Мемлекеттік бюджеттің атқаратын қызметі және оның әрекет ету шекарасы туралы қазақша реферат

 Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен ұлғайтуының шығыстары, ғылыми – техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) және басқа да шығындар қамтамасыз етеді.

Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы белгілермен сипатталады:

  1. Бөлулік қарым – қатынастың айрықша экономикалық формасы, яғни мемлекет тарапында жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық мүддені қамтамасыз етуге пайдаалануға арналған;
  2. Ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары қоғамдық іс — әрекет  салалары арасында құндылықты қайта бөлуге арналған;
  3. Құндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық қарым – қатынас тауарлық – ақша қарым – қатынаспен тығыз байланыста болса, бұл арада құндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім қозғалысымен тікелей  байланыста емес және одан белгілі мөлшерде бөлек атқарылады;
  4.  Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи кезеңде мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуының сұраныстары мен міндеттемелері бойынша анықталады;
  5. Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбектерімен өзара тығыз байланыста, бірақ олардың арасында бюджеттік бөлу бастапқы жағдайда, себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге әсер етеді.

Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір экономикалық категория сияқты өндірістік қарым – қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалды – құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым – қатынас материалды түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры – бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) – ол мемлекет тарапына, оның жалпы мемлекеттік функцияларын орындауға арналған, құндылық бөлу сатыларын өткен, объективтік экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану – құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол құндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді.

Бюджеттік іс- әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық формалары қолдану негізінде жүргізіледі. Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі өнімді құндылық бөлу процесінің бір жақтарын объективтік түрде көрсететін бюджеттің кіріс және шығыс категориялары айтылады. Бұл категориялар өз алды арнайы қолданылады, яғни кіріс – мемлекеттік бюджеттік ресурстармен (қажетті ақша қаражаттарымен) қамтамасыз етуге арналған, ал шығыс – жалпымемлекеттік функциялар орындауды қаражаттандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге арналған.

Бюджет іс — әрекетінің ұйымдастырушылық формалары ретінде кірістің түсуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер, бюджет тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады. Негізінде, бұл мемлекеттің арнайы заңнамалық актілер қабылдау арқылы реттейтін бюджеттік қарым – қатынастың белгілі формалары.

Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы шаруашылық өз алды болжам —  жоспарлық жүргізуді талап етеді. Бұл, кезекті ретте, бюджеттік қарым – қатынастың осындай болжам – жоспарлық формада әрекет етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтандырылған қорының қозғалысы жоспарлық форма мен бюджеттік байланыстың тұрақты сипаты негізінде болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы құжатында – бюджетте, яғни мемлекеттің негізі қаржы жоспарында анықталады. Бұл құжатта бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу процестері қарастырылған.

Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқа да салалар дамуының қаржы жоспарларына негізделеді, екінші жағынан, көбінесе соларды анықтайды. Ол мемлекеттік бюджеттік жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне шарттасты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономиканың бюджеті болып табылады. Материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы ретінде де мемлекеттік бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілер) және қоғамдық (барлық ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де пайдаланады.

Мемлекеттің  бюджеттік – салық саясатында қаржылық жоспар  — бюджет арқылы іске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік – салық саясаты – ол халықтың ауқаттылығын жоғарлату мен экономикалық  дамуды қамтамасыз етуге арналған іс — әрекеті. Бұл саясат – еліміздегі жұмыссыздықты қысқарту, инфляцияның қамтамасыз етуге бағытталған.

Осындай күрделі мәселелерді шешуге және еліміздің жалпы экономика жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметінде мемлекеттік қаржы басқарудың механизмдері мен құралдарын пайдаланады. Бюджет тарапынан негізгі құралдар ретінде мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік шығыс табылады [7].

Мемлекеттік бюджеттің функциялары, олардың әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттермен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, «қаржы» категориясына қарағанда бюджет ерекше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тән:

—         Ұлттық табысты қайта бөлу;

—         Әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;

—         Экономиканы реттеу мен ынталандыру;

—         Ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен пайдалануын бақылау.

Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір-бірінен бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді.

Бөлу функцияның мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады.

