Менеджер мен бухгалтер – басқару процесінің сарапшысы туралы қазақша реферат
Әдетте менеджерлердің өз салалары бойынша кәсіби шеберліктері жоғары болғанмен басқарушылық ақпараттар оларды жиі-жиі тығырыққа тірейді.
Жоспарлау жөніндегі менеджерлер ұйымның негізгі мақсаттары бойынша шешім қабылдағанда, нәтижеге жетуді болжауда әртүрлі тәсілдерді пайдаланып соңынан оларды іске асыру үшін шешімдер қабылдайды. Бақылау, сараптау және реттеу процестері, ұзақ мерзімді жоспардың іске асырылу мүмкіндігін бағалайды; қандай мәселелер пайда болатынын анықтайды; мақсаттарға өзгеріс енгізу туалы қандай шаралар қабылдау керектігін анықтайдв.
Батыста басқарушылар мен менеджерлердің басқару есебі жөнінде білімді болуына баса назар аударылады. Басқарушыларға қойылатын бірінші талап – есеп терминологиясын білу мен түсіну, ақпаратты дұрыс және уақытында пайдалану, сонымен қатар, экономикалық ақпараттардың мағынасын біліп, түсіну, басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде оларды ойдағыдай пайдалана білу.
Аталған талаптар өнім өндіру, сату немесе қызмет көрсетудің жабдықтау, дайындау сатыларын тиімді басқаруды, сапалы басқарушылық шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Басқарушылықтың тиімділігі жабдықтау, өнім өндіру мен сату, жұмысты орындау мен қызметк көрсету жұмыстарының тиімділігіне қарап анықталады. Сондықтан жақсы менеджер болу үшін бизнестің тілін, ақшаның тілін, есептің тілін оқып үйрену қажет. Егер басқарушылық бухгалтериясының бухгалтері тиісті ақпараттарды дайындамаса, менеджер басқару есебінің жағдайын, ішкі жедел есептің қалыптасыуын білмейтіндікен ұйым объектілерінде жүріп жатқан түрлі процестерді талдап, бақылау жасай алмайды.
Менеджерлер үшін аса маңызды болып табылатын жоспарлау мен бақылау бойынша қабылдаған шешімдерінің сәтті болуының төрт түрлі негізгі мәселесі бар, олар:
— пайдаланушының қамын ойлау;
— жетістікке жетудің басты факторлары;
— қызмет көрсетуді тұрақты түрде жақсарту және қызмет нәтижелерін (көрсеткіштерін) сараптау;
— жоспарды орындап, мақсатқа жетуге бағытталған шараларға қажетті өзгерістер енгізу.
Аталған мәселелерді шешу – менеджер мен басқарушылық бухгалтериясындаағы сарапшы-бухгалтердің біріге отырып атқаратын жұмысына толықтай тәуелді.
Басқару есебі объектілері – тек қана басқарудың бір бөлігі емес (мысалы, тек шығындар), ол кәсіпкерлік қызметінің механизмдері. Елдің көбі басқару есебінің компетенциясы – шығындарды немесе өзіндік құнды, болмаса тек қана өндірістік процестерді басқарумен шектеледі деп санайды, ал шындап келгенде бұл онша дұрыс тьұжырым емес. Нарықтың дамуына байланысты шаруашылық есеп және ол ұсынатын ақпарат кәсіпкерлік қызметін басқарудың басты механизміне айнала түсуде. Оған қоса, егер басқару есебі, оның ақпараттық қамтамасыз етілуі, басқару механизмін реформалаудан кеш қалатын болса, онда қалаған нәтижеге жету қиындай түседі. Сондықтан басқару есебі оның ақпараттық қамтамасыз етілуі, нарықтық экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес, олардан қалыспай тұрақты түрде өрістеп өрістеп отыруға тиіс.
