Маркетингтің әлеуметік – экономикалық мәні туралы қазақша реферат
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг кәсіпорынның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудың басты бейнесі ретінде қаралады. Осы жағдайға байланысты ол нақты тұтынушылардың, нақты зерттеу мен болжау негізінде мол табыс табуға, сыртқы шығарушы кәсіпорынның ішкі және сыртқы нарықтың қазіргі жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады. Сонымен бірге, кәсіпорынның маркетинг қызметіне бәсекелесті зерттеу, баға саясатын қамтамасыз ету, өнім өткізу мен жарнамалауды ынталандыру, тауарларды өткізуді тиімді ұйымдастыруды жолға қою, тағы басқа да шаралар жатады.
Маркетингтің негізі болып табылатыны – бұл бірін – бірі толықтыратын тәсілдеме. Бұл дегеніміз нарықты жан – жақты және нақтылы зерделеу, сол сияқты нарыққа белсенді ықпал ету, қажеттілікті және тұтынушының артықшылығын қалыптастыру. Дайындаушы мен тұтынушыны байланыстыру және олардың бірін – бірі табуға жәрдем беру – кез келген маркетинг қызметінің басты мақсатына жатады.
Елімізде болып жатқан нарықтық қатынастардың ықпалымен үнемі қозғалыста болатын маркетинг қызметі нарықтың талаптары мен шарттарына толық бағынышты.
Маркетинг – бұл шын мәнінде, кәсіпорынның кез келген шаруашылық қызметін басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.
Маркетинг – бұл нарықты талдау, кәсіпорындар қызметінің әр қилы түрлерінің өзара іс – қимылдарын қамтитын өндірісті ұйымдастыру өнімді өткізудегі кешенді жүйе: баға құрылымы, сату (сатып алу), шикізаттарды жеткізу, өнім (тауарлар) және қызмет көрсету. Тағы басқа әдебиеттерде маркетинг – қазіргі бизнес филасофиясы,ойлау стилі және тұтынушылардың мұқтаждықтары мен тілектерін қанағаттыруға бағытталған мақсат. Сонымен маркетинг бұл – нарықты жан-жақты зерттеу негізінде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен бәсекелестік қабілеттілігін арттыру арқылы пайда табуға бағытталған тұжырымдама.
Маркетингтің негізгі қызметі – сатып алу, сату процесінде ең жоғарғы мөлшерде пайда табуды, сонымен бірге оның міндеті – кәсіпорын қызметінің тұрақтылығын барынша қалыптастыру және стратегиялық мақсатқа жетуді қамтамасыз ету.
Маркетинг қызметінің жүйесінде кәсіпорынның басқа жеке міндеттері шешіледі:
- Нарық, тауарлар, тұтынушылар және бәсекелестер жөнінде сенімді, дер кезінде және шынайы жарнамалармен қамтамасыз ету.
- Кәсіпорынның тауар өндірудегі мүмкіншілігі.
- Тұтынушыларға ықпал ететін сұраныс, нарық, бәсекелестер.
Маркетингтің экономикалық мәні мына төмендегі нәтижелікті тұжырымдайды:
- Тауардың бәсекеге жарамдылығын жасау.
- Тауарларды жылжытуды жеделдету.
- Сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру.
- Өндірістің тиімділігі және тауарлар сату.
Маркетинг қызметі жағдайында нарық екі түрге ажыратылады:
- Сатушы нарығы (рыногы)
- Сатып алушы нарығы (рыногы)
Сатушы нарығы– бұл шын мәнінде, тапшылық нарығы, онда сатушылар үлкен билікке ие болады. Сатып алушы нарығы – бұл шын мәнінде толықтырылған нарық, мұнда сатып алушылар үлкен билікке ие.
Нарықты зерделеу екі жайғасымда жүзеге асырылады: оның ерекшелік сипаты, сыйымдылыққа қажеттілігі және мүмкіншілігі, молықтыру деңгейі, бәсекелестің жағдайы, ұқсас тауарлар шығуының ықтималдығы, т.б.
Ондай және басқадай жайғасымның артықшылығы өнімге бағдарланған маркетинг немесе тұтынушыларға бағдарланған маркетингке алып келеді.
Өнімге бағдарланған маркетинг, мынандай жағдайда қолданылады, егер де кәсіпорынның қызметі жаңа тауарларды шығаруға немесе шығарылғанды жетілдіруге бағдарланса. Мұның негізгі мақсаты – тұтынушыларды жаңа немесе жетілдірген тауарды алуға ынталандыруға болып табылады.
Маркетингтің негізгі принциптері — жалпыға бірдей нысандылығы, яғни тұтынушылардың қалаулары мен нақтылы талаптарына сай өндірістің түпкілікті нәтижелеріне бағдарлануы.
Маркетингтің принциптік әдіснамалына сәйкес кез-келген процестерге тән басқару және өткізудің рыноктық тұжырымдамасының бернесін анықтайық
1-ші кесте. Маркетингтің негізгі бейнелері
Түрлері | Қызмет түрлері |
Талдамалық |
Маркетингтік ортаны талдау, тұтынушылар, тауар құрылымы, жабдықтау көздері, кәсіпорынның ішкі ортасы, бәсекелестер, нарық саралымын анықтау және зерделеу, жарнама саласы. |
Өндірістік |
Талдаманы ұйымдастыру және жаңа тауарлар өндіру, сатып алушылардың қажеттілін қанағаттандыру, олардың ерекшелгі, орамы, бағасы, пайдалану сапасы. |
Өткізушілік |
Тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру, өткізу арналарын таңдау, жинақтау, сұранысты қалыптастыру, өндірісті ынталандыру және баға саясаты. |
Басқару және бақылау
|
Маркетинг жоспарын әзірлеу (бағдарламалар), оларды қаржыландыру, маркетингті ақпаратпен қамтамасыз ету, кадр саясаты, кәсіпорынның ұсынған мақсатының жетістігі, тәуелділікті бағалау, т.б. |
Талдамалық арнаны екі қосалқы бейнеге бөлуге болады: нарықты кешенді түрде зерттеу және кәсіпорынның ішкі ортасын талдау. Бұл екі қосалқы бейне бір – бірімен өзара тығыз байланысты. Нарықтық жағдайда кәсіпорын маркетингтік зерттеуді үнемдеуге тиіс емес, өйткені, мақсатқа жетуді қамтамасыз ету үшін жұмысты көз жұмып істеуге болмайды.
