Ұқсастықтары 

         Е.В.Тарле де А.З.Манфред те Наполеонның жастық шағын баяндаған кезде оның ерекше еңбекқор болғандығын жазады. “Еңбек пен қатал тәртіпке деген махаббатты  Наполеон анасынан иемденді” деп жазады Тарпе Наполеонның түнеріңкі жүрі ашуланшақ, шыдамсыз болып өскенін баяндай келе, Тарле кейіпкерлерінің өз естеліктеріндегі сөзін келтіреді: “Маған ешнәрсе жақпады. Мен ұрып пен төбелеске жақын едім, мен ешкімнен қорықпайтынмын. Біреуді ұрсам, екіншісін тырнайтынмын, менен бәрі қорқатын” А.З.Манфред те Бонапардта тұйық, саяқ болғандығын, Бриеннде, Парижде, Валанс пен Оксоннда да өз құрдастарымен орналаспағанын, бірақ өз ақысын ешкімге жегізбегенін алға тартып, адамдардың арасында әрқашан жалғыз, сонымен бірге деді екі автор да  Наполеонның кітап сүйгіштігін, жас кезіндегі ағартушыларды қызығып оқығанын, бірақ кейін олардың пікірлеріне қосылмағандығын баяндайды. Манфред Наполеонның 1788 ж Король қаласында әскери қызметте болып “Европада” тақтан тайдырылуға лайық емес билеушілер аз қалды -деп қолжазба дәптеріне жазғанын келтірсе, Тарле 1792 жылы 20 маусымда қарапайым халық Тюильри сарайының ауласына басып кірген кезде, Людовик ХVІ терезеден қарап жиналған халыққа бас иіп сәлем бергенін көрген Наполеонның “Қандай қорқақ! Бұл қара халықты қалай ғана кіргізді! Зеңбіректермен 500-600 адамын атқан кезде, қалғаны қашып кетер еді өздері –ақ” деген сөздерін келтіреді.

Екі тарихшы Бонапарттың Тулондағы шайқастан кейін аты шыққаннан  кейін генерал атағын алғандығын, 1796-1797 жж. Италияға жасаған жорығының сәтті болғандығын сипаттай келе кейіпкерлерінде керек кезде дұрыс шешім қабылдай білетіндігін, артистік қабілетке ие болғандығын жазады. Манфред Бонапардтың жас кезінде жазған көптеген шығармаларын келтірсе, Тарле Наполеонның әр кездері айтқан кейін тіпті қанатты сөздерге айналған сөздерін келтіруінен біз Наполеонның сөз өнерінен жұрдай еместігін білеміз.

Манфред те Тарле де кейіпкерлеріміздің әскери іске қабілеттілігін, дарынды қолбасшы екендігін өміріндегі жеңіс әперген шайқастарын баяндау арқылы көзімізді жеткізеді. 18-19 брюмердегі төңкерістен кейін Наполеонның консул қызметінде шексіз билік иесі болуға құштарлығын өзінің басшылығымекн жазылған конституциясының мазмұнымен танысу арқылы білеміз.

Екі тарихшының шығармасында да бұл конституцияның мәні ашылып, Бонапардтың Францияда да, жаулап алынған елдерде де сөз бостандығын шектегендігі жазылған.

Сонымен бірге өзі император болғаннан кейін Бонапардтар әулетін жалғастыру мақсатымен Австрия королінің қарындасы Мария Луизаға үйленгенімен, өмірінде бір ғана әйелді Жозефинаны жақсы көргенін, Монфред те Тарле де жазды. Ресейден жеңілгеннен кейін Францияға оралған Наполеонның жаңадан құрылған коалицияны Дрезден, Бауцен шайқастарында жеңгеннен кейін, бәрібір бейбіт келісімшарт жасаудан бас тартқандығын, өзіне тиімді мүмкіндікті жіберіп алғанын баяндайды. Сонымен қатар Наполеонның маңындағы Фуше мен Толейранды жоғары қызметке қойса да оларға іштей сенбестігін және осы күмәннің оны алдамағандығын жазады.

