Мақта мүшелерінде мыс элементі мөлшері және топырақтан шығуы туралы қазақша реферат

Ауыл шаруашылығы өсімдіктері топырақтан жыл сайын көптеген қоректік  элементерді алып шығады. Ол топырақта қоректік элементтердің тапшылығына алып келеді. Сондай ақ өсімдік мүшелерінде  түрлі элементтер мөлшері  түрліше болады.

Біз осы мақсатта мақтаның өсу кезеңі соңында мақта мүшелерінде  мыс элементінің таралуы және жылдам топырақтан алып шығуы динамикасын зерттедік.

Алынған нәтежелерге қарағанда мыс элементі ең көп мөлшерде мақта тұқымында 14,0 мг/кг  құрғақ зат есебіне, екінші орында  жапырақ, ал кем мөлшерде  мақта талшығында 0,97 мг/кг болғанын анықтадық.

Мақта өсу дәуірі жинау кезеңіне дейін жапырағы төгіліп кетуін есепк алып мыс элементінің әр жылғы  топырақтан негізгі және қосымша өніммен алып шығылуын  есепке алдық. Алынған нәтежелерге қарағанда мақта өніміне қарай жылына гектарынан мыс берілмегенде 23,6г, ал аммофос берілгенде 29,8г, мочевина құрамында  мыс жылына 31,0г мыс элементін алып шығуы анықталды.

Азот пен фосфор қатынасын қалыпты жағдайда пайдалану өсімдіктердің өсіп-өркендеуіне, бойының өсуіне және тұқымының өніп шығуы коэффициентін арттырады.(Колоярова 1970, Чуманов 1989, Деревицкий 1988, Усманов 1989 т.б.)

Азотты фосфорлы қоректендіру мақтаның бойының өсуіне, өсіп-өркендеу процестеріне, өнімі және сапасына әсерін тигізеді. (Малигин 1957, Белоусов 1985). Азот өсімдіктер құрамында фосфор жетіспегенде бойының өсуіне қарамай өсу дәуірлердің келуі уақытын ұзартады. Өсімдік құрамында минералды түріндегі азоттың артуына алып келеді.

Көптеген ғалымдардың анықтауы бойынша калийдің өсімдік тіршілігінде ролі үлкен екендігі анықталды. Калийлі қоректенуді реттеумен биохимиялық процестерді өзгертіп алынатын өсімнің сапасын жақсылауға болады.

Алынған мәліметтерге қарағанда мыс элементін топырақтағы мөлшеріне қарап  4-5жылдан бір рет пайдалануға болады деген болжамға келуге болады.

Біз осы тәжірибемізде мақтаның өнімін анықтадық, мақта өнімін анықтау үшін варианттарға мақта қатарының шеткі екі қатарын қорғау қатарына  қалдырып ортадағы  төртінші қатардың мақтасын қолмен терілді , әр вариант бөлек өнімі теріліп алынды. Барлық терімдерде осылай өнім жиналды. Алынған нәтежелерге қарағанда мыс аммофос және мочевина құрамында  мақтаға берілгенде мақтаның бірінші терім өнімі 70-80 % құрады. Жалпы өнімі мыс аммофос құрамында берілгенде гектарына 35,5 центнер, ал мочевина құрамында берілгенде 37,0 центнер өнім алынып, бақылау вариантымен  салыстырғанда 1,7 және 3,2 центнер қосымша өнім алынды. Алынған мәліметтерді қорыта келе мыс элементінің жай және күрделі тыңайтқыштарға қосып берілгенде  мақтадан гектарына 1,5 -3,5 центнерге дейін қосымша өнім алуға болады деп болжаймыз.

Кесте 1  Мақтаның өсу мүшелерінде мыс элементі мөлшері, г/га.

Мақта мүшесі

Бақылау

Аммофос + Сu

Мочевина + Сu

1

Жапырақ

10,7

14,8

15,5

2

Сабағы

6,1

7,5

7,7

3

Қауашағы

2,5

3,6

3,7

4

Тұқымы

14,0

17,2

17,8

5

Талшығы

0,97

1,5

1,8

6

Барлығы

34,3

44,6

46,5

7

Алқаптан шығады

23,6

29,8

31,0

Кесте  2  Мақтаның өніміне мыс элементінің әсері.

Терім бойынша, %

Жалпы

Қосымша

1

2

3

ц/га

ц/га

1

24,8

6,2

2,8

33,8

2

26,6

5,9

3,0

35,5

1,7

3

27,9

5,9

3,2

37,0

3,2


Тағы рефераттар