Сабақтың тақырыбы: Ми және оның бөлімдері 

Ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан, мишық пен ми бағанынан тұрады. 

                                                         Ми бөлімдері
     Артқы ми Мишық    Ортаңғы ми         Аралық ми     Алдыңғы ми
1)     Сопақша ми

2)  Воролий көпірі

  1)     Қызыл ядро

2)     Қара төрт төмпешікті дене

3)     Торлы

құрылым

1)     Көру төмпешігі (таламус)

2)     Көру төмпешігі астындағы құрылым (гипоталамус)

1)     Ми сыңарлары қыртысы

2)     Қыртыс

асты

ядролар

Сопақша ми 

  1. Сопақша ми көпір ортаңғы ми мен аралық ми. Ми бағанын құрайды.
  2. Сопақша ми үлкен мидың бір бөлігі жұлынның жалғасы сұр және ақ заттардан тұрады. Ақ зат жүйке талшықтарынан тұрады. Бас сүйектен шығатын 12 пар ми жүйкелерінің соңғы бесеуінің  (VIII, IX, X, XI, XII) жұптарының қызметін атқаруына үлкен үлес қосады.
  3. Сопақша мидың нейрондары адамның өмірін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Сопақша мида тыныс алу, жүрек соғысын баяулататын, қан тамырын тарылтатын, кеңейтетін орталығы орналасқан. Егер бұлардың біреуі бұзылса адам өледі.
  4. Сопақша ми қорғаныс (жас шығу, кірпік қағу, жөтелу, түшкіру, тері шығару, құсу, қарын сөлі мен ұйқы безі сөлін шығару) рефлекстер орталығы орналасқан. Мысалы баланың эмбрион сатысында жұту орталығы дамымай қалса жаңа туған бала анасын емгенімен сүтті жұта алмайды, сүт өңеш арқылы қарынға бармайды, керісінше тыныс жолы арқылы өкпеге құйылады да, баланың өкпесі қабынып, ашығып өледі.
  5. Сопақша мида мойынның көздің еттерінің тонусын өзгертетін рефлекстер орталығы бар.
  6. Сопақша мида торлы құрылым екі қызмет атқарады:

а) Жұлын қызметін немесе әлсірететін төмен қарай бағыттайтын әсер.

б) Ортаңғы мидың торлы құрылым мен мидың басқа бөлімдерінің  қызметін

күшейтетін жоғары жаққа бағыттайтын әсер.

  1. Сопақша мида мидың қыртысы үлкен рөл атқарады. Мысалы емізер алдында баланың жаяулығын құрғатып, құндақтап отырса балада ему рефлексі басталады.
  2. Ми қыртысы құсу орталығына әсер етеді. Мысалы: егер адам ішетін астың шірік иісін сезсе лоқсып, құсады және артистер сахнада жүріп, қажет болса жкөз жасын төгіп жылай алады. Бұлардың барлығын сопақша мидың қызметін ми қыртысы реттеп отыратынын көрсетеді.

                                                  Воролий көпірі

Воролий көпірінің құрамында ақ заттар өте көп. Сондықтан оның ең басты қызметі жүйке серпіністерін өткізу. Ақ заттар аралығында бөлек – бөлек нейрон шоғырлары жайылған. Бұлардың ішінде бас сүйек ми жүйкелерінің V,VI, VII парларының  ядролары орналасқан. Бұл жерде ұйықтау ұйықтамау, тыныс алу орталықтары орналасқан.

                                                               Мишық 

  1. Мишықтың әр біреуі үлкен ми сыңарларының артқы жағында сопақша мидың үстінде орналасқан қос жарты шардан тұратын бөлік. Әрбір ақ заттың ішінде сұр заттар ядролар орналасқан.
  2. Мишық ОЖЖ – ның басқа бөлімдерімен төменгі, ортаңғы, жоғарғы аяқшала —

ры арқылы жалғасқан.

  1. Мишықтың басты қызметі адамның қимыл – әрекетін үйлестіріп отыру, яғни мишық қимыл — әрекетінің дәлме – дәл орындалуының тепе – теңдікті сақтауын қамтамасыз етеді.
  2. Егер адамның мишығына кенеттен қан құйылса дененің қимыл — әрекеті бұзылады.

Атаксия – егер иттің мишығын алып тастаса, тәлтіректейді, мас адам сияқты

теңселеді.

    Астазия – теңселеді, шайқалады.

Астения – дене еттері солғын тартады.

Атония – дене еттері тонусынан айырылады.

Дисметрия – қимылдың біркелкілігі бұзылады.