Жалпы алғанда, А.З. Манфред те Тарле де оның ұлы қолбасшы, билікқұмар, ержүрек болғандығын жаулап алған елдерде феодалдық тәртіпті жойып, жүргізген соғыстары прогрессивті сипатта болған кезде ғана осы елдерге пайдасы тигендігін жазады.

Екі тарихшы да Наполеонның Ресейге кіргеннен кейін шаруаларды басыбайлықтан босату ойы болғандығын, бірақ оны іске асырмағандығын жазады.

 Айырмашылықтары

         Наполеонның өмірі жайлы жазған А.З.Манфред пен Е.В.Тарленің шығармаларында айырмашылықтар жеткілікті. Бұл айырмашылықтарды төмендегідей бөліп көрсетуге болады.

  1. Жазу стилінде
  2. Мазмұнында
  3. Көзқарастарында

1. Жазу стиліне келетін болсақ Тарле өз еңбегінде негізінен фактілерді, Наполеонның нақты іс — әрекеттерін баяндап, кейіпкерлерінің көңіл – күйін, жан тебіренісін суреттемеген еді. Манфред болса керісінше Наполеонның жан дүниесіне үңілуге тырысып, оның жас кезіндегі дәптерлерін ақтарып, оқырман қауымын Бонапардтың жазған ойларымен таныстырады. Тарихшы көркем әдебиетте көп қолданатын көркем суреттеу әдісін пайдаланған. Мысалы: Наполеонның Эльба аралынан 1100 әскерімен Францияға келіп, 20 наурызда Тюлильри сарайына қошеметпен қайта кіргенін былай суреттейді: “Бұл өмірінідегі ең соңғы бақытты күні еді. Далада көктем тұрды – үміт сыйлайтын кезең, ол Париждің қайталанбас көктемгі лебін дем алып тұрды”. Тарленің тараулары қысқа әрі нұсқа жазылған.

2. Мазмұнына келетін болсақ, Тарле де Манфред те Наполеонның өімірінде орын алған басты оқиғаларды түгел баяндаған. Алайда Манфред Наполеонның жеке тұлғалармен қарым – қатынасына көбірек көңіл бөлген.

Осы орайда ол Наполеонның “Корсиканың атасы” саналған Паоли Паскуалиге жақындағысы келгенін, жас кезінде оған хат жазғанын, Ұлы Француз Революциясы басталғанна кейін Корсикаға келіп өзінің ағасымен бірге аралдың саясаи істеріне белсенді араласқанын, Паолидің оған салқын қарағандығын, ал Корсика аймағынан Францияның Конвентінде депутат болған К. Сальичеттидің Наполеонды қолдағанын бүгей – шүгейіне дейін жазса, Тарле  бұл мәселеге терең тоқталмай тек болған фактілерді ғана келтіреді. Манфред Наполеонның жас кезінде жазған шығармаларын мысал келтіріп, оның сол кездегі идеологиясын қоғамға, өмірге деген көзқарасын білдіруге тырысады. Сонымен бірге өз еңбегінде Наполеонның Қасиетті Елена аралында өмірінің соңында жазған естеліктерінен көп мысал келтіреді. Әрі Наполеон туралы кітап жазған Луи Мадлен, Стендаль, Артюр Шюконың еңбектерін талдайды. Сонымен бірге Наполеонның Жозефинамен кездеспей тұрып, келешекте Норвегия мен Швеция тағына отырған Дезери Клари деген қызға деген сүйіспеншіліктің болғандығын онымен хат алмасып тұрғандығын жазған.  18-19 брюмердегі оқиғада Манфред Слейстің ролін маңызды етіп көрсетсе, Тарле керісінше Наполеонның белсенділігіне назар аударған. Манфред төңкерістен кейін Наполеон мен Слейес арасында билік үшін болған күрес баяндаса, Тарле Селейстің Наполеонның айтуға тұратындай қарсыласы болмағандай етіп көрсетеді.

