Жоспар:

Кіріспе—- 3

1. Меншікті капиталдың есебі
Меншікті капитал туралы есеп—- 4-6
Жарғылық капиталдың есебі және резервтік капиталдың есебі— 6-15
Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі және капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі—- 15-24

2. Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп
Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп——25-27
Резервті капиталдағы өзгерістер—-27-29
Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептік кезеңдегі болған өзгерістер туралы ақпараттар мен кестелер—-30-36

3. Қорытынды——37-38

Қолданылған әдебиеттер——39

Кіріспе

Кәсіпорынның меншікті капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттік қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқада мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Меншікті капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып табылады, ол құрылтайшылардың  қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.

Акционерлік қоғамның жарияланған меншікті капиталдың мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды құнына тең болады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.

Жарияланған меншікті капиталының минималды көлемі ашық акционерлік қоғам үшін – бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін – жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды. Қоғамның төленген меншікті капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық құнына тең болады.

Қоғамның жарияланған меншікті капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі, жарияланған капитал мен шығарылған капиталының арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған меншікті капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

 Курстық жұмыс / 40 бет
Тағы рефераттар