 Асимергия – біріңғай еттердің қимылы бұзылады.

    Адиодококинез – мақсатқа сәйкес қимыл әрекеттер орындалмайды.

Дизартрия – адамның даусы біресе қатты біресе ақырын шығуы.

 

Мишық жұлынмен торлы құрылым, қызыл ядро, дейтерс ядролары арқылы байланысқан. Мишықтың көзбен, құлақпен байланысатын ядролары бар.

                                                          Ортаңғы ми               

Ортаңғы ми воролий көпірі және сопақша ми мен бірге  ми бағанының негізін құрайды. Ортаңғы мидың сұрғылт заты құрылымына 4 төмпешік, қара зат, қызыл ядро, III, IV пар ми жүйкелері, торлы құрылым кіреді.

       Төрт төмпешік  

1)   Төрт төмпешік   орталығы мидың сыртқы жағында орналасқан. Бұл

жүйке серпіністерін, кірпіктік түйіннен екі нейронға жеткізеді.

2)   Көру рецепторларының тітіркендіргіштерге байланысты қимылдарды

жүзеге асыратын орталық. Бұл орталық серпіністер көру жүйкесінің

бұтақтары арқылы жетеді.

3)   Көз алмасын қозғалтатын ядро орналасқан. Осыған байланысты адам

көзді басты жарық түскен жаққа қарай бұрады.

4)   Төрт төмпешікте қорғайтын сақтық рефлекстері бар. Мысалы

ыдыстағы сұйық зат байқаусызда төгіліп кетсе, адам басқа жақа қарай

ығысады, жалт береді.

 

           Қызыл ядро  

1)     Орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен ми қыртысымен тығыз байланысты.

2)     2) Қаңқа етінің тонусын реттейтін орталық.

3)     Егер мысықтың қызыл ядродан төменірек кесетін болсақ, децеребрациялық мелшею белгілері пайда болады. Мысық сіресіп қатаяды, құйрығын тік көтереді. Ағаш аяққа мініп тұрғандай болып көрінеді.

4)     Егер мидағы қызыл ядро мен жұлынды қосатын жол Манаков будағы бұзылса мысық қақшиып қалады.

5)     Адамда мелшейіп қатып қалу қыртыс асты ядроларының бұзылуына байланысты.

 

     Қара зат

1)     Нейрондарда қара пигмент көп болғандықтанядро қара болып көрінеді.

2)     Қара зат саусақтардың нәзік қимылдарын қамтамасыз ететін еттің тонусын реттейді.

3)     Қара зат экстропирамидалық жүйкеге жатады. Егер электр тоғымен қара затты тітіркендірсе шайнау, жұту еттері жиырылады. Сондықтан мұнда шайнау мен жұту процестерін үйлестіретін орталығы бар

 

          Торлы құрылым 1)     Торлы құрылым және ретикулярлық формация пішіні іртүрлі үлкенді, кішілі, қысқа тармақты клеткалар тобы.

2)     Клеткалардың дендриттері көп тармақты. Олардың арасында көптеген синапстар құрылады.

3)     Торлы құрылым ми бағанында орналасқан, яғни, ортаңғы мида, сопақша мида, воролий көпірінде орналасқан.

4)     Ұйқыдағы жануарлардың торлы құрылымын тітіркендірсе ол оянып кетеді.

5)     Торлы құрылым мен ми қыртысы сыңарларын қосатын жолын кесіп жіберсе жануар қатты ұйқыға кетеді.

6)     Торлы құрылым ауырсыну сезімен тудыруға қатысады.

7)     Торлы құрылым гипоталамус, таламус және көне ми қыртысы қосылып лимбиялық жүйе құрайды. Бұл жүйе адамның іс — әрекетіне, мінез құлқына ықпал жасайды.

   Аралық ми 

Аралық ми үшке бөлінеді:

1)     Таламус — көру төмпешігі.

2)     Гипоталамус — төмпешік асты құрылым.

3)     Эпиталамус — төмпешік үсті құрылым.

Барлық құрылымдар ми қарыншасын жан – жағынан қоршап оның қабырғасын құрайды. Сондықтан бұлардың қызметі гипоталамусқа қарыншаны толтырған сұйықтық, қанда еріген заттар, гормондар тікелей әсер ете алады.

Эпиталамус – эпифизден тұрады. Таламус көп ядролы. Ол ми қыртысына сезім серпіністерін өткізеді. Гипоталамус ішкі ағзалардың қызметін жүйке, қан арқылы реттейтін көп ядролы құрылым.