Маркетингтік талдамалы бейненің нәтижесі – оның өндірістік бейнесін және қосалқы бейнесін іске асырудың негізі болып табылады.
Шығарылған тауарлар, өндірілген өнімдер нарыққа келіп түседі. Мұндағы маркетингтің негізгі міндеті тиімді өткізу, оны тұтынушыларға жеткізу.
Маркетингтің негізгі принциптері мыналардан тұрады:
- Тұтынушы мұқтажын, нарықтық жағдайда, кәсіпорынның нақты мүмкіндіктерін дәлме – дәл білу арқылы өнім өндіру.
- Тұтынушы мұқтажын, мейілінше, толық қанағаттандыру, нақтылы мәселелерді шешу үшін оны құралдармен немесе құрал — жабдықтаркешендерімен қамтамасыз ету, балама принцип — өнім өткізетін орындарды іздестіре отырып, өнім өндіру мен қызмет көрсету.
- Нақтылы бір нарық жоспарланған мөлшерде және белгілі мерзімде өнімді өткізумен қызмет көрсетуді тиімді жүзеге асыру.
- Ғылыми – техникалық ойды және нарық жаңалықтарын пайдаланып, тауарларды өткізуді дайындау үшін зерттеулерді ұдайы қорыта отырып, кәсіпорынның өндірістік – коммерциялық қызметінің ұзақ мерзімді нәтижелігінің пайдалалығын қамтамасыз ету.
- Сұранысты қалыптастырумен оған жағдай жасау бір мерзім ішінде ықпал ете отырып, тұтынушылардың үнемі өзгеріп отыратын талаптарына дағдыланудағы өндірушінің жүріс – тұрыс стратегиясы мен тактикасының тұтастығы.
Маркетингтегі бастысы- мақсатты бағдарлану және кешенділік, яғни кәсіпкерлік, шаруашылық, өндірістік және өткізу қызметтерінің қосылуы. Маркетингтің мақсаты — өндірістің жоғары тиімділігін және өндірістік тауарларды сатуды қамтамасыз ету
Маркетингтің құрал — жабдықтарына:
1.Есептеу– мәлімет тіркеу жүйесі. Басқару процессін тиімді ұйымдастыру үшін массалық ақпарат алу мақсатында қолданылатын маркетингтік қызметінің көрінісі.
2.Сұранысты жоспарлау – ғылыми жүргізу формасы, перспективті зерттеудегі шешім. Жобалау пассивті және активті болуы мүмкін. Жобалау кепілдеме жасауға көмектеседі, мысалы, өнім өндіруге, нарықты зерттеуге, бағаны құру, қызмет көрсетуді күшейту, басқарау тиімділігін арттыру.
3.Нарық коньюктурасын талдау – белгілі бір кезеңде және нақты жерде – регионда әлеуметтік – экономикалық, сауда – ұйымдастырушылық және т.б. жағдайдағы өнімді өткізуге қалыптасқан талдау. Фирманың жетістігі жоғары өнім мен қызметтердің, оларды үнемі жаңарту мен жетілдіру, жабдықтаушылармен, тұтынушылармен жұмыс жасаумен анықталады.
4.Жарнама– соңғы мақсатқа жетуге бағытталған, яғни тауар мен қызметтер өткізу мен оларға сұранысты қалыптастыруға бағытталған кешендік іс – шаралар жиынтығы болып табылады.
Мичиган университетінің професоры Е.Макарти «маркетинк-миксті» дамыта отырып, 1960-шы жылы төрт элэменттен тұратын «4р» моделін ұсынған. Ол ағылшынның «р» әрпінен басталатын өнім «produсt», баға «price», орын «plece», және жылжыту «promotion» деген ұғымдардан тұрады. Бұл моделдің ықшамдылығы және сыйымдылығы, оны қабылдаудың қарапайымдылығы, құрылуының логикасы оны теорияда және тәжірбиеде маркетинктік өзгермелерді анықтаудың әйгілі түрі түрі ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Бұл тұжырымдаманы алғаш рет «Дженерал Элэктрик» пайдаланған. Маркетинк-микс тұжырымдамасы негізінде көптеген шетелдік оқулықтардың мазмұны жасалған, оны нарыққа бейімделген фирмалар мен компаниялар өз қызыметінде қолданады. АБДИ компаниясының да маркетинг жүйесі де осы «маркетинг -микс» жүйесінде жұмыс істеуде.
Тағы рефераттар
- Герундийдің сөйлемдегі басты қызметі
- Андронов мәдениеті
- Электронды оқу құралдарын жасау технологиялары мен әдістемесі курстық жұмыс
- Өлшеу құралдары, талдау және жақсарту арқылы ЫМЖ-ны жетілдіру
- Өнер, шеберлік, ұсталық туралы қазақша мақал-мәтелдер