Тауар биржаларының қызметіне бйланысты негізгі қызмет етуші тұлғалар -биржалық маклерлер мен брокерлер аныкталды.
Маклериаттың негізгі міндеті — биржалық залда биржалық сауданы ұйымдастыру. Маклер — клиенттер тарапынан және тапсырыс бойынша ұсыныс пен сұранысты анықтап, биржа тарапынан келісім шарттарын келісімдеу, тіркеу және рәсімдеу жұмыстарын іске асыратын делдал. Маклер брокерлерге сауда келісімдерін жасауға мүмкіндік береді.
Маклердің функциялары:
• Келісімдерді рәсімдеу, жасау.
• Екі жақ тарапынан келісім міндеттемелерінің орындалуына қадағалау жасау.
• Шарт алдындағы міндеттемелерді бір жақ орындаудан бас тартқан жағдайда, сатып алушылар мен сатушылардың талаптарьш міндетті түрде орындауға бағытталған шараларды іске асыру.
• Биржалық саудалауға түсетін тауар партиясының экспертизасын жасау.
Брокерлер биржада және биржадан тыс, биржа мүшесінің немесе клиентінің тарапынан және олардың қаражатынан, делдалдық қызметтерді сату-сатып алу келісімдерін жасағанда іске асырады. Олар нарық конъюнктурасын, өнімді сатып алу және өткізу мүмкіндіктерін жан-жақты біледі. Олар кішігірім тауар ассортиментінде маманданған. Брокердің негізгі мақсаты — тауарды ортақ нарық айналымына енгізуге көмектесу. Сатушы тауар иелері брокерлерге саудалауға бір күн қалғанга дейін, тауар биржаларында жұмыс істейтін брокерлерге тауар сатылымы туралы тапсырыстарын береді. Брокерлер биржада брокерлік орынды брокерлік бөлімшелер арқылы сатып алған тұлғалар. Саудалаулар секциялар бойынша жүреді. Әр секцияға саудалауды жүргізуші — маклер тағайындалады. Маклер брокерге олардың қалаулары бойынша, ұсыныстарын жариялау үшін сөз ұсынады. Келесі үш минут шеңберінде сұранысты анықтау жүреді, бірақ осы кезде брокер сату шарттарын өзгерте алмайды. Егер брокер өз ұсынысының алынып тасталуы туралы жарияламаса, онда бұл ұсыныс іске асады, және сатып алушы биржалық жиналыс бойы ұсынысты көпшілік өзгерткенге дейін, брокермен келісімге отыруға құқығы бар. Осымен қатар әрбір қалаушы тұлға, биржада өз атынан және өз қаражатынан өзі немесе профессионалды делдалдар — биржалық маклерлер мен брокерлік конторалар арқылы келісімге отыруға құқығы бар. Биржа мүшелері брокерлік бөлімшелерді (контораларды) ұйымдастыруға байланысты ерекше құқықтарға ие болуы керек. Жабық тауар биржаларында, биржа қатысушылары мен бір рет қатысатын тұлғалар атынан, олардың ықыластарын білдіретін биржалық маклерлер мен брокерлер арасында ғана келісімдер жасалынады. Ашық биржаларда биржа клиеттері өздері немесе делдалдар арқылы контрактіге қол қоя алады.
Тауар биржаларының жақсы іс-әрекеті брокерлік бөлімшелерге тікелей тэуелді. Брокерлер негізгі табысты биржа мүшелігінен емес, өзі атқаратын делдалдық іс-әрекетінен алады. Брокер неғұрлым көп келісімдер жасаса, соғұрлым ол жоғары мөлшерде комиссия алады.
Тағы рефераттар
- Джон Ф. Кеннедидің құпия өлімі – ғасыр қылмысы
- Музыкалық қабылдаудың түрлері
- Порталдың ғылыми-әдістемелік-ұйымдастыру жұмысының бағыттары
- Құқық функциясының ұғымы
- Оқулық мәтіндеріндегі лексиканы рөттеудің кейбір мәселелері