Сонымен бірге Тарле Наполеонның әр кездері айтқан, тіпті қанатты сөздерге айналған сөз тіркестерін көп келтіреді. Мысалы: “Ұлы нәрседен күлкілі нәрсеге дейін бір – ақ қадам”, “Әр бір солдаттың дорбасында генералдың аса таяғы бар”, “Егер Англия қылышын қынабынан бірінші болып шығарса, мен ең соңғы болып қылышымды қынабыма салам” т.б. с.с. Бұл сөз тіркестер Наполеонның мінезін жақсырақ тануға көмектеседі деген ойдамыз. Сонымен қатар Тарле сол кездегі халықаралық жағдайға көбірек тоқталған әрі жалпы Тарленің еңбегі Манфредтің еңбегімен салыстырғанда фактілерге бай деуге болады. Әрі Наполеонның мінезі Тарленің еңбегінде жақсы ашылған деп санаймыз. Яғни Тарле Наполеонның билеушіге сай мінезінің болғандығын көрсете білді.

3. Екі  тарихшының Наполеон жайлы көзқарастарына келетін болсақ Манфред Наполеонның жас кезінде Корсикаға деген сүйіспеншілігі болғандығын бірнеше рет қайталаса, Тарле “Наполеонның корсикалық патриотизмі  асырып айтудың қажеті жоқ” деп жазады. Тарле Наполеонның ешқашан революционер болмағандығын алғы сөзінде жазса, Манфред оның жас кезінде “Европада тақтан тайдырылуға лайық емес билеушілер аз қалды” деген жазуын келтіріп, “бұдан артық не айтуға болады, революциялық ойлар есеп пе осылар?” деп сұрақ қояды. Манфред Наполеонның Сириядағы Сен – Жан Д’Акр қамалын ала алмай, Египетке келгеннен кейін Жерорта теңізінде ағылшын кемелерінің жүзгенін естіп, өз армиясын Клеберге қалдырып, Францияға жету оған екі жақты қауіпті болғандығын жазады. Сондықтан  автор Наполеон аман  есен еліне оралуды ғана ойлағанын жазса, Тарле кейіпкеріміздің Суворовтың Италияны жаулап алғанын естіп, “Бонапард Директорияға нүкте қойып, билікті иемдену үшін оралды” деп жазған болатын.

Манфред Наполеонның басын қауіпке тіксе де жұлдызы жанып аман есен қауіптен құтылатындығын, тағдырының ерекше болғандығын мысал клтіріп, назар аударса. Тарле мұндай жағдайға мән бермеген еді. Манфред Наполеонның ырымшыл болғандығын бірнеше рет қайталап, екінші рет үйленген кезде Жозефинаның оған “бақыт, жеңіс әпергендігіне” сенгендігін, Ресейге соғыс ашып, шабуыл жасардың алдында Неманнан өтпей тұрып аттан шалқасынан құлағандығын жаман ырымға санап, күнімен көңілсіз жүргендігін жазса, Тарле Наполеонның ырымшылдығы  жайлы бір ауыз айтпай, жоғарыда айтылған мысалдарды келтірмеген еді.

Манфред Наполеонның Ресейге соғыс ашардың алдында сезіктенгендігін, соғысты ашу ашпау жайлы мәселеде күмәнданғандығын баяндаса, Тарле Наполеонның жеңілгеннен кейін барып, “Мен қателестім, бірақ соғысты ашу мақсатында  не болмаса саяси орындылығында емес, жүргізу әдісінде қателестім” деген сөздерін ғана келтіреді. Манфред Наполеонның осы соғысты ашқаннан кейін қатты өкінгенін, Қасиетті Елена аралында бұл компаниясының өміріндегі ең үлкен қателік ретінде санайтындығын жазып, тіпті кейіпкерлерімен бірге өкінетін сияқты. Осы жеңілістен кейінгі бүкіл істерін, ұстанған саясатын Манфред “ол қателіктіғ үстіне қателік жасай берді” деп жазса, Тарле қателік деген сөзді қолданбайды да. Тарле Наполеонның армия солдаттарына “Сендер ашсыңдар, нашар киінгенсіңдер. Мен сендерді құнарлы бай жерлерге апарам” деген сөздерін келтіріп, әскерлері оны қатты жақсы көретін, бірақ ол әскерлерін мұншалықты жақсы көрмейтін” деп жазды. Тарле Наполеонның армиясымен бірге қиналып, бәріне бірдей әділ қарағандығын айта кетіп, бірақ кейбір іс — әрекеттері жасанды болғандығын ескертеді.

