Дарвин құрған түрлердің шығу тегі туралы теорияның негізінде мынадай принципиалды маңызды жағдайлар жатыр:
1.Түрдің филогениялық өзгеруі әрқашан орта жағдайлардың өзгерісіне байланысты туады.
2.Жаңа түрдің түзілуі түр ішіндегі жаңа формалардың қалыптасуынан басталады. Дарвин бұларды түршелер деп атады.
3.Табиғи сұрыптау нәтижесінде жаңа органикалық формалар өзгерген жағдайларға бейімделіп отырады.
4.Жаңа түрлердің пайда болуы — ұзақ тарихи процесс.
5.Филогенездің негізгі бағыты дивергенция болып табылады,алайда конвергенциялық формалар да пайда болуы мүмкін.
6.Жануарлар мен өсімдіктердің әрбір тобы әрқашан бар негізден (шығу тегі монофилиялы) шығады.
Дарвиннің түрлердің шығу тегі туралы теория құрғанынажүз жылдан артық уақыт өтті. Бұл осы уақыттың ішінде органикалық дүниені танудың күшті құралына айналды. Биологиялық пәндердің бүкіл даму жолы бұл теорияның негізгі жағдайларының дүрыстығын дәлелдеді. Жаңа ашылған фактылар бұлтеорияны байытып және әрі қарай дамытып келеді. Бүл жөніндедивергенция процесінің бастапқы және ақырғы фазаларын айқындайтын жаңа зерттеулердің ерекше маңызыбар.Қазіргі кездегі популяциялық экология микроэволюциялық процестің мәнісін түсіндіруде көп жаңалықтар ендіріп отыр. Микроэволюция дегеніміз -популяциялардың ішікіде жүретін және түрдін, әртүрлі дәрежедегі түр ішіндегі топтарға бөлінуіне себеп болатынэволюциялық процесс. Басқаша айтқанда, микроэволюция популяция дәрежесінде жүретін процесс.
2.Экологтар мен генетиктер жаңа түрлердің түзілуі микроэволюциялық процестен басталады деген бір пікірге келіп отыр. Бұл процесс популяцияньң ерекшелігіне және құбылмалы ортаның қасиеттеріне байланысты көптеген себептердің әсерімен жеке по-пуляциялардың ішінде жүреді.
Түр қүрылымы оның популяцияларындағы биологиялық процестердің күрделігіне дәлел екендігі бізге мәлім. Ықшам популяциядан бастап барлық популяциялар күрделі тіршілікте болады. Бұл күрделілік бірсыпыра жағдайлармен:
1) популяцияның қүрылымы мен әр жылдағы, маусымдағы өзгергіштігіне 2) популяцияның генетикалық ерекшеліктеріне
3) сыртқы ортаның әсеріне
4) сыртқы жағдайларлың өзгерісіне популяцияның реакциясына
қарап анықталады.
Популяциялар эволюцияның қозғаушы үш фактор:
Тұқым қуалаушылық
Өзгергіштік
Сұрыптаудың
Осы үш қозғаушы факторларының өзара әрекетінің негізінде тіршілік жағдайларынан әсерімен қалыптасады. Олардың құрылуы түрді мекенің нақты жағдайларына лайықтаудың қалыптастыру процестері мен олардың өскелен дамуы микрэволюция құрайды.
Тағы рефераттар
- Бизнесті қаржыландыру көздері курстық жұмыс
- AutoCAD редакциялау мүмкіндіктері курстық жұмыс
- Балабақшадағы балалардың тілін дамытудағы озат тәрбиешілердің іс-тәжірибелері
- Банктің жарғылық капиталының құру тәртібі
- Экологиялық құқық негіздері