Жоспары:
Кіріспе
1. Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі мен қажеттілігі
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің пәні
2. Құқықтық реттеудің негіздері мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге асырылуы
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары
Қорытынды
Қосымша кестелер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол-құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғарғы лауазымды иелерінің қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға еркіндік беруін, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуға керек екенін тусінуі қажет.
Құқықтық мемлекет болуына ең бірінші қадамымыз Ата Заңымыздың қабылдануы және де заңдар мен нормативтік актілермен барлық саланың қамтылуы болып есептелінеді. Осылар арқылы мемлекеттік билік пен басқарылу жүзеге асырылады. Соның ішіндегі мемлекеттік басқарудың рөлі өте зор.
Осы курстық жұмыста мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі мен ядросы болып саналатын құқықтық реттеу мәселесі қарастырылған.
Курстық жұмыстың көзделген мақсаты-Республикадағы мемлекеттік басқарудың негізгі әдісі ретіндегі құқықтық реттеудің мәні мен мазмұнын аша отырып, оның негізгі нысандарын анықтап, олардың мемлекеттік басқарудағы алатын орнын, атқаратын қызметін және рөлін анықтау болып табылады. Ал оның рөлі мемлекеттік басқаруда алатын орны ерекше. Сондықтан да мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеуді зерттеу мен саралау қажет.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түсінігі, пәні, қажеттілігі, түрлері, нысаны және тағы басқа теориялық аспектісі ашылып көрсетіледі.
Ал екінші бөлімінде тікелей Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу тақырыбы ашылған және де оның проблемалары мен оны шешу жолдары қарастырылады.
Курстық жұмыстың соңында қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
курстық жұмыс / 26 бет
Тағы рефераттар
- Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы
- Ақпаратты өлшеу сенімділігі және қателерді талдау
- Кәсіпорын балансының төлемқабілеттілігі мен өтімділігін талдау курстық жұмыс
- Кәсіпорындағы маркетингті ұйымдастыр
- Жоғары сынып жасындағы балаларға сипаттама