Менеджменттегі жоспарлау туралы қазақша реферат
Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау:
— ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;
— алға қоылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді;
— міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.
Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс-жолдарын таңдап алу табылады.
Жоспарлау мынадай сұрақтарға жауап береді:
- біздің қазіргі, бүгінгі күнгі жағдайымыз қандай?
- болашақта біз қандай болуымыз қажет?
- осы жолда нендей кедергілер орын алған?
- мақсатқа жетуге қандай әрекеттер жасағанымыз орынды?
Осыдан барып жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатын төменгідей міндеттерді атап өтуге болады:
- нақтылы мерзім ауқымында белгіленген мақсаттар мен оны орындаудағы іс-әрекеттер;
- қажет етілетін адамдық, материалдық, ақпараттық басқа да ресурстарды іздестіру;
- басқару жүйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар тасқынын реттеу;
- еңбек өнімділігі мен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен құрал –жабдықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру;
- сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді орындауға қол жеткізу.
Жоспарлауды ұйымның даму бағытын белгілейтін кешенді жиынтық ретінде қарастыра отырп, бірқатар бастапқы кезеңдерді атап өтуге болады.
- алғашқы кезеңде ұйымның нақтылы жағдайы мен мүмкіндіктерін, нарықтағы алар орнын бағалау және бәсекелестер мен қызмет жасау ортасын зерттеу орындалады.
- бастапқы мақсаттар шеңберінде жалпы ұйымның және оның әрбір бөлімшелерінің нақтылы міндеттері айқындалынып, олардың орындалу мерзімі белгіленеді.
- анықталған міндеттерді оындауға қажетті іс-әрекеттер жиынтығын ұйымның ішкі және сыртқы жағдайларын ескере отырып қалыптастыру орын алады.
- өткізілген зерттеулер мен болжамдар негізінде қажетті баламаны таңдап алу арқылы жоспарды жасап шығару көзделеді.
- жоспарды жүзеге асыру мен қажет болған жағдайда түзетулер және өзгерістер енгізу әрекеттері орындалады.
Жоспарлаудың негізгі жіктеулері
Қазіргі кездегі басқару теориясы мен тәжірбиесінде стратагиялық, тактикалық жоспарлау, индикативтік жоспарлау және ұйым ішіндегі жоспарлау орын алады.
Стратегиялық жоспарлау- ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылдаған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді. Басқару қызметін жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау шеңберінде шектеулі ресурстарды бөлу, сыртық ортаға бейімделу, ішкі үйлесімдікті орындау және ұйымдық стратегияны ұғыну әрекетттері орындалады.
Кәсіпорын (ұйым) деңгейіндегі стратегия.
1 Өндіріс.
Өндірістің талап етілетін деңгейі қандай ?
Қор мөлшері қанша мерзімге алдын ала есептелгені орынды?
Қаржы салуды қалайша тиімді орындауға болады?
Өндіріс барысында оған еңбек күшінің біліктілігі сай келе ме?
Жабдықтау, құрастыру бөлшектерін уімнің жасағаны дұрыс?
2 Қаржы.
Ағымдағы және күрделі шығындар мөлшері қандай?
Айналым қаражатын қалайша арттыруға болады?
Қаржы жағдайын талдауды дамыту жолдары қандай?
Қаржы көздері, ресурстар ауқымы қандай?
3 Маркетинг.
Нарықтағы қайсы сегментке үлкен көңіл бөлу қажет?
өнімді өткізу саласындағы қаражат қалай бөлінуі керек?
Ұсынылатын өнімнің сапасы мен құрамы қандай болуы тиіс?
Баға саясаты қалайша тиімді жүзеге асырылады?
Нарық үлесі мен бәсекелесу қабілеті қандай деңгейде?
4 Қызметкерлер.
Персоналды (қызметкер құрамын) оқыту мен дамытудың тиімді шаралары қандай?
Индикативтік жоспарлау. Қазіргі кезеңде өндірістің күрделене түсуі жағдайында айқын экономикалық құрылымдық саясаттың қабылдануы мен жүзеге асырылуын халық шаруашылығының басым салаларының дамуындағы мемлекеттік бағдарламаларына негізделген индикативтік жоспарсыз елестету қиын. Индикативтік жоспар кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуындағы басымдылық (приоритет) пен ғылыми дәлелденген мақсаттарды анықтауды, осыларға байланысты өлшемдер (параметрлер) жүйесін және міндетті орындау әдістерін береді.
Жеке аймақтық , кәсіпорынның және азаматтардың құқықтары мен мүдделері сақталына отырып, нарықты экономикада индикативті жоспар арқылы әлеуметтік-экономикалық саясаттың бағыт-бағдарламасы мен оны жүзеге асыру әдістемесі орындалады.
Индикативтік жоспарлау жүйесі: стратегиялық, орта мерзімджі және ағымды жоспарлардан тұрады. Стратегиялық жоспар бөлімдеріне енетіндер:-әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау;-әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасы;-бастапқы макроэкономикалық көрсеткіштер;- ұлттық бағдарламалар.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау өндіріс мүмкіндіктерінің, экономиканың сыртқы және ішкі даму тенденцияларының мемлекеттік реттеу жүйесінің нәтижелілігі мен әрекеттілігінің өндіргіш күштердің салалық дамуы мен қозғалысының деңгейін бейнелейді.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамысыда мемлекеттік реттеудің тікелей және қосалқы құралдары арқылы экономикалық саясаттың мақсаттары мен басымдылықтары, оған жетудің әдістері мен жолдары қарастырылдады.
Бастапқы макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық даму қарқынының болжамын, қоғамдық өндірістің құрылымын, мемлекеттің, кәсіпорындардың құрылымын, мелекттің, халықтың қаржы қорларын анықтайды.
Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық стратегиялармен мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруда ұлттық мақсаттар мен басымдылықтарды тиімді орындауда бастапқы құрал болып табылады.
Ұйым ішіндегі жоспарлау. Ұйым ішіндегі жоспарлау фирманың сыртқы ортаға бейімделі барысын, мақсаттар мен ықтималды стратегияларды қалыптастыруды және олардың орындалуындағы қажетті іс-қимылды бейнелейді.
Фирма деңгейіндегі жоспарлау ұйым болашағын бейнелей отырып келесі кезеңдерден тұрады:
— мүмкіндікткрді бағалау;
— нақтылы жоспардың мақсаты мен нәтижесін анықтау;
— жоспардың негізгі көрсеткіштерін бейнелеу;
— іс-әрекеттердің тиімді бағыт-бағдарламасын белгілеу;
— қажетті баламаны таңдап алу;
— жоспардың орындалуын қамтамасыз ету.
Тағы рефераттар
- Генетиканың даму тарихы
- Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану курстық жұмыс
- Жәңгір ханның ағартушылық қызметі
- Дебиторлық берешектердің есебі мен аудиті
- Африканың географиялық орны