Ақша қаражаттарын өндірістік және өндірістік емес салалар арасында қайта бөлу материалдық өндіріс кәсіпорындардың қаржы ресурстарының бір бөлігін алу арқылы іске асырылады. Содан кейін өндірістік емес сала мекемелерін бюджеттік қаржыландыру жүргізіледі. Мұндай бюджеттік қаржыландырудың ұлттық табысты пайдалануының құрылымын қалыптастыруда рөлі өте зор, себебі мемлекеттік бюджет экономика секторлары арасында ұлттық табысты қайта бөлудің маңызды құралы болып табылады. Әрине, қазіргі уақытта ақша қаражаттарының басым жағы орталықтандырылған қорға мемлекеттік сектордан түседі, бірақ жалпымемлекеттік қажеттіліктері қамтамасыз етуге жеке кәсіпкерлер мен экономиканың мемлекеттік емес саласының басқа да субьектілердің қаражаттары тартылады.

Бюджеттің бөлу функциясының ерекшеліктеріне:бюджеттің қоғамдық өндіріске көп жақты әсері мен нақты нәтижеге жеткізетін жоғары деңгейдегі іскерлігі жатады. Бюджеттің бұл функциясы ақша қаражаттарын экономикалық және экономикалық дамудың басымдылық бағыттарға пайдалануға мүмкіншілік береді де, экономиканың жоғары өсу қарқынына жетуі мен оның тиімділігін жоғарлатуына ықпал етеді.

Бюджеттің бақылау функциясының негізін бюджеттік түсімдер мен шығындар көрсеткіштері арқылы бюджеттік ресурстар қозғалысы қалайды. Мысалы бюджетке уақытында немесе толық төленбеген салықтар мен түсімдер экономиканың кейбір салаларында даму қарқыны төмендегеннің белгісі жатады. Егер бюджет тарапынан қарастырылған қаражаттар толық көлемде пайдаланбаса, онда экономика салалары мен іс-әрекет салаларда экономикалық коньюктура қажетті деңгейде еместігі. Сондықтан, бюджеттік көрсеткіштер экономикадағы осындай кемшіліктерді көрсете отырып, сол кемшіліктерді жою мен бұзылған қаржылық тәртіпті қалпына қайта келтіруге бағытталған нақты шара қарастырып қолдануға негіз болады.

Қазіргі заманның шарттарына сәйкес бюджеттің бақылау функциясы да өзгертуде, себебі ол өз мақсаттарын іске асыруға кең тараған ақпарат пайдалану, автоматталған жүйелер, қаржылық есептемелер, компьютерлер қолдану негіздерінде көп мүмкіншілік алады.

Мемлекеттік бюджет категориясы обьективтік болғандықтан, оның функциялары да обьективті. Бюджет функцияларын бірден оның ішкі потенциялдық қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі ол өзін тек міндетті түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым-қатынастың белгілі саласында көрініс табады. Сондықтан, бюджетке тән қасиеттер көрінісі, оларды бөлу мен бақылау құралдары ретінде пайдалануы тек адамша іс-әрекет процесінде мүмкін, ал ол мүмкіндік мемлекет жасаған бюджеттік механизм арқылы іске асырылады.

Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы болып, бюджеттік қатынастарды нақты түрде экономикалық және әлеуметтік сауалдарды шешуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-әрекетінің обьективтік және субьективтік жақтарының арасындағы арақатынасты дұрыс түсінуі қажет, себебі бюджеттік және оның функцияларының обьективтік сипаты қатынас жүйесіндегі бюджеттің орны мен оның экономиканың даму деңгейіне тәуелді екенін анықтайды.

Сонымен, бюджет функциялары, дәл айтсақ, бюджеттік салық саясаттың функциялары қорытынды функциялары түрде келесілерді құрайды:

А) нарықтан тыс қызмет көрсету;

Ә) кірістерді қайта бөлу;

Б) мемлекеттік реттеу;

В) мемлекеттік бақылауды іске асыру.

Мемлекеттік бюджетті, жалпы басқа да экономикалық категориялар секілді мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымдағы әлеуметтік-экономикалық міндеттерін нақты шешуде пайдаланады. Мемлекет бюджетті өзінің ұйымдастырушылық функциясын іске асырудың маңызды құралы ретінде қолданып, оны экономиканы басқарудың әсершіл құралына айналдырады.