Баяндалған мәселелерді шешу барысында бухгалтердің рөлі күрт өзгереді, басқару есебі әдіснамасының аспектісіне сай оның жұмысына айтарлықтай түзетулер енгізілуі мүмкін. Оның себебі басқарушылықпен айналысатын бухгалтер – сарапшылар есеп шығарудан бастап (шешім қабылдау үшін салыстырмалы сараптама), есепті жүргізу (мәліметтер жинау және есептер бойынша сенімді нәтижелерді көрсету) және басты назар аударылатын ақпаратты анықтауға дейін әр түрлі функцияларды орындайды (менеджерлерге басты назар аударылатын ақпараттарды анықтауға көмек көрсету).
Әрекет етудің әртүрлі нұсқаларын іздеу, алда болатын жағдайлардың өзгерісін болжаумен, күтіп тұрған бәсекелестік туралы ақпараттарды табумен, өндірілген өнімнің келешекте бәсекеге қабілеттілігімен және нарықтық жағдайдың дамуымен тығыз байланысты.
Нарықтық экономикалық жағдайдың қалыцптаксуына сәйкес басқару есебін жетілдіру немесе іс барысында дұрыс шешім қабылдау сарапшы-бухгалтерге қатыстьы арнайы этикалық нормаларға, оның кәсіби шеберлігіне, іскерлік біліктілігіне, саналылығына, сенімділігіне, жауапкершілігіне, белсенділігіне, өз пікірін немесе өзінің көзқарасын қорғай білуіне, талаптылығына, тәртіптілігіне байланысты. Өндіріс технологиясы басқару есебімен тығыз байланысты болғандықтан есепті ұйымдастыру мен басқару саласындағы білімі ғана емес, сонымен қатар өзі жұмыс істейтін өндірістің технологиялық ерекшеліктерін білуі де маңызды болып табылады. Осыған орай басқарушылық процесінде сарапшы-бухгалтердің атқаратын рөлі өте зор.
Осыған байланысты, біздің пікіріміз бойынша, басқарушылықпен айналысатын сарапшы бухгалтерлерге біліктілігімен, кәсіби шеберлігімен, құпияны сақтай білуімен және объектілігімен байланысты өте үлкен этикалық жауапкершілік жүктеледі. Оған қоса, басқару есебі ішкі жедел ұйымдастыру шеңберімен шектеліп қана қоймайды, сонымен қатар жоспарлауды, бақылаудымжәне реттеуді іске асыратын басқарушылық бухгалтерінің кәсіби шеберлігіне де тікелей тәуелді болады. Оның сыртында, басқару есебі жүйклкніп реттелмегендіктен, нарықтық экономикалық жағдай қалыптасқан кезде, ішкі есеп тқрғысынан алып қарағанда шешілуі қиын мәселелердің бірі басқару есебінің ақпараттарын жүйелеу болып табылады.
Басқару есебінің маңызды объектілері болып саналатын шығындар және жауапкершілік орталықтары бар. Сонымен бірге, басқаруесебі жүйесі басқарушыларға, менеджерлерге қажетті ішкі есептің кез келген жедел түріне ауыса алады.
Кез келген процесс бойынша коптеген есеп объектілері пайда болады. Әрбір ішінде есептілік операцияларын атқаратын құжат айналымы жүріп жатады. Мысалы, жабдықтау процесі атқарылатын күнгі құжаттың негізінде алынған ақпаратта материалдық құндылықтарды жеткізушіге, теміржол қызметіне, жүк тиеуге, жүкті түсіруге, сатып алынған материалдарда жеткізуге ақшалай қаржылық төлемақыжасау қажеттігі туралы мәліметтер бар. Осылайша ақшалай қаржылық есеп пен есептесу объектісі пайда болады, әрі төлемақы қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да жүргізілуі мүмкін.
Өзара есептік қарым қатынас – бухгалтерлік есептің көптеген шоттар топтамасының бірі, тауар берушілермен, сатып алушылармен, салықтар бойынша бюджетпен, жүктерді кедендік тексеруден өткізу үшін кеденшілермен, кредиторлармен және банктермен араларында туындайтын күрделі қатынас. Ал басқару жүйесі есептесуге баса назар аударады, себебі олфирманың қаржылық жағдайына әсер етеді.
Әрбір ұйымның келісімшарт негізінде ТМҚ-ды жеткізу барысында төлемақыны хаттау негізінде берушімен арасында есептесу пайда болады. Материалдарды, отынды, қосалқы бөлшектерді жеткізу туралы берушілермен келісімшарт жасау кезінде, менеджерлер берушілермен өздеріне тиімді тауар жеткізудің , мысалы, «Декорт», «Лекаж» сияқты оңтайлы жолдарын таңдауға немесе «СИФ», «КАФ», «Сконто» /3 сияқты жеткізу шарттары бойынша қарастырылған жеңілдіктерді алуға міндетті. Декорт – төлемақыны уақытынан бұрын жасағанда немесе мәміле шарттарында келісілгеннен гөрі сапасы төмен тауарлар жеткізілген кезде тауар бағасына жасалатын жеңілдік. Лекаж – сусымалы немесе сұйық өнімдерге берілетін жеңілдік.
Сонымен қатар, менеджер материалдық қорларды жеткізу бойынша шығындарды азайту үшін, яғни, тасымалдау-дайындау шығындарын (қысқаша – ТДШ) қысқарту мақсатында белсенді түрде жұмыс істеуге тиісті.
Келіп түскен материалдар қоймада кіріске алынады, нәтижесінде «қоймадағы материалдар қозғалысының бухгалтериядағы есебі атты объект» пайда болады. Қоймадағы материалдар өндірістік цехтарға босатылады, сол жерде өнім өндіру процесінде «материалдық шығындар объектісі» бойынша есееп жүргізу ұйымдастырылады.
Аталған процесте хатталған құжаттар негізінде орындалған жұмыс көлемі мен жұмсалған еңбек шығынының есебіжүргізіледі, соның нәтижесінде «еңбек және персоналмен еңбекақы бойынша есептесу объектісі» пайда болады. Еңбек есебінің нәтижесі бойынша еңбекақы есептеліп, еңбекақыдан табыс салығы ұсталып, жинақтау зейнетақы қорларына аударымдар жасалады, осыған орай ұйымда салық бойынша бюджетпен және зейнетақы қорларымен аударымдар, міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және т.б. есептесу объектілері пайда болады.
Өндіріс процесінде цехтың жұмысына негізгі қорлар қатынасады, олар тозады, оларға ай сайын амортизация есептеліп, өндіріс шығындарына жатқызылады, нәтижесінде «негізгі құралдар мен жабдықтардың амортизация есебі бойынша объекті» пайда болады.
Жоғарыда аталған шығындар есепке алынып, шығындар есебінің объектісін құрайды.өндіріс процесінде немесе қызмет көрсету барысында дайын өнімнің немесе жұмыс пен қызметтің есеп объектісі пайда болады.
Өндіріс процесінің әрбір есеп объектісі қолдағы бар ақпараттар негізінде менеджердің басқаруы мен бақылауына тап болады. Оның мақсаты өнімнің өзіндік құнын қысқарту, сапаны, дизайнды жақсарту, өнім өндіру көлемін көбейту, нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы шығындар көлемін азайту.
Алынған өнім мен қызмет түрлері сату процесінде сатып алушыларға әртүрлі жолдар арқылы бағытталып, сатып алушылар және тауар өндірушілермен есептесудің есеп объектісін құрайды. Сатып алушылар өнімге төлемақы жасағанда ақшалай қаржылар келіп түсіп, олардың есебі ақша қаражаттары мен ақшалай ағынды пайдалану есебінің объектісі бойынша жүргізіледі.
Жоғарыда атап өтілгендер , бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік ақпараттардың өзара тығыз байланысты екендігін білдіреді, себебі олар шаруашылық операцияларының үздіксіз екіжақты жазу тәсілі ұйымның есеп процесіндегі қаржы айналымын көрсетеді. Алайда, егер операцияларды бухгалтерлік шоттарға жатқызуға дейін жан-жақты жіктелген жедел ақпарат пайдаланатын болса, басқару есебінің екі жақты жазу тәсілін қолданбауы мүмкін.
Тағы рефераттар
- Өнер, шеберлік, ұсталық туралы қазақша мақал-мәтелдер
- Қазіргі қоғамның жастар туралы саясаты
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік ореалдық мұражайы
- БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫ
- Қазақстан Республикасының жұмыссыздық деңгейі