Мемлекеттік орган: ұғымы, негізгі белгілері туралы қазақша реферат

Мемлекеттік аппарат — қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары:

— мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады;

— мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі;

— мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық,  материалдық және әкімшілік кепілдіктермен қамсыздандырылады;

— мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның екінші бабында: «Мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген.

Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатыастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерінде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын — патшаның билігі орнаған парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет — конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі [1, 10].

Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай принциптермен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысын және құзірітінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес боуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғарғы этикалық дәрежеде орындауы тиіс. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, оны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары — олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33 бабында «Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі» делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру [1, 17б].

Мемлекеттік қызметтің принциптері: заңдылық, мемлекеттің биліктің заң шығарушы, атқарушы жэне сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртүтастығы; азаматтарының құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдыңда басымдығы; мемлекет қызметіне кіруге, қытысуға еріктілігі; өз өкілеттері шегінде жоғару түрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған   шешімдердің   төменгі   мемлекеттік   органдар   қызметшілерінің орындауы үшін мшдеттшігі; мемлекеттік қызметкерлердщ кәсшқойлығы мен жоғарғы біліктілігі [1, 21].
Тағы рефераттар