«Өскенде кім болғың келеді?» – бұл үлкендер өз балаларына қоятын ең танымал сұрақ. Міне, сенің де қай мамандықты таңдайтының және оны таңдаған кезде қателеспеу керек екенін ойлайтын кез келді. Кәсіби болашағыңды дұрыс таңдау қоғамдағы өз орныңды танудың негізі. Адамның жақсы, өмірлік табысқа жетуіне әсер ететін ең бір маңызды шешімдердің бірі болып табылады.
Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керек екендігін біліп ал. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек.
Кәсіби қызметтің нәтижесі – кез келген жұмыстың негізі. Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіні туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Әрине, мамандық таңдағанда маманға тек қана білімі мен іскерлігі ғана емес, сондай-ақ оның қабілеті мен жеке қасиеттерін дамыту деңгейі жағынан да қандай талаптар қойылатынын білу маңызды.
Мұндай ақпараттарды қайдан алуға болады? Өз мамандығы туралы кәсіби маман ғана жақсы айтып бере алады. Мамандық таңдау алдында кез келген жасөспірім белгілі бір мамандықтың иесі болып табылатын ересек адамдардың қасында болады. Олардың өз мамандықтары туралы қызықты әңгімелері жасөспірімді қызмет саласындағы белгілі бір қызығушылықты дамытудың себепкері болуы мүмкін.
Сонымен қатар, мамандарды ЖОО-да, колледждерде, техникумдарда және басқа да мамандарды дайындайтын кәсіби оқу орындарынан табуға болады. Олармен қалай кездесу керек? Ең қарапайым тәсіл – ашық есік күндеріне келіп, өзіңді қызықтырған факультет деканатының, кафедраның қызметкерлерінен тиісті ақпарат алу. Сонымен қатар, ЖОО-ның кәсіби қызмет туралы, сол мамандық бойынша оқудың ерекшеліктері туралы нақты ақпарат бере алатын қызметкерлерімен жеке кездесу жөнінде келісуіңізге болады.
Енді таңдалған мамандықтың бағыты туралы түсінік. Бірнеше мамандық бойынша осындай түсінік алып, өзіңе не ұнайтынын, ненің ұнамайтынын, немен сәттілікке жететініңді, немен жете алмайтындығыңды шешесің. Мамандықтар туралы ақпаратты қаншалықты көп жинасаң, өлшесең, соғұрлым таңдауың нақты және түсінікті болады.
Мамандық таңдаудың тиімді тәсілдерінің бірі – мектептегі демалыс уақытында кәсіпорындарда тәжірибеден өту. Бұл тәсіл мамандық туралы шынайы түсінік алуға мүмкіндік береді.
Айтпақшы, сен өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдамас бұрын тағы да бір өте маңызды сұраққа жауап беруге тиіссің: «Бұл жұмыс маған не береді?». Көпшілігі жоғарғы еңбекақы алғылары келеді. Шындығында, кейде ол да жұмыстан адам күткендей қуаныш сыйламайды, өйткені адамға даму, жаңашылдыққа ұмтылу тән. Өзгеріске деген ұмтылысың қаншалықты күшті болса, соншалықты тұлғалық және кәсіби өсу үшін өз жұмысыңнан мүмкіндіктерді көп табасың.
Ал мамандық алып, кәсіпті игеру үшін оқу орнын таңдау керек екені түсінікті. Бұл жерде неге назар аудару керек? Кез келген оқу орнының басты құндылығы оның оқытушылық құрамы болып табылады. Мамандарды қалай дайындап шығаратындықтары оның кәсіби шеберлігіне байланысты екендігі саған белгілі. Сабақ кестелерімен де танысқан жөн. Оларда көрсетілген пәндер, сондай-ақ олардың әрқайсысына бөлінген сағат сандары аталған факультет ұсынатын білімнің көлемін бағалауға мүмкіндік береді. Оқу процесінің техникалық және материалдық жабдықталуына да (кітапхана, компьютерлік сыныптар, арнайы жабдықталған бөлмелер және т.б.) назар аударған жөн. Студенттердің, әсіресе осы оқу орнының түлектерінің пікірін тыңдау керек.
Мамандық таңдау – қиын және еңбекті қажет ететін іс және сіз қаншалықты ізденсеңіз, нәтижесі де соғұрлым жақсы болады. Мамандық әлемімен танысуды 5-6 сыныптан бастаған тиімді.
Есте сақтаңыз! Адам жан дүниесінің қалауына сай келетін салада табысқа жетеді. Сондықтан мамандықты таңдағанда немен айналысқан қызықты, немен айналысқанда жан рахатына бөленесіз, соған назар аударған жөн.
Мамандық – бұл сіздің ақылмен сүретін өміріңіз. Өзіңізді қызықтырған саланы қорғай біліңіз және сонымен бірге өзіңіз де дамыңыз, сонда ғана биікке жетесіз!
Пайдалы сілтемелер:
1) www.vyborprofessia.narod.ru – «Танымал мамандықты таңдау» сайты;
2) http://mirsovetov.ru/a/miscellaneous/employment/correctly-choose-profession.html — «Пайдалы кеңестер» сайты;
3) http://shkolazhizni.ru/archive/0/n-11529/ — «Өмір мектебі» сайты;
4) http://www.urc.ac.ru/abiturient/PsyTest/prof.html — «Абитуриент» жалпыресейлік ақпараттық-анықтамалық жүйе;
5) http://www.find-job.ru/profession/ — мамандық таңдау бойынша ақпараттық портал;
6) http://mirsovetov2.ru/page.php?id_n=371 – «Пайдалы кеңестер мен мақалалар» сайты;
7) http://www.goldentime.ru/safe_prof_2.htm — «Алтын уақыт» сайты;
8) http://nsk.erabota.ru/info/articles/5450/ — жұмыс пен қызметкерлерді іздеуге арналған сайт.
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мамандық таңдау», «мамандықты қалай таңдау керек» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар
- Қазақ тіліндегі аударма саласының тарихы
- Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
- Валюталық жүйе, оның түрлері мен элементтері
- Алматы қаласының ауа бассейнінің бұзылу анализдері
- Қорлар жайлы түсінік