Құқық бұзушылыққа алдын ала жол бермеу туралы қазақша реферат

Құқық бұзушылықтың мүлдем жою мүмкін емес. Жоғарыда қарастырылған теориялардың барлығы, құқық бұзушылық табиғи процесс екенің түсіндірген. Барлық юриспруденция саласы толығымен адаммен байланысты, ал адам бұл күрделі биологиялық, психология – эмоциялық, физиологиялық жиынтықтардан тұратын тірі жан. Сондықтан да, адамды тәрбиелеу, зерттеу керек. Адамнан дұрыс тұлға құру үшін, оған әсер ететін, оны бағындыратын күш керек.

Мемлекет және адамды бағындыру апараты пайда болғанымен, адамзат прогресс жолына түсті. Бірақ, қоғам ішіндегі қарама – қайшылықтар, әсіресе үлкен масштабтағы зиянды қылықтар, адамның жер бетінде өмір сүрунің өзіне қатер әкелу мүмкін. Сондықтан да, мемлекеттің басты шарасы, ол азаматтарға бейбіт өмір, экономикалық жоғарғы деңгей, қаупсіздік гарантиясын беру. Тұлғаға құқық бұзушылыққа алдын – ала жол бермеудің басты шарасы, ол – профилактилық жұмыс жүргізу. Яғни, қоғамды заңдылыққа, тәрбиеге, сыйластыққа үйрету. «Отанды сүю, отбасынан басталады» — деген мақал, құқық бұзушылықты азайту шараның басты принципін көрсетеді. Адамға бала шағынан үлкен назар аударып, оған дұрыс моральдік принциптерге үйретту.

Қазақстан Республикасында қылмыскерді табу, қоғамды «зиянды субьектілерден» тазарту процессімен ішкі органдар айналысады. Ішкі органдардың басты жұмысы, қоғамдағы тәртіпті сақтаумен бірге, құқықты бұзған тұлғаларды сот алдына тарту. Сондықтан да, құқық бұзушылықпен айналасатындар, өздері де жоғарғы моральдік көзқараспен, физиология және психология – эмоцианалды жағынан сау, жоғарғы білімді, адамгершілігі мол тұлғалар болу керек. Өйткені қоғам ішіндегі қайшылықтарды, «шоқтан үлкен өртке» жол бермеу жұмыстарды орындау жеңілге соқпайды. Осы себептен де, мемлекет жағынан, мұндай жұмыспен айналасатындарға үлкен көмек, қамқорлық болу міндет.

Қылмысты дұрыс ашу үшін, оның мәнін, яғни мотивациясын ашатын криминалистер мен психологтар, тұлғаны құқықты бұзуға не итермеледі, қандай фактор әсер етті, қылмысты орындау үшін қандай заттар қолданылғаның зерттейді. Бұл салада жұмыс істейтін адамдар жоғарыда айтылғандарға қоса, жан – жақты білімді, ұстамды, жоғарғы маманды болу керек. Жазаға тарту процессінде, шың қылмыскерді табу, оны айқандай білуде, ешқандай қателік болмау керек. Себебі, ондай қателік орын алса, ол қоғам ішінде үлкен қарсылыққа әкеліп, мемлекетке сенімсіздік сезімін әкеледі. Әрқашанда, қоғам мен мемлекет, адам мен қоғам, адам мен адам арасындағы конфликтерді диалог арқылы шешу керек. «Күш көрсету» саясаты, ешқашанда, прогрестік жолға, бейбіт өмірге әкелмейді.


Тағы рефераттар