Жоспары:
- Мiнез жөнiндегi түсiнiк.
- Мiнез жөнiндегi бiлiмдер.
- Мiнез бiтiстерi.
- Мiнез түрлерi мен типтерi.
- Мiнездiк бiтiс асқынуы.
- Мiнездiң ұлттық ерекшелiктерi.
- Мiнез жəне адамның жас сатылары.
1. Мiнез жөнiнде түсiнiк
Мiнез жеке адамның өзiне тəн қылық əрекетiнде, тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшелiктерiнiң жиынтығы.
Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар əртүрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды əрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер жəне түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға болады.
Алайда, жеке тұлға ерекшелiкке бай келедi, ал солардың бəрi де адам мiнезiн танытады деу қате. Мiнез көрсеткiшi адамның барша жағдайлардағы мəндi сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттерi. Егер адам қандайда даудамайлы жағдайда дөрекiлiк көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиетi деу жөн емес. Жайдары мiнездi, көңiлдi адамның өзi кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуi мүмкiн. Өмiрге келумен бастауын алып, мiнез нақты адамның өмiр барысында қалыптасады, түрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы əр адамның ойлау, сезiм, ниет, əрекет сипатын бiрлiктi анықтап барады. Мұнда адамның бүкiл өмiрiн жанжақты қамтыған қоғамдық шарттар мен əлеуметтiк жағдайлар маңызды келедi. Дегенмен, мiнездiң нақты қалыптасуы əртүрлi деңгейде дамыған топтарда (отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы ж.т.б.) қалыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершiлiк, қоғамдық құндылықтарға тəуелдi мүшелерiнiң мiнез ерекшелiктерi орнығады. Мiнез бiтiстерi, сонымен бiрге тұлғаның отбасындағы абройы, топтың басқа мүшелерiмен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгерiске түседi. Жоғары деңгейлi дамыған топ, ұжым мiнездiң мəндi де ұнамды бiтiстерiнiң қалыптасуына оң əсер етедi. Жақсы мiнездi адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дəреже, деңгейiн арттыра түседi.
Қоғам əсерлерi мен ықпалдарын бейнелейтiн мiнез мазмұны жеке адамның өмiрлiк бағытбағдарын құрайды, яғни оның заттай жəне рухани қажеттерiне, қызығуларына, нанымсенiмдерiне, мұраттарына ж.т.б. негiз болады. Бағытбағдарға сай жеке адам өз мақсаттарын, өмiрлiк жоспары мен сол жоспарды iске асыруда қажет белсендiлiк деңгейiн белгiлей алады. Мiнезге орай адамның дүние талғамы, өмiр мəнi, белгiленген мақсатмүдделерiнiң, əрекет қылықтарының себептерi ашылады.
Мiнездi дұрыс түсiнуде адам үшiн маңызды болған қоғамдық құндылықтар мен жеке талғамдар арақатынасы шешушi мəнге ие. Əр қоғамның өзiне сай маңызды да мəндi мiндеттерi болады. Мiне осы мiндеттердi iске асыру барысында мiнез қалыптасады. Кейiн солар тұрғысынан тексерiледi, бағаланады. Сондықтан да мiнез қандай да адам қасиетiнiң (төзiмдiлiк, өжеттiк т.б.) көрiнiсi ғана болып қоймастан, қоғамдық мəнi бар iсəрекетке болған бағытбағдар сипатын аңдатады. Осыдан мiнездiң тыңғылықтылығы, бiргелкiлiгi адамның өмiрлiк бағытбағдары негiзiнде нақты бiр қалыпқа келедi. Мiнез қалыптасудағы басты шарт өмiрлiк мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы босбелбеулiк, мiнезсiздiктiң белгiсi. Солайда болса, жеке адам мiнезi мен оның бағытбағдары екiталай нəрсе. Алдыңызға ақ көңiл кейiппен келген адамның бiрi iзгi ниеттi де, ал екiншiсi жауыз болуы мүмкiн. Жеке адам бағытбағдары оның барша əрекетқылығына iз бередi. Əрдайым қылық «осылай болсын» деген ниеттен ғана емес, адам қатынастарының бiртұтас жүйесiне негiзделедi, ал бұл жүйеде қандай да қасиет басымдау болумен адам мiнезiне белгiлi сипат ендiредi.
Қалыпқа түскен мiнезде адамның нанымсенiмдер жүйесi жетекшiлiк етедi. Тиянақты көзқарас наным адамның өз iсəрекетiн ұзақ мерзiмдi бағытбағдарға сай белгiлеп, мақсатқа жетуде жiгерiлiлiктiң, орындап жатқан iсiнiң дұрыс та маңызды екенiне сенiмдiлiк туғызады.