Бір сөзбен айтқанда, Тарле Наполеонды билеушіге сай мінезі бар, мойымайтын күшті әскербасшы ретінде көрсете білді, және оны жаулап алушы, саяси қайраткер, тарихи тұлға ретінде қарастырады. Ал Манфред болса, оқырман қауымға Наполеонды ең алдымен ішкі жан дүниесі бар, қателесе алатын, қайталанбас тағдыр иесі ретінде көрсеткісі келген сияқты.

Қорытынды 

Ғылыми ж±мыс екі тараудан төрт тақырыпшадан т±рады. Ж±мыстың бірінші тарауында Е.В.Тарленің “Наполеон” жєне “Нашествие Наполеона на Россию” еңбектері талданған. Автордың “Нашествие Наполеона на Россию” атты кітабында ±станған көз қарасына жалпы сипаттама берілсе, “Наполеон” туындысы терең талданып, жан-жақты зерттелген.Осы тарауда сонымен бірге А.З. Манфредтің “Наполеон Бонапарт” атты еңбегінде талқылаудан өтіп, еңбегіне сипаттама берілген. Тарихшылардың шығармаларының єр бір тарауы сыннан өтіп, м±қият талданған.

Ж±мыстың екінші тарауында А.З.Манфред пен Е.В. Тарленің еңбектеріндегі Наполеон туралы көзқарастарының ±қсастықтары мен айырмашылықтары сараптамадан өтіп, баяндалған. Атап айтқанда екі еңбектің мазм±ны жағынан жазу стилі жағынан авторлардың кейіпкері жайлы ±станған көзқарастары жағынан бір бірінен єжептеуір ерекшеленетіндігі ашып көрсетілген. Қ±рылымы жағынан А.З.Манфредтің еңбегі алғы сөз бен он сегіз тараудан жєне эпилогтан т±рса, Е.В.Тарленің еңбегі кіріспеден, он жеті тараудан жєне қорытындыдан т±рады. Зерттеу ж±мысының барысында қай автор қандай мєселеге көп көңіл бөлгендігін, неге назар аудармағандығы ашылған. Мєселен Е.В. Тарле Наполеонның тірі кезіндегі айтқан қанатты сөздерін көп келтіріп, соның арқасында оқырман қауымға оның мінезін жақсы ашып көрсете білсе, А.З.Манфред Наполеонның жас кезіндегі дєптеріндегі жазған ойларын, Қасиетті Елена аралында жазған естеліктерімен таныстырады. Е.В.Тарле Наполеонның психологиясына үңілгісі келіп, көңіл күйін ішкі ойын жеткізуге тырысады, єрі Наполеонның жеке адамдармен қарым қатынасын сипаттауға көп көңіл бөлген. Е.В.Тарле Наполеонға өміріне қатысты көптеген фактілерді келтірсе, А.З.Манфред Е.В.Тарленің еңбегінде айтылмай қалған оқиғаларды баяндайды. Сонымен авторлардың Наполеонның іс єрекеттеріне деген ±станған пікір т±жырымдары келтірген. Осылай екінші тарауда А.З.Манфред пен Е.В. Тарленің  шығармаларындағы ±қсастықтар мен айырмашылықтар тізбектеп баяндалған.

.

Тағы рефераттар