Мемлекеттік бюджеттік – экономиканы басқару құралы ретінде сипаттай отырып, бұл құралдың рөлі обьективті алдын ала анықталғанын айрықша айту керек. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжат ретінде арқылы пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен рөлі оның экономикалық құрал ретіндегі ерекшелігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық құралы болып табылады.

Экономиканың дамуына байланысты оны басқару құралы ретінде бюджеттік бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің ауқымы неғұрлым ірі болса, соғұрлым экономиканың өсу қарқыны жоғары, сондықтан ақша қаражаттарын уақытында қалыптастыру мен тиімді пайдалану процестерін бақылау өте маңызды.

Бюджеттік механизмнің әр түрлі құрылымдық буыны мен элементіне өздерінің орындайтын міндеттеріне сәйкес функционалдық ерекшеліктері тән. Бірақ, бюджеттік механизнің буындары мен элементтері өздерінің қатыстылы дербестігіне қарамай біртұтас болып қызмет атқарады, яғни барлық құрылымдық буындар мен элементтердің өзара байланысты әрекеттері бюджеттік механизмнің біріңғай іс-әрекетін қамтиды.

Сонымен, мемлекет экономиканы басқаруда бюджеттік механизмді белсенді түрде пайдаланады. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарына ақша қаражаттарының қосылымын күшейтуде, сол бағыттарға сәйкес экономиканың салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге, жалпы барлық ресурстар түрлерін тиімді пайдалануда елеулі рөл атқарады. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет өзінің барлық көрініс және пайдалану формаларында экономиканы басқарудың құралы ретінде болып, қоғамдық өндіріске қаржылық құжат, экономикалық тұтқа және ынта түрлерінде интегралды әсер етеді.

Мемлекеттік бюджеттің басқа қаржы буындары арасындағы орны мен мәнін келесідей анықтауға болады. Біріншіден, бюджеттің қаржы жүйесінің басқа буындарынан айырмашылығы – ол қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарында пайдаланатын қоғамдық өнім құнының бір бөлігінің айналымымен байланысты бөліс қатынастардың кең комплексінің бейнеленуі. Бұл мемелекетке бюджет арқылы барлық ел ауқымында құндық бөліс процестерін орталандыра басқаруға мүмкіншілік береді. Екіншіден, бюджет барлық шығыстар мен кірістердің басқа баланстары, қаржы жоспарлар, несиелік және кассалық жоспарлармен тығыз байланысты. Үшіншіден, мемлекеттік бюджет қалыптастыру процесінде макроэкономикалық, қаржылық және өндірістік көрсеткіштер талданады және анықталады, қаржы-несиелік жүйенің барлық буындарының байланыстары үйлестіріледі, сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері қаржы және несие ресурстарымен тұжырымды қиыстыруға жетеді.

Мемлекеттік бюджет арқылы жүргізетін жалпымемлекеттік бақылау қаржы бақылау түрінде іске асырылады. Бұл мемлекеттің экономикалық және қаржылық саясатын іске асыруға арналған әсершіл құрал. Қаржылық ресурстарды бюджет арқылы бөлудің қоғамдық өндіріске әсері сандық және сапалық жақтарымен сипатталады. Сандық жағы бюджет арқылы қайта бөлінген қаржы ресурстарының үйлесімдері мен деңгейі бойынша білінеді. Мемлекеттің қаржы ресурстарының сандық мөлшері жиынтық қаржы баланста көрсетілуі мүмкін. Мұндай балансқа бюджеттік жүйенің барлық ресурстарына қоса Ұлттық қор ресурстары мен барлық меншік формадағы шаруашылық субьектілерінің ресурстары жатады.

Бюджет арқылы бөлінетін қаржы ресурстардың экономикаға тигізетін әсерінің сапалық сипаты келесілермен сипатталады: біріншіден, мемлекет бюджеттік қаражаттар салымының бағыттарын пайдаланады; екіншіден, мемлекет осы қаражаттарды экономика дамуының қосымша ынта ретінде және оларды жұмылдыру мен елдің экономикалық өсуін жетілдіру, өндіріс тиімділігін жоғарлатуға жұмсау әдістерін қолданады [8].


Тағы рефераттар