Махмұд Қашғари «Диуани лұғат ат-түрік» туралы қазақша реферат

Толық  аты-жөні Махмұд ибн ул-Хусайын ибн Мухаммаддин Қашқари. 1029-38 жылдар шамасында туылған. Деректерде әртүрлі айтылып жүр. М. Томанов 1030-1090 жылдарда өмір сүрген десе, кейбір деректерде 1029-1101 жылдары өмір сүрген делінеді. Қазіргі Шу өңірінде Барсған қаласында туылған, Қашқарда өмір сүрген. Әкесі, аталары атақты әскери адамдар болған. Әкесі белгілі Бограханның немересі. Оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан. М.Қашқари білімді алғаш Баласағұн, Қашқар қалаларына алған. Білім алуды кейін Орта Азиядағы орталықтары болған Самарқан, Бұқарада жалғастырып, Мерв, Бағдат қаласында толықтырады. Түркі араб-парсы тілдерін игерген. Ол Қашқардан Римге дейінгі аралықты – түркі халықтары мекен еткен жерлерді түгел аралап, саяхат жасай жүріп, олардың өмірін, мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, тілін, әдебиет үлгілерін зерттеген. Атақты «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі мен «Түркі тілдері синтаксисінің қымбат қасиеттері туралы» атты еңбегі соның негізінде жазылған. Соңғысы бізге  жеткен жоқ. Сөздік жазу жөнінде өзі: «Мен бұл істерді тіл білмегенім үшін емес, қайта бұл тілдердегі әрбір кішігірім айырмашылықтарды анықтау үшін істедім. Әйтпесе мен тілде олардың ең білгір адамдарынан, ең үлкен мамандарынан едім»-дейді. «Диуани лұғат ат-түрік» көркем шығарма емес, ғылыми еңбек, бітімі – сөздік. М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі 1072-1078 жылдары жазылған. Деректерге қарағанда бұл еңбегін өмір бойы жазып, толықтырып отырған. Ол туралы өзі төрт мәрте жазып, Хижра бойынша 466 жылы бітіргенін жазады. Халиф әлі Мұхтариға арнап құрастырған деген дерек бар. Кейбір еректерде көрсетілгендей бұл еңбекті жазуда Исхақ Әл-Фарабидің «Диуан әл-адабин» басшылыққа алған. 

«Диуани лұғат ат-түріктің» зерттелуі, аударылуы

         «Диуани лұғат ат-түріктің» түпнұсқасы сақталмаған. Жалғыз қолжазба данасы Стамбулдың Фатих кітапханасындасақтаулы. Оны 1266 жылы бір Сириялық Әбу Бәкір бин Абдулфатхат деген кісі түпнұсқадан көшіріп алған. 1914 жылы Әли Әмір деген сатып алып, Ахмет Рифат баспасынан үш томды кітап түрінде жарыққа шығарды. Неміс ғалымы Броккельман 1928 жылы Лейпциг қаласында неміс алфавитімен, сол тілге аударып жариялады. Неміс ғалымы Фриц Хаммел сөздіктегі мақал-мәтелдерді неміс тіліне аударып, жеке кітапша етіп шығарды. Басым Аталай 1939-41 жылы Анкарада 3 том етіп Осман түріктерінің тіліне аударып шығарды. Ол – ғылыми аударма болды. 1960-1963 жылдары ғалым Салық Муталлибов өзбек тіліне аударып, Ташкентте үш кітап етіп басып шығарды. Қытайда 1981 жылы ұйғыр тіліне аударылды.  1970 жылы  «Диуани лұғат ат-түріктің» 900 жылдағы Ферғанада аталып өтілді. А. Егеубай Түрік сөздігін толық аударып, 1997 жыл 1,2-томын, 1998 жылы томын «Хант» баспасынан шығарды. Бұл еңбекті тілдік тұрғыдан Н.А.Баскаков, А.Н.Кононов, А.К. Боровков қазақ ғалымдары Ә. Құрышжанов, А. Ысқақов, М. Томанов, Ғ.Мұсабаев зерттеді.

Кейбір ғалымдар тілі ұйғыр тіліне жақын десе, Ғ.Мұсабаев үйсін диалектісіне, яғни қазақ тіліне жақын дейді.

Мысалы:

Алып Ер Тұңға өлгені ме,

Әзіз дүние қалғаны ма.

Тағдыр өшін алғаны ма,

Енді жүрек жыртылды

Тағдырып бағып күзетті

Білдірмей тұзаққа түсірді.
Тағы рефераттар