«Менеджмент» пәнінің пайда болуы туралы қазақша реферат
XIX ғасырдың бірінші жартысында капитализм жаңадан туындап келе жатқан көбірек дамыған елдерде (алғаш Англияда, сосын АҚШ-та) «менеджмент» деген атау алған пәннің негізі қалана бастады.
Ал 80-ші жылдары АҚШ-та, Ескі құрлықпен салыстырғанда, оларды тез алдыңғы шепке шығарған бұрын-соңды болып көрмеген экономикалық «дүмпу» басталды. Өнеркәсіптік революция Солтүстік Американы қаулап алды, содан жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай көбейіп, жаңа индустриялдық компаниялар қарамағындағы кәсіпорындарының шаңырақ астыңда істейтін жүздеген, мыңдаған жұмысшыларын басқаруда, үйлестіруде және ұйымдастыруда бұрын кездесіп көрмеген мәселелермен көзбе-көз кезіге бастады.
1860 жылы АҚШ өндіріс өнімдерінің көлемі бойынша әлемде үшінші орында болатын (Англия мен Франциядан кейін). 1861-1865 жылдардағы азамат соғысынан, яғни капиталистік Солтүстіктің құл иеленуші Оңтүстікті жеңгенінен кейін индустриялизациялау қарқыны бірден өсті. Өнеркәсіпке капитал жұмсау өткен 10 жылдыққа (1880-1898) қарағанда үш есе көтерілді. Осы кезеңде өнеркәсіпке 1,5 млн. жаңа жүмысшылар келіп кірген. Бұған бірнеше факторлар ықпал етті: жақсы табиғи жағдайлар және бай ресурстар (көмір, мүнай, руда, су энергиясы), оларды елде тиімді орналастыру, бос жерлердің үлкен қорының болуы, жұмысшылар кадрларын толықтыратын иммигранттардың көптеп келуі, ішкі нарықтың кеңеюі, Еуропа капиталын пайдалану мүмкіндігін және ғылыми-техникалық тәжірибені қолдану.
Өнеркәсіптің өсуімен ірі өнеркәсіптік корпорациялардың белсенді қызметі басталды (Вендербилттің, Карнегидің, Рокфеллердің, Мортанның). Капиталистік шоғырландыру процесі 70-жылдарда бірден күшейді. Ғасырдың аяғында елдің өнімінің 2/3 бөлігін трестік кәсіпорындар шығара бастады. Ал бұл уақытта темір жолдың 50 %-ін ірі компаниялар өздеріне алды. Соның нәтижесінде темекі, қант және ет консервілеу өндірістері біріктірілді. «Стаңдарт Ойл» мұнай компаниясы мұнай өндірісінің 90 %-ін монополияландырды. 90-жылдарда бұларға көмір, темір, газ, мыс және басқалардың өндірісі қосылды.
XIX ғасырдың аяғында АҚШ университеті елдердің санатынан нық орын алды. Гарвард университетінің қатарына енді Йель, Чикаго, Мичиган және басқа университеттер қосылды. Ғылыми мекемелер желісі кеңейді. 1848 жылы ғылымды дамытудың Американдық ассоциациясы, 1863 жылы Ұлттық ғылым академиясы, 1902 жылы Карнеги институты ашылды.
АҚШ-та XIX ғасырдың аяғынан бастап ірі университеттер жанынан бизнес мектептері ашыла бастады. Бұл мектептер әртүрлі деңгейдегі менеджер мамандарын дайындаудың негізі болып саналады.
Басқару туралы идеяның тамыры тереңде жатыр. Клод Ст. Кіші Джорждың (басқару саласының американдық теоретигі) «Басқару ойларының тарихы» атты кітабындағы «Басқару континуумы» тарауында біздің дэуірге дейінгі 5000 ж. бастап менедж.менттің дамуы суреттелген. Ол туралы бірқатар мәліметтер (қысқартылып алынды) төмендегідей.
Жылдары | Жеке тұлға немесе этникалық топ | Менеджменттің дамуына қосқан негізгі үлестері |
Біздің дәуірге дейінгі 5000 ж | Шумерлер | Жазу; фактілерді тіркеу |
4000
|
Мысырлықтар | Жоспарлаудың, ұйымдастырудың және бақылаудың керек екендігін мойындайды |
2600 | Мысырлықтар | Басқаруды орталықсыздандыру |
1100 | Қытайлар | Ұйымдастырудың, жоспарлаудың, басшылықтың және бақылаудың қажеттілігін мойындайды |
400
|
Соқрат | Менеджмент әмбебаптығының (универсальность менеджмента) принциптерін қалыптастырады |
900 | Әл-Фараби | Басшылыққа талап қояды |
1832 | Чарльз Баббедж | Ғылыми тәсілдемеге ерекше мән береді; мамандандырудың айрықша маңыздылығын мойындайды; еңбекті болу; еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеу; өзіндік құндарды есептеу |
Менеджмент теориясының одан әрі дамуы ғылыми менеджмент жасалған XX ғасырдың басында жалғасын тапты. Дамудың бұл кезеңінде көптеген ғылыми бағыттар пайда болды. Бұл бағыттардың көрнекті өкілдері: Фредерик У. Тейлор, Анри Файоль. Мэри Р. Фоллет, Макс Вебер. Норберт Винер, Игорь Анеофф, Майқл Портер және т.б.
Басқару ғылымының эволюциясын дәлірек әрі терең түсіну үшін басқару ойларының негізгі даму бағьптары туралы нақты ұғымға ие болу керек.
Тағы рефераттар
- Бағалы қағаздарды банк аясында инвестициялау
- Шевроле-Лачеттиді шығындық әдіспен бағалау мысалы
- Несиенің мәні
- Еңбек қызметтің себептері
- Барлыбай батыр