Маркетинг туралы қазақша реферат
Маркетинг — шаруашылық шешімдерді қабылдау үшін нарықта орын алып жатқан үрдістерді мұқият есепке алуды қарастыратын капиталистік кәсіпорынды басқару жүйелерінің бірі. Маркетинг мақсаты — өндірістің қоғамдық сұранысқа, нарық талаптарына сәйкес болуы үшін жағдай жасау, нарықты зерттеу, өнім өткізуді қарқындату, тауарлардың бәсекелестік қасиетін жоғарлату бойынша ұйымдастырушылық – техникалық шаралар жүйесін құрастыру. Маркетингтің негізгі қызметтері: сұранысты, баға қалыптастыру мәселелерін, жарнама мен өткізуді ынталандыруды зерттеу, тауар ассортиментін, өткізу мен саудалық операцияларды жоспарлау, тауарларды сақтау, тасымалдау, сауда-коммерциялық персоналды басқару, тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша қызмет.
Көптеген зерттеушілер маркетинг — бұл үрдіс деген көзқарасты ұстанады. Бұл үрдіс компания жұмыс істегісі келетін мақсатты нарық сегментін зерттеу ден басталады. Маркетологтар әлеуетті сұранысты және оның көлемін (нарық сегментінің көлемін) анықтайды, яғни қажеттіліктері жеткілікті деңгейде қанағаттандырылмаған немесе нақты тауарлар мен қызметтерге қызығушылық білдіретін сатып алушыларды айқындайды. Нарықты сегменттеу жүргізіледі және сол сегменттің компания ең жоғарғы деңгейде қызмет көрсете алатын бөліктерін таңдау жасалады. Тауарды жасау және тұтынушыға дейін жеткізу жоспарлары, сонымен қатар сұранысқа тауар арқылы, бағаға, тарату арналары мен тауарды жылжыту әдістеріне әсер етудің маркетинг-микс (ағылшынша: marketing mix) стратегиясы жасалады. Жүргізіліп жатқан шараларды және олардың тұтынушыларға әсерінің деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін маркетингтік аудит жүйесі құрылады. Маркетинг көбінесе тауардан емес, тауарды сатып алуға мүмкіндігі бар төлем қабілеті жоғары тұтынушыны іздеуден басталады. Қоғамның прогрессивті дамуына қарай оның мүшелерінің қажеттіліктері де өседі. Адамдар олардың қызығушылықтары мен тілектерін туындататын объектілердің түрлерімен күннен күнге жиі кездесетін болды. Өндірушілер өз тарапынан тұтынушылардың тауарларды сатып алу тілегін ынталандыру үшін мақсатты шаралар жүргізеді. Олар өздері шығаратын тауарлар мен адамдар мұқтаждықтарын байланыстыруға тырысады. Тауарды бір немесе бірқатар ерекше мұқтаждықтарды қанағаттандыру құралы ретінде үгіттейді. Маркетинг қызметшісі мұқтаждықты тудырмайды, ол одан бұрын да бар болған. Әрбір қоғамның алдына қойған мақсат, міндеті болады. Соған сәйкес адамдарды тәрбиелеу өркениетке жету жолында белгілі бір мақсатқа жұмылдыру қажеттіліктері орындалады. Осы орайда материалдық қатынастар да үлкен үлес қоса отырып материалдық экономикалық құрылымының негізі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Нурпейсова М.М. «Качество-ключ к завоеванию рынка» Учебн. пособие // КазЭУ. Алматы. Экономика. 2003 год.
2 2005-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясы. Қазақстан Республикасының.Президенті және Үкіметінің актілер жинағы
3 Ерімбетов И.Р. «Сапаны жақсарту стандарттан басталады» // Егемен Қазақстан 2007, 27 қыркүйек, 2004, №30.
4 Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. ҚР-ның Президентінің үкімімен 2003 жылдың 4 желтоқсанында расталған, №735, Астана 2003.
5 А.Абдрахманов,членПравления МО «СовАсК»
Ш.С.Тажибаев Институт стандартизации, метрологии и сертификации, «Проблемы и перспективы управления качеством в Республике Казахстан» : Алматы, 2007г.
6 ҚР-ның Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» , «Егемен Қазақстан» 2008, 2 наурыз.
7 «Стандарттау мен сертификаттау туралы» ҚР-ның Заңы // «Егемен Қазақстан» // 1993, 17 ақпан.
8 Нұрпейісова А.С. Кластерлік талдау – микродеңгейде бәсекелік қабілетті басқару базасы // «ҚазЭУ Жаршысы», «Экономика» 2007, №3, 72-76 беттер.
9 Узун А. Өнім даярлау стандарттары мен сертификаттары инновациялық менеджменттің негізі ретінде // Ізденіс 2007 жыл №2, 262-264 бет.
10 Жанаев Д.А. Зарубежный опыт повышения конкурентноспособности промышленной продукции // Транзитная экономика 2007год. № 5
11 Ибрагимов С.Р.Сертификация ИСО 9001- это вполне реально // Бухгалтер и налоги 2007год, №11.
12 Ермекова Ж.К. «Качество, конкурентноспособность продукции и ценообразование // Вестник КазЭУ 2005, №4, с. 8-13.
13 Дулатов Б.Н. ИСО 9000- Всемирный стандарт систем обеспечения качество // Бухгалтер и налоги 2007 год, №11.
14 Ж.Е Басовский . «Управление качеством» Учебник. Москва. 2004г.
15 Азгальдов Г.Г. Теория и практика оценки качества товаров. – М.: Экономика, 1982.
16 Огвоздин В.Ю. Управление качеством: основы теории и практики. учебн. пособие. Москва. 1999 год. 160 стр.
17 Сағадиев Ж, Смағұлов А, Барақбаев Б, Қалиев А. «Сертификаттау» Алматы 2002 жыл.
18 Минин Б.А. Уровень качества. Социально- экономические вопросы оценки качества и защита потребителя.-М.: Изд-во стандартов, 2004.
19 Ряполов А.Ф. Сертификация. Методология и практика.- М.: Изд-во стандартов, 1987.
20 Баяхметов С. «Құрылыс экономикасы» Алматы 2005ж
21 Каренов Р.С. Терминология рыночной экономики и бизнеса. Алматы: Гылым, 1994
22 Турсумбаев Б.М., Петренко И.Я., Исмуратов С.Б. Основы организа-ции бизнеса. Учебник. Челябинск, Южно-Уральское кн. изд-во, 2003
23 Трубилин А. Конкурентоспособность – главный фактор эффектив-ности производства // АПК: экономика, управление, 2004.
24 Шувалов А.И. Некоторые аспекты оценки конкурентоспособности изделий. Обновление продукции и конкурентоспособность. М: Знание, 2005.
25 Сергеев И.В. Экономика предприятия. Издание 2-е, перер. и доп. М: Финансы и статистика, 2002.
26 Герчикова И.Н. Маркетинг и международное коммерческое дело. М: Внешторгиздат, 2002.
27 Белый Е., Барашков С. Конкурентоспособность и качество продукции: два уровня управления // Маркетинг, 2005, №4.
28 Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Книга 1-4. Учебник. Алматы: Экономика, 2004.
«О вступлении Казахстана в ВТО» С.Туржанов — директор Департамента малого бизнеса Аппарата Акима г.Алматы. «Казахстанская правда» // №29, 2004, 23 июль.
Тағы рефераттар
- Орта мектепте программалау негіздерін оқыту әдістемесі дипломдық жұмыс
- Интернет торабы курстық жұмыс
- Бағалы қағаздарды банк аясында инвестициялау
- Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары
- Халықаралық туризмнің дамуы