Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып табылады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді; шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджет кірістерінің негізгі көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттiң құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
1) кiрiстер: /1/
- салықтық түсiмдер;
- салықтық емес түсiмдер;
- негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
- ресми трансферттер түсiмдерi;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттiк кредит беру:
- бюджеттiк кредиттер;
- бюджеттiк кредиттердi өтеу;
5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
- қаржы активтерiн сатып алу;
- мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
6) бюджет тапшылығы (профицитi);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану):
- қарыздар түсiмi;
- қарыздарды өтеу;
- бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджет кiрiстерi салық және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады. Салықтық түсiмдер — Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерден тұрады.
Баршамызға белгiлi елiмiздiң салық жүйесi бiршама өзгерiстерге ұшырап, дамып және нығайып келедi. Бұл орайда 2004 жылдың 1-шi қаңтарынан iске қосылған Салық Кодексiне байланысты салық салу iсiнде көптеген өзгерiстер мен жаңалықтар енгiзiлдi. /2/
2003 жылдың 12 маусымында Жаңа салық Кодексi қабылданып, 2004 жылдың 1-шi қаңтарынан бастап ол iске қосыла бастады. Бұл салық кодексiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, атап айтқанда 9 салық, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттiк баж, 4 кедендiк алым белгiлендi.
Жаңа Салық Кодексi 2004 жылдың 1-шi қаңтарынан Қазақстанда мынадай салықтар енгiзiлдi:
- корпорациялық табыс салығы;
- жеке табыс салығы;
- қосылған құн салығы;
- акциздер;
- жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен арнайы төлемдерi;
- әлеуметтiк салық;
- жер салығы;
- көлiк құралдары салығы;
- мүлiк салығы. /2/
Осы Салық Кодексiндегi 13 түрлi алымдарға:
- заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
- жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
- жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасаған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
- радиоэлекторндық құралдары және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
- механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
- теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
- азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
- дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
- автакөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы;
- аукциондардан алынатын алым;
- елтаңбалық алым;
- жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;
- телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожилiк спектiрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым. /2/
Салық Кодексiндегi төлемақыларға:
- жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
- жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
- қоршаған ортаның ластанғаны үшiн төлемақы;
- жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
- орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
- ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
- радиожилiк спектерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
- кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
- сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.
Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiн құрайтын негiзгi қаржылық көздер – салықтар. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiндегi салықтық төлемдердiң үлесiн келесi 1-шi кестеден көре аламыз.
Кесте 1
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң жалпы кiрiсiндегi салықтық түсiмдердiң үлес салмағы
2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | |
Мемлекеттiк бюджет кiрiсi (млрд. теңге)
Оның iшiнде салықтық түсiмдер |
242,7
178,1 |
279,4
204,1 |
304,1
215,6 |
393,0
330,3 |
587,0
524,1 |
746,9
670,0 |
7961,4
7300,6 |
Салық түсiмердiң мемлекеттiң бюджетiндегi үлесi % | 73,4 | 73,0 | 70,9 | 89,0 | 89,3 | 92,5 | 91,7 |
* Көзі: Статистический ежегодник, 2009 год. – 462 стр.
Кестеден көрсетiлген мәлiметтердi қарастыра келе, қазiргi кезде елiмiздiң бюджетiнiң кiрiс көзiнiң 90%-ы салықтардан тұратыннын көруге болады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзi ұлғайған сайын салықтық түсiмдердiң де өсiп отырғаны байқалады. Себебi, салықтың экономикалық табиғаты өндiрiске байланысты. Өндiрiс бар жерде табыс та бар, одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндiрiстiң дамуына барынша өз ықпалын тигiзiп, өндiрушiлердiң ынтасын арттыруға жағай жасауы қажет. /18/
Мемлекеттiк бюджет бұл мемлекеттiк өкiмет органдарының қызметiн қамтамасыз ету үшiн ақшалай қаражатты қалыптастыру және жұмсалудың негiзгi қаржы жоспары. Мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiредi.
Бюджеттiң табысы – салық және салыққа жатпайтын түсiмдер мен алымдар көлемi, сондай-ақ қайтарылмайтын негiзде бюджетке түсетiн капиталмен жасалған операциялардан түсетiн табыстардан тұрады.
Мемекеттiк бюджеттiң 2007-2009 жылдар аралығындағы мемлекеттiк бюджеттiң орындалу көрсеткiштерi (кесте 2) көрсетiген.
Кесте 2
Мемлекеттiк бюджеттiң орындалуы, млн.теңге
Көрсеткiштер |
2007 ж |
үлес салмағы % |
2008 ж |
үлес салмағы % |
2009 ж |
үлес салмағы % |
Түсiмдер
ТабыстарСалықтық түсiмдер:оның iшiнде: заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы әлеуметтiк салық қосылған құн салығы акциздер мүлiк салығы жер салығы басқа салықтар Салықтық емес түсiмдер Капитал операцияларынан түскен табыс Алынған ресми трансферттер Бюджеттен бұрын берiлген несие бойынша негiзгi борышты өтеу |
598746 587026 524026
163529
51016 99082 115159 19285 14763 5506 55636 38602
24379 3196
8511 |
100,0 98,1 87,5
27,3
8,5 16,5 19,2 3,2 2,5 0,9 9,2 6,4
4,1 0,5
1,4 |
746612 733660 635792
169048
68574 124284 159913 21830 20944 5454 65745 72505
25363 233
12719 |
100,0 98,3 85,2
22,6
9,2 16,6 21,5 2,9 2,8 0,7 8,8 9,7
3,4 0,0
1,7 |
844324 830271 773780
212438
107014 152770 200664 30362 27228 9002 35300 50386
6105 0,0
14063 |
100,0 98,3 91,6
25,2
12,7 18,1 23,7 3,6 3,1 1,1 4,1 6,0
0,7 0,0
1,7 |
* Көзі: Статистический ежегодник, 2009 год. – 462 стр.
