаған декларацияда тараптар ЖҚҚ-ның таратпауды және Корей түбегінің ядролық қарусыз мәртебесін қолдайтынын білдірді. Сонымен қатар, олар Солтүстік Кореядағы дағдарысты шешу үшін Ресей мен Қытай әскери күш қолданбайды және КХДР-дың қауіпсіздігіне кепілдік беріп, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы жағдай туғызуға күш салады деп мәлімдеді [31].
Бірақ Мәскеу позициясының бұл екі аспектісіне үнемі күмән келтіріледі. Кейбір ресейлік саясаттанушылары пікірінше, АҚШ-тағы 2001 жылы 11 қыркүйектегі оқиғасынан кейін Ресей дипломатиясы алдында «зұлымдық ошағына» кіретін мемлекеттермен қарым-қатынасты қайта қарастыру мәселесі тұр. Путиннің мұндай мемлекеттерге байланысты қатаң саясаты туралы кейбір сарапшылар Ресей басқа мемлекеттерді қорғауы үшін өзі әлі де болса, тым әлсіз деген пікірде. Ал басқа сарапшылар Ресей өркениетті мемлекет ретінде басқа елдерге сүйеніш қорғау бола алмайды. Осылайща, Ресей өзінің дәстүрлі одақтастарымен қарым-қатынасты үзбесе де, оларға сүйеніш болмайтынын білдірді.
Ресей дәстүрлі түрде Солтүстік Корея үшін дос мемлекеттерінде танылған болатын. Дегенмен, «қырғи — қабақ» соғысынан кейін Мәскеу Сеулмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан соң, Ресей мен КХДР достастығы үзілді.
Пхеньян өз одақтасынан айырылғаннан кейін жаңа қалыптасқан халықаралық жүйеде саяси және экономикалық оқшауланған күйінде қалды.
Осыған байланысты, Пхеньян өзінің ішкі-сыртқы саясатын қайта қалыптастыру мақсатымен АҚШ және еуропалық мемлекеттермен қарым-қатынас орната бастады. 1994 жылы Женевада АҚШ-КХДР қол қойған келісімі Корей ядролық мәселесін шешудің құқықтық негізі болуы тиіс еді.
Алайда АҚШ-тың өз міндеттерін орындамауы аймақтағы жағдайды күрт шиеленістірді.
Ресей пікірінше, мәселені шешу үшін КХДР-ға қауіпсіздік кепілін беру керек, сондай-ақ, Корей түбегіндегі гуманитарлық және экономикалық бағдарламаларды жаңарту керек. Дәл осы тұста Ресей мен кепілдік беру мәселесін қарастырғысы да келмейтін Вашингтон арасында пікірлер сәйкессіздігі орын алады
Бұған 2003 жылы қыркүйектегі Кэмп-Дэвидтегі Ресей-АҚШ саммитінде тағы да көз жеткізілді. Мұнда В.Путин Дж.Буштан бір ерекшелігі, КХДР-дың ядролық қарудан бас тартуы үшін оған қауіпсіздік кепілдігін беру керек деген ұсыныс айтқан болатын.
Пхеньян қазіргі дағдарыс жағдайында Ресей позициясы туралы өз пікірін білдіруден қашқақтайды. Дегенмен, АҚШ пен оның құрамында Ресей де бар одақтастарының мәлімдемелері мен іс-әрекеттеріне берген жауаптарына қарағанда, тараптардың позициялары үнемі сәйкес бола бермейтіні байқалады. Си — Айлендте (АҚШ) Ресей қатысқан «сегіздік» қабылдаған ядролық қаруды таратпау туралы жоспар КХДР-дың наразылығын туғызды. КХДР СІМ өкілі өз мәлімдемесінде АҚШ және басқа мемлекеттерді КХДР-ға қысым көрсетпек болғандары үшін және «халықаралық қатынастардағы әділдік, теңдік» принциптерін бұзғандары үшін айыптады.
Солтүстік Корея, әсіресе, Ресейдің ядролық қаруды «толық, қайта қалпына келтірілмейтін және тексерілетін жою» жолы принципі мен КХДР-дан уран байыту жұмыстарын тоқтатуды сұрауына көңілі толған жоқ. Пхеньянды жұбатарлық нәрсе ол бұл құжатта тек әскери атом жобаларын тоқтату талп етілген, ал бұл бейбіт атомның дамуына жол ашады.
КХДР-дың берген қатал сынына қарағанда, 2004 жылы мамырда Ресейдің, АҚШ-тың «жаппай қырып-жою қаруының таралуымен күресі бойынша бастамасына» қосылуын КХДР мақұлдамағаны анық.
Осы себепті Ресейді алты жақты келіссөздерге жетелеген факторларға баға беру аса маңызды. Бұл жерде ресейлік дипломатия да өз ролін ойнады. Бірақ негізгі себеп Солтүстік Кореяның Пекин позициясынан көңілі қалуында болып отыр, осыған байланысты Солтүстік Корея өзінің екі держава көршісінің бақталастығын тудырғысы келеді.
Әрі, өткен тарих көрсеткендей, Солтүстік Корея АҚШ-пен дипломатиялық қатынас жүргізуінде көршілес мемлекеттердің қауіпсіздігін есепке алмайтыны белгілі. Сол себепті Солтүстік Корея-АҚШ қатынастарының күтпеген нәтижелеріне Ресей мен Қытай еске сақтауы тиіс.
Тағы рефераттар
- Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау
- Сапа көрсеткіштері
- Қонақ үй мәліметтер қорын құру дипломдық жұмыс
- Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының инновацилық даму жағдайына талдау
- Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру