Мектеп – бұл әрбір бала үшін екінші үй. Ол мұнда тек бастапқы білім алып қана қоймай, адамдармен қарым-қатынасты, әріптестермен бірге өмір сүруді үйренеді. Оның қандай болып өсетіні де дәл осы мектепке байланысты болады. Мектепті таңдағанда неге назар аудару қажет:
1. Мектептің беделі. Сіздің ауданыңыздағы әр түрлі мектеп оқушыларының ата-аналары қандай пікір айтатынын тыңдаңыз. Сонымен қатар мектеп директоры мен ұстаздардың мектеп беделін көтеруге үлесі туралы білу де аса маңызды.
2. Сізге таңдауға ұсынған мектепке кіріңіз. Сіз не сезінесіз? Өзіңіздің көңіл-күйіңізді байқап көріңіз. Сіздің балаңыз әр таңда осы ғимаратқа келіп, көп уақытын осында өткізетін болады.
3. Бұл мектепте асхана бар ма? Әлі күнге дейін көптеген мектептерде тек буфет ғана бар.
4. Сіздің мектепте аптасына қанша оқу күні болады? Егер бес күндік болса, өте жақсы. Екі күн демалыста бала толыққанды тынығып, қайта қалпына келе алады.
5. Сіз таңдаған мектепте бастауыш сынып оқушыларының күні ұзартылған топтар бар ма? Егер ұзарту уақыты сағат 16:00-ге дейін болса, тіпті тамаша. Бұл балаларды түстендіреді, егер бала мектептегі үйірмелерге қатысса, үйірмелерге апарады, үй тапсырмасын орындауға және тексеруге көмектеседі. Жұмыс істеп жүрген ата-аналар сағат 16:00-ге дейін балаларына алаңсыз болады.
6. Мектепте қандай да бір үйірмелер және студиялар жұмыс істейді ме? Бұл баланы оқу күнінен кейінгі ары-бері тасулармен шаршатпауға көмектеседі. Баланың өзін әртүрлі өнерде, спортта қабілетін байқап көріп, таңдай алатын тегін үйірмелер бар ма? Көп балалар бір үйірмеден екіншісіне жазылып, оны тастап жүре береді.
7. Оқушылар ұстаздарының атын айта ма, әлде құрметпен айта ма, соған назар аударыңыз. Бұл көп нәрсе туралы хабардар етеді.
8. Тағы бір өте маңыздысы — күзет бар ма? Негізі бірінші сынып оқушыларын ата-аналарының қолына немесе күтушісінің қолына тапсыруы тиіс. Кей жағдайда мектепте күзет те, бақылау бейнекамерасы да бар, бірақ оқушыларды сабақ аяқталысымен мектептен шығарып жібереді. Баланы кім алып кетті, алып кетсе егер…
9. Сіздің балаңыз қандай бағдарламамен шұғылданатын болады? Кейбір мектептерде бірнеше оқыту бағдарламалары болады. Баланың жасы ұлғайған сайын ол нақты тәртіпке үйрене бастайды. Сол үшін сізге қажетті ұстаз жұмыс істейтін сыныпты таңдаңыз. Ал пән бойынша ұстаздар туралы ақпаратты директордың орынбасарлары беруі керек.
Мектептер қандай болуы мүмкін?
1. Шет тілін тереңдетіп оқытатын. Тілдер (нақтырақ айтсақ, ағылшын тілі) сән-салтанаттан қажеттілікке айналғалы қашан. Осыған орай көптеген мектептер біраздан бері бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқытуға көшкен.
2. Физика-математикалық. Математикалық, физика-математикалық немесе химия-биологиялық мектептерге нақты және шынайы ғылымдарға қабілеті бар оқушыларды, ережеге сай жоғарғы сыныпта ауыстырады.
3. Гуманитарлық. Гуманитарлық бағыт бірнеше жыл бұрын сәнге айналған. Ондай мектептерде өсіп келе жатқан жас буынды логикаға, риторикаға, шығармашылық мәдениетке, құқықтануға және т.б. үйретеді. Алайда, гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептерді таңдағанда абай болу керек: олар гуманитарлық емес пәндерге бейімдеп, ең басты пәндер (әдебиет, тарих, тіл) назардан тыс қалып қояды.
4. Мамандануы сирек мектептер. Бұл жерде оқушыны ЖОО-ның белгілі бір мамандығына түсуге бағытталған, сондай-ақ бітірушіні мектепті бітіре сала жұмысқа тұрғызуға бағытталған оқу орны туралы айтылып отыр. Мұндай мектептер мен лицейлердің бағдарламаларына таңдап алған бағытқа байланысты бухгалтерлік есепті, экономиканы, құқықтануды, программалау тілдерін және т.б. оқыту кіреді. Бұл мектептерге көп жағдайда қабілеті нақты түрде болашақ мамандығын меңзеп тұрған балалар барады. Мұнда енді сіздің тұрғылықты жеріңізге көп нәрсе байланысты. Өйткені, мұндай мектептер барлық қалаларда бола бермейді. Ал егер бар болған жағдайда да, сіздің балаңыз үшін дәл осы мамандық керек деп ешкім кесіп айта алмайды.
5. Көркемдік-эстетикалық. Бұл мектептердің ішінде ең танымалы — балалар күнделікті сабағынан кейін баратын музыкалық білім беру мекемесін айтуға болады. Алайда арнайы маманданған пәндермен қатар жалпыға білім беру пәндерін жүргізетіндер де бар.
Көркем және би мектептерінде де бірінші сыныптан бастап кешенді түрде қосымша оқитындар бар, алайда мұнда жоғарғы сынып оқушыларына да есік ашық. Мұндай арнайы маманданған мектептерде күні бойы оқи отырып, балалар жоғары оқу орнына түсіп, өзінің болашақ өмірін де осы мамандықпен жалғастырады.
Естеріңізде болсын, мектепті таңдау – бұл өте жауапкершілікті және маңызды шара. Мектеп – баланың тұлға болып қалыптасуына өте қатты әсер ететін өміріндегі ең алғашқы әлеуметтік институт. Баланың ақыл-санасының дамуы қарқыны мен сапасы, оның болашақта кәсіби алға жылжуы, сондай-ақ, оның психологиялық, физиологиялық денсаулығы дұрыс жасалған таңдауға тікелей байланысты.
Пайдалы сілтемелер:
1) www.mama.kz– бүкіл отбасына арналған портал;
2) www.shkolazhizni.ru – «Өмір мектебі» танымдық журналы» сайты.
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «мектеп түрлері», «мектеп таңдау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар
- Қазақ радиосы және облыстық мемлекеттік арналар
- Жүк тасымалдаудағы кеден режимінің түрлеріне сипаттама (17 түрлі)
- Қылмысты саралаудың философиялық, логикалық негіздері мен объективтік кезеңдері
- Көмей
- Жұмыскерлер мен басқа да қызметкерлердің дебиторлық борыштар бойынша есеп айрысу операцияларының есебі курстық жұмыс