Таламус.

  1. Таламус 40 шақты ядродан тұрады.
  2. Арнамалы ядролары жұлыннан келетін апараттар – құлақтан, көзден шығатын серпіністерді ми қыртысына жеткізеді.
  3. Ассоциативтік ядроларға түрлі серпіністер гипоталамустың арнамалы ядросынан келіп түседі. Бұл ядролардың қызметі ми қыртысымен байланысты.
  4. Бейарнамалы ядролар ми қыртысына тұтастай әсер етеді. Оның қозғыштық қасиетін белсенділігін арттырады.
  5. Қозғалтқыш ядроларға мишықтан және қыртыс асты базальдық диадролардан серпіністер келіп түседі және ми қыртысының қозғалтқыш зоналарына серпіністер жеткізеді. Сондықтан бұл ядролар қимылды реттеп, жүйе қатарына кіреді.

Гипоталамус.

1,  Көру төмпешігі астында орналасқан көп ядролы 32 жұп құрылым.

2.  Ядролардың орналасуына қарай алдыңғы, ортаңғы. бүйірдегі, артқы болып

бес топқа бөлінеді.

3.  Гипоталамус ми сыңарлары қыртысы,торлы құрылым, сопақша ми мен тығыз

байланысты.

4,  Гипоталамус ішкі ортадан көптеген ақпараттар келеді және организмнің

көптеген функцияларын реттеп отырады.

5.  Ішкі ағзаларының қызметін гипоталамус вигетативтік жүйке жүйесі және

эндокриндік бездер арқылы әсер етеді.

  1. Гипоталамус жүрек қан жүйелерінің қызметін, зат алмасуын, ішкі сөлініс бездер қызметін, бүйректердің қызметін, ас қорыту қызметін, несеп шығаруды қамтамасыз етеді.
  2. Гипоталамус ядролары жүйкелік серпіністер мен химиялық әсерлерге сезімтал келеді.
  3. Гипоталамус артқы ядроларында симпатикалық жүйке жүйесінің бөлімі, алдыңғы ядросында парасимпатикалық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімі. Ал ортаңғы ядросында зат алмасуын реттейтін орталығы орналасқан.
  4. Гипоталамуста тойыну орталығы орналасқан. Егер оны тітіркендірсе жануар алдына қойған асты ішпейді, жүдей бастайды. Ал егер осы арталықты алып тастаса жануар тамақты қанша ішседе тоймайды. Гиперорагия – адамның денесін май басады.
  5. 10.  Гипоталамус бүйірдегі ядроларда аштық орталығы орналасқан. Егер оны

тітіркендірсе адам алдына қойған асты жейді, тоймайды. Ал егер бұл ортаны

алып тастаса тамаққа қарамайды. Адам жүдейді.

  1. 11.  Гипоталамуста шөлдеу орталығы орналасқан. Егер оны тітіркендірсе адам

суға тоймайды. Оны полидепция деп атайды.

  1. 12.  Гипоталамус сөлініс бездерінің гормондық функциясын реттейді.
  2. 13.  Гипоталамуста мутивация орталығы орналасқан. Адам ашуланады, жылайды. Күледі. Оның бұл қызметі лимбиялық жүйенің қатысуымен іске асырылады. Гипоталамус осы жүйенің құрамына кіреді.

                          Вегетативтік жүйке жүйесі   (ВЖЖ) 

ОЖЖ

СЖЖ          ВЖЖ

1)     СЖЖ қаңқа еттерімен байланысты. Ол организмнің түрлі қимылдарын қамтамасыз етеді.

2)     ВЖЖ ішкі ағзалардың қызметін, зат алмасуын, өсңп — өну процесін реттейді.

ВЖЖ – ның морфологиялық ерекшеліктері ВЖЖ – ның физиологиялық ерекшеліктері
    Парасимпатикалық және симпатика- лық бөлімдерден тұратын ВЖЖ нейрондары ОЖЖ – ның кейбір бөлімдерінде ғана орналасқан.

Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталық нейрондары ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сеғіз көзінде, ал симпатикалық жүйке жүйесі жұлынның көкірек бөліміндегі сегменттің бүйір мүйіздерінде орналас-

қан. ВЖЖ қос нейронды. Олардың біреуі ми мен  жұлын бөлімдерінде екіншісі шеткі ганглилер- де орналасқан. Парасимпатикалық

жүйке жүйесінің ганглилері – ағзалар ішіндегі Инфрамулярлық , ал симпати —

калық жүйке жүйесінің түйіндері жотаны бойлай әрбір омыртқа 2 жағында тізбектелген және омыртқа алдында алысырақ орналасқан 3 мойын гангли, оның ішінде жұлдыз тәрізді түйін, құрсақ қуысында шапақ тәрізді түйін. Шажырқайлық ганглилер бар. Нейрондардың орталығы орналасқан жеріне талшықтары Преганглийлік (ганглиге дейін) талшықтар деп аталады. Олар серпіністерді орталық ганглиге дейін жеткізеді. Екінші нейрон жүйке талшықтары, серпіністі ганглиден шыққан соң, белгілі бір ағзаға апарады. Ол постганглилік деп аталады. Вегетативтік жүйке сомалық жүйкеден әлде қайда жіңішке. Преганглилік жеріне талшығы миелинді ғ оның диаметрі 3,5 мкм. Постганглилік талшықтары миелинсіз диаметрі 0,5 мкм. Парасимпатикалық постганглилік  талшықтары өте қысқа болады. Әрбір ағзада симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер тарамдалады.

     Вегетативтік жүйкелер негізінен – эфференттік жүйкелер. Олар қозуды орталықтан шеткі орналасқан ағзаларға жеткізеді. Бірақ вегетативтік жүйкелер ішінде 10 % афференттік жүйкелер болады. Соңғы аталғандар қозуды ағзаға рецепторларынан орталыққа жеткізеді. ВЖЖ –ның қозу қабілеті СЖЖ –ға қарағанда әлде қайда төмен. Ал хронаксиясы қозу табалдырығы, керісінше жоғары. Мәселен, ВЖЖ хронаксиясы 3-8, ал СЖЖ хронаксиясы 0,04-0,75. ВЖЖ лобильдігі 10-15гц, ал СЖЖ  — 1000 гц. Осыған орай рефрактерлік кезең ВЖЖ- да өте ұзақ. ВЖЖ талшықтары арқылы қозу өте баяу өтеді. В тобына жататын миелинді талшықтарының қозу өткізу жылдамдығы секундына 3-18 мс, ал миелинсіз талшықтар “С” тобын құрады. Олардың қозу өткізу жылдамдығы 0,5 -3 мс. ВЖЖ-да постсинапстық қоздыру потенциалы ұзаққа созылады (50-80 мс). СЖЖ – да бұл потенциал 15-20 мс, ВЖЖ-да әсіресе гиперполяризация фазасы өте созыңқы келеді. ВЖЖ-ның реакциясы өте баяу:

1)     Қозу жүйке талшықтарынан өте баяу өтеді.

2)     Синапстарда медиатор жай бөлінеді және холинстераза белсенділігі төмен болғандықтан келесі қозу кеш туады.

Вегетативтік жүйке талшықтарының ұшынан медиаторлар ацетилхолин немесе адреналин бөлінеді. Медиатор түріне қарай вегетативтік жүйкелер холинергилік (ацетилхолин бөлетін) және адренергилік (адреналин бөлетін) жүйкелер болып екі топқа бөлінеді.

Холинергиялық жүйкелер тобына:

1)     Парасимпатикалық және симпатикалық преганглийлік жүйкелер.

2)     Парасимпатикалық постганглийлік жүйкелер.

3)     Симпатикалық постганглийлік тер бездерінің жүйкелері жатады. Адренергилік жүйкелер қатарында симпатикалық постганглийлік тер бездері жүйкелері мен қатар барлық постганглийлік симпатикалық жүйкелер болады. Сонымен холинергилік жүйкелер саны адренергилік жүйкелер санынан әлдеқайда басым. Кейбір жүйкелер ұшынан мүлде басқа медиаторлар серотонин, гистамин, АТФ, ГАМК т.б. бөлінуі мүмкін.

 Вегетативтік жүйке жүйесінің функциялық мәні 

ВЖЖ – ның ішкі ағзалар қызметін сыртқы және ішкі орта әсеріне бейімдеп, реттеп отырады. Парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер ағзалар қызметіне әдетте қарама – қарсы әсер етеді. Мәселен, симпатикалық жүйке жүректің соғуын жиелетіп, күшейтсе, парасимпатикалық жүйке, керісінше, оны әлсіретеді. ВЖЖ – ның қызметінің бірі шеткі рефлекс тууынын қамтамасыз ету.

Шеткі рефлекстердің төмендегідей үш түрі бар:

1)     Висцеро – висцеральдық рефлекс.

2)     Висцеро – дермалық

3)     Дермо – висцеральдық

.

Тағы рефераттар