Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты туралы қазақша реферат

Мемлекеттің әлеуметтік  мақсаты  туралы  мәселе мемлекеттің мәні туралы  мәселеге  тікелей келіп тіреледі.  Сонымен қатар,  өзінің кейбір   аспектілерінде олар қиылысып та жатады.  Жалпы  айтқанда,  мемлекеттің әлеуметтік мақсаты үстемдік етуші тапқа немесе  билік жүргізуші артықшылықтары бар топқа тиімді немесе,  солармен қатар, сондай – ақ  халықтың кейбір  басқа топтарына тиімді тәртіпті бекітуден тұрады.  Мұндай жағдайда мемлекеттің бекітіп,  қорғап және оны жетілдіріп отырған тәртібі кімге пайдалы – үстемдік етуші тапқа  ма,  билік жүргізетін  топқа  ма  немесе  сондай – ақ  халықтың кейбір топтарына ма деген сұрақтардың жауабы  бұл мемлекеттің қандай екендігінен: прогрессивті ме немесе  реакцияшыл ма,  демократиялық па немесе  халыққа қарсы ма, содан мағлұмат береді.

Сонымен бірге  үстемдік етуші таптар, билік жүргізуші артықшылығы бар топтар немесе  халықтың басқа топтары үшін мемлекет орнатқан тәртіптің пайдалылығы неде екендігін көрсету де маңызды.  Аталған субъектілерді мемлекет белгілеген тәртіппен қамтамасыз ететін сол шынайы   материалдық  және рухани игіліктер мен құндылықтарды ашу керек.  Мұндай пайданың объектісі алуан түрлі болғандықтан, теория  жүзіндегі олардың  бейнесі де әр  түрлі болады.  Сондықтан да саяси және мемлекеттік —  құқықтық  ойдың тарихында мемлекеттің әлеуметтік мақсаты туралы мәселенің біріңғай шешімі жоқ.   Алғашында абстрактылы ұғымдар басым болды: мысалы, Платонның, Аристотельдің,  Гегельдің пкірлері бойынша, мемлекет адамгершілікті бекітіп, қалыптастыру үшін қажет. Кейінірек  бұл түсінікке  басқа  әлеуметтік құндылықтар  келіп қосылды.   Мысалы,  Г.Гроций  мемлекеттің мақсаты жалпы игілік деп  санады,  Т.Гоббс —  жалпы  қауіпсіздік  десе, Жан – Жак Руссо – жалпы еркіндік деді. Ал мемлекеттің қазіргі кездегі кең тараған жалпыға бірдей рахат  тұрмыс теориясы,  мемлекеттің мақсаты халықтың     материалдық  және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды, азаматтардың  өмірін,  денсаулығын және  абыройын болуы мүмкін озбырлық, қол сұғушылықтан сақтауды,  сондай – ақ  олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нақты жағдайлармен  қамтамасыз етуі деп біледі.

Мемлекеттің әлеуметтік   мақсаты  проблемаларын  теория жүзінде байыптап түсініп, бүкіл бұған дейінгі тәжірибесін зерттеп,  оны шешудің қазіргі заманғы әдістерін жасауда творчестволықпен  пайдалану қажет.

Ал, олар, түрлі  мемлекеттерге деген дифференциялаунған қарым- қатынасқа негізделуі керек.  Әр түрлі мемлекеттің мақсатын ашып көрсететін бірыңғай формула жасау  мүмкін емес,  өйткені кейде мемлекеттердің қызметі  түрлі игіліктер мен құндылықтарға  қол  жеткізуге  бейімделеді:  біреулерінің  игіліктері мен құндылықтары гағын таптық (элитарлық – топтық)  сипатта облса,  екіншілерінде —  игіліктер мен құндылықтар жалпы адамзаттық сипатта, үшіншілерінде таптық (элитарлық – топтық), сондай- ақ жалпы адамзаттық сипаттағы игіліктер мен құндылықтардың  жиынтығы  болады.  Қорытындысында, қоғамдағы  тәртіптің мемлекет жақтайтын бағытын анықтай отырып, олар (аталған игіліктер мен құндылықтар)    оның күнделікті қызметіне ықпал етеді.


Тағы рефераттар