Жоспар:
Кіріспе…………..3
І. Бағдарламалау тіліне жалпы түсінік
1.1. Паскаль программасының негізгі элементтері ……….6
1.2. Программа туралы жалпы түсінік………….8
ІІ Бөлім. Массивтерді программалау
2.1. Массивтер……….10
2.2. Массивті массивке енгізу…………..15
2.3. Массивтің элементтерін өшіру ……….18
2.4.Массивтің элементтерін жағалап іздеу……..20
2.5. Массивтің элементтерін екіге бөліп іздеу………..22
2.6. Массивті индекстері арқылы сұрыптау…………….26
Қорытынды ……..28
Пайдаланылған әдебиеттер…………………..29
Кіріспе
Қазіргі кезде программалау тілінің түрлері көп. Солардың ішіндегі ең танымалысы Паскаль программалау тілі. Өйткені компьютерлік сауаттылық пен программалауды алғашқы кезеңде үйретуге ең қолайлы тіл. Паскаль тілі алгоритмдік тіл ішіндегі кеңінен тараған тілдердің бірі болып табылады. Қарастырылатын Паскаль программалау тілінде программа екі бөліктен тұрады:
- берілгендерді сипаттау;
- алгоритмдік амалдарды бейнелеу немесе операторлық бөлік.
Берілгендер бейнелеу арқылы жазылса, амалдар оператор арқылы жазылады. Синтаксистік жағынан Паскаль программасын екі бөлікке бөлуге болады: программа тақырыбы, блок.
Программа құрылымы төмендегіше болады:
Program <программаның аты>;
Блок: 1. Модульдерді қосу.
- Белгілерді бейнелеу бөлігі.
- Тұрақтыларды бейнелеу бөлігі.
- Типтерді анықтау бөлігі.
- Айнымалыларды бейнелеу бөлігі.
- Функцияларды және процедураларды бейнелеу бөлігі
- Операторлар бөлігі.
Бейнелеу бөлігіндегі программада пайдаланылатын белгілерге, тұрақтыларға, типтерге, айнымалыларға сипаттама беріліп (берілгендер атауы, олардың типтері, мәндері және т.б.), олар хабарланады. Бейнелеу бөлігіндегі көрсетілген бөліктердің бәрі бірдей бар болуы шарт емес. Бейнелеудің жеке бөліктеріне қысқаша тоқталайық:
Uses –бұл жолда программада пайдаланылатын модульдер тізімінен тұрады. Модульдер стандартты және пайдаланушының құрған модульдері болуы мүмкін. Турбо Паскаль жүйесінде бірнеше стандартты модульдер бар. Олардың негізгілері: SyStem – Паскаль тілінің процедуралары мен функцияларын, Турбо Паскаль тілінің қосымша командаларын сүйемелдейді;
DOS- Паскаль тілінің DOS командаларын пайдалануды сүйемелдейді; CRT – Тексттік режимде экранды басқарады; OVERLAY – оверлейлік программаларды, PRINTER – принтерді пайдалануды, GRAPH – экранның графикалық режимінің жұмысын сүйемелдейді. Бұлардың барлығы TURBO.TPU, GRAPH.TPU файлында орналасқан. SyStem модулі тізімде көрсетуді қажет етпейді, ол автоматты түрде қосылады. Программаның орындалу нәтижесін экраннан көру үшін экран бетін кідіріс жасап, ұстап тұруды ұйымдастыру қажет. Кідірісті үш тәсілмен ұйымдастыруға болды: 1) Readln операторымен; 2) <символдық айнымалы>:=ReadKey операторымен; 3) While NOT Keypressed DO операторымен.
Label –белгі ретінде кез келген бүтін оң сан, символ, символдар тіркесі пайдаланылады. Белгі операторды немесе программаның бөлігін табу үшін қолданылады. Белгі оператор алдында орналасады да, қос нүте арқылы ажыратылады. Қажеттіоператорға, программаның бөлігіне оралу белгі арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, Label 5,12,45,Sum, AB.
Берілген мәндерді айнымалыға жазу үшін меншіктеу операторын пайдалануға болады. Мысалы, А:=15, BC:=-16.4.Программаны әмбебап етіп жасау үшін айнымалылардың мәндерін өзгертетін түрде жазу қажет, бұл жағдайда программа айнымалының әр түрі мәндері үшін дұрыс болады. Ол үшін енгізу операторы READ пайдаланылады. Енгізу операторының жалпы түрі READ(а1, а2,…,аn). Мұндағы а1, а2,…,аn – айнымалы атаулары, оларды енгізу операторының параметрлері деп атайды. READ операторы орындалғанда параметрлер өздеріне сәйкес мәндерді қабылдайды, бұл міндетті енгізу файлы INPUT(енгізу) арқылы жүзеге асырылады.
Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE (жазу) операторы пайдаланылады. WRITE(а1, а2,…,аn). Мұндағы а1, а2,…,аn – жай айнымалылар немесе апострофтар ішіне алынған символдар тобы болуы мүмкін. Мысалы, егер В=17,15 болып, write (‘B=’,B) командасы орындалғанда, экранға В=17,15дерегі көрінеді. Бүтін және нақты сандарды шығару үшін сандардың форматын беру қажет. Формат айнымалы атынан соң қос нүкте арқылы жазылады. Нақты сан форматы екі саннан тұрады: 1-сан – санға берілетін орын, 2-сан – үтірден кейін алынатын бөлшек бөлік саны.
курстық жұмыс / 28 бет
Тағы рефераттар
- 17 ғ-дың соңы — 18 ғ-дың басында Қазақстанды орыс ғалымдарының зерттей бастауы
- Объектіге авторлық құқықты қалай тіркеу керек?
- Атом бомбасы және КГБ (Жорес Медведев)
- Биржа және биржа сауда- саттығы түсінігі мен негізгі белгіліері. Биржа түрлерін жіктеу
- Франчайзингтің мәні және экономикадағы рөлі