2007 жылы мемлекеттiк бюджеттiң орындалуындағы түсiмi 598746 млн. тенгенi құраса, 2008 жылы 746612 млн. теңгенi құраған, ал 2009 жылы 844324 млн. теңгенi құраған. Бұл көрсеткiштерден бюджет түсiмiнiiң жыдан жылға артқанын көруiмiзге болады.
Бюджеттiң табыс бөлiгiнiндегi салықтық түсiмдердiң орындалуына келетiн болсақ, салықтық түсiмдер 2007 жылы –524026 млн. теңгенi, яғни бюджет түсiмiнiң 87,5 пайызын; 2008 жылы – 635792 млн. теңгенi, яғни бюджет түсiмiнiң 85,2 пайызын; ал 2009 жылы 773780 млн.теңгенi, яғни бюджет түсiмiнiң 91,6 пайызын құраған.
Соңғы жылдардың көрсеткiштерiн салыстыру арқылы көрсеткiштердiң ауытқу денгейiн анықтауға болады. Келесi 2 кестеде салық түсiмдерiнiң ауытқуының және өсу қарқынын көруiмiзге болады.
Кесте 3
Мемлекеттiк бюджеттiң орындалуындағы табыс бөлiгiнiң орындалуы млн. теңге
Көрсеткiштер |
2007 ж |
үлесi % |
2008 ж |
үлесi % |
2009 ж |
үлесi % |
Табыстар
Салықтық түсiмдер:оның iшiнде: заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы әлеуметтiк салық қосылған құн салығы акциздер мүлiк салығы жер салығы басқа салықтар Салықтық емес түсiмдер Капитал операцияларынан түскен табыс |
587026 524026 163529 51016 99082 115159 19285 14763 5506 55636 38602 24379 |
100,0 89,2 27,9 8,7 16,8 19,6 3,3 2,5 0,9 9,5 6,6 4,2 |
733660 635792 169048 68574 124284 159913 21830 20944 5454 65745 72505 25363 |
100,0 86,7 23,0 9,3 16,9 21,8 2,9 2,9 0,7 8,9 9,8 3,5 |
830271 773780 212438 107014 152770 200664 30362 27228 9002 35300 50386 6105 |
100,0 93,2 25,6 12,9 18,4 24,1 3,6 3,3 1,1 4,2 6,1 0,7 |
* Көзі: Статистический ежегодник, 2009 год. – 462 стр.
Салықтардың артуына себепшi болған салықты, яғни салық түсiмдерiндегi әрбiр салықтың үлес салмағын келесiден (кесте 3) көруiмiзге болады. Салықтық түсiмдер бюджеттiң табыс бөiгiнiң 2007 жылы 89,2 пайызын, 2008 жылы –86, пайызын, 2009 жылы 93,2 пайызын құрап отыр. Осы жылдарды бұл салықтардың ең көп үлесiн заңды тұлғалардың табыс салығына тиесiлi болып отырғандығын көруiмiзге болады. Ал 2007 жылы жалпы салықтардың iшiндегi ең аз орындалғаны жер салығы болып отыр.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымы мына мәліметтермен сипатталады.
Кесте 4 — Мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы
(млн.теңге)
|
2007 ж |
2008 ж |
2009 ж |
І.Кірістер | 1004566 |
1286734 |
2098511 |
Салықтық түсімдер |
947251 |
1186137 |
1998314 |
Салыққа жатпайтын түсімдер |
44813 |
81500 |
66016 |
Капиталмен жүргізілетін
операциялардан алынатын кірістер |
12502
|
19096
|
34182
|
ІІ.Алынған ресми трансферттер (гранттар) |
— |
— |
— |
ІІІ.Бұрын бюджеттен берілген кредиттер
бойынша негізгі борышты өтеу |
17690
|
18390
|
11351
|
* Көзі: Статистический ежегодник, 2009 год. – 462 стр.
Кестеден көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрап отыр ( қосылған құнға салынатын салық, корпорациялық табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке табыс салығы және т.б.). Бұл кестеден біз салықтық түсімдердің жылдан жылға көбейіп жатқанын көріп отырмыз. Мемлекеттік бюджет кірістерінің басқа көзі – салыққа жатпайтын түсімдер.
Бюджеттің шығыстары – бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізінде бөлінетін қаражаттар.
Тағы рефераттар
- Музыкалық — педагогикалық мәселелерінң әдіснамалық талдаудың маңыздылығы
- Адам өлтірудің субъективтік жағы
- Менің Қазақстаным — менің болашағым балабақшадағы ашық сабақ
- Бихевиоризм
- Жер сілкінісі. Қ.Р-дағы сейсмикалық жагдай