Мiнез ерекшелiктерi адам қызығуларымен тығыз байланысты, бiрақ оның бұл қызығулары мəндi əрi тұрақты болуы шарт. Ал қызығулар үстiрт, тұрақсыз болған жағдайда, дербестiгiнiң кемдiгi мен тиянақтылығы болмағанынан жеке адам елiктегiш келедi. Қызығулар ұқсастығы мiнез теңдiгiн аңдатпайды. Мысалы, өнертапқыштар арасында көңiлдi не мұңды, кiшiпейiл не өзiмшiл тұлғаларды айыруға болады.
Мiнез адамның қолы бос уақытындағы (досуг) өзi қалап шұғылданған iстерiнен де танылуы мүмкiн. Мұндай қызуғалар тұлға мiнезiнiң жаңа, ерекше қырларынан хабардар етедi. Мысалы, ұлы ғалым химик Ебней Бөкетов қолы босаса, аудармашылықпен айналысып, орыс, батыс қаламгерлерiнiң небiр əйгiлi көркем шығармаларын қазақ оқырманына жеткiзген; атақты тiл ғалымы Əбдуəли Хайдари демалыс уақытында қазақы ертұрман, қамшы жəне т.б. заттарды оюлап, жолдастарын таң қалдырған; ғұламатүркiтанүшы академик Рахманкүл Бердiбай колы босаса, күйшiлiк өнермен айналысады. Адамның рухани немесе заттай қажеттiлiктерiнiң қайсысының басым болуына қарай оның тек ой, сезiмдерiнiң ғана емес, сондайақ iсəрекетiнiң де бағытбағдары айқындалады. Бұл арада аса маңызды нəрсе iсəрекеттiң алға қойылған мақсатқа тiкелей сай болғаны, себебi адам не iстеп жатқаны немесе не iстейтiнiне қарай бағаланбайды, əңгiме сол iстi қалай орындайтынында. Осыдан мiнез калпы адамның бағытбағдары мен iсəрекет кейпiнiң бiрлiгiнен келiп шығады.
Мақсатқа жетуде бағытбағдар бiрдейлiгi болғанымен, əр адам өз жолын таңдайды, өзiне қолай, қайталанбас əдiстəсiлдердi пайдаланады. Осы дербестiктен адам мiнезiнiң ерекшелiгi көрiнедi. Белгiлi ықпалға ие мiнез бiтiстерi əрекет немесе қылық түрiн таңдауда айқын жүз бередi. Бұл тұрғыдан тұлғаның табысқа жету қажеттiгiн туындатқан ықылас, ниет көрiнiсiнiң деңгейiн (табандылық, шешiмдiлiк, жүректiлiк немесе ерiксiздiк, қорқақтық, күдiкшiлдiк ж.т.б.) мiнез бiтiсi деп тануға болады. Осыған байланысты кей адамдар күмəнсiз табыс қамтамасыз ететiн əрекеттердi (ынта бiлдiру, жарысқа түсу, тəуекелге бел байлау ж.т.б.) таңдап алады, ал екiншiлерi сəтсiздiктен қашуды көздейдi (жауапкершiлiк алмайды, жүрексiнедi, ықыласы мардымсыз ж.т.б.).
2. Мiнез жөнiндегi бiлiмдер
Мiнез құбылысын зерттейтiн ғылым характерология ұзақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл психология саласы мiнездер типiн саралап, адамның əртүрлi өмiр жағдайларындағы əрекетқылығын болжастыру мақсатында əрқандай мiнез сипатын нақтылаумен шұғылданып келдi. Адамның тума емес, өмiр барысында қалыптасатын белгiсi болғандықтан, мiнез типтерiн жiктеу көбiне тұлға дамуындағы сыртқы, жанама факторларға негiзделедi. Осы бағытта ежелден өрiстеп келе жатқан, мiнез танып, əрекетқылық болжастырудың психологиялық жолдары бар. Солардың кейбiрiне қысқаша түсiнiк:
Жұлдызнама(гороскоп) адам мiнезiн туған күнiмен байланыстырып түсiндiредi. Жалпы қабылданған уақыт өлшемдерi белгiлi кезең, аралыққа бөлiнедi, олардың əрқайсысына нақты белгi, символ берiледi. Осы символға (ағаш, от, су, жануар т.б.) тəн əртүрлi қасиеттерге орай адам мiнезi суреттеледi. Мысалы, кельт жұлдызнамасында 22 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында туылған алмаға тектес, осыдан мұндай адам сүйкiмдi, ақ жарқын, кеуiлшең т.б., ал қазақы жұлдызнамада жоғарыда аталған күндерi туылғандар таутеке, яғни мұндайлар өжет, тұрақты, төзiмдi, тұйық, сыршыл келедi.
Физиогномика(phisis табиғат, gnomon бiлу) адамның сыртқы келбетiне жəне сондай келбеттi тұлғаларды ұқсастығымен белгiлi топқа бiрiктiрiп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым. Адам дене бiтiстерiне қарай жануармен салыстырылады да сол жануарға тəн мiнез ерекшелiгi оған таңылады. Мысалы, Аристотель пiкiрiнше, адамның мұрын танауы өгiздiкiндей жуан да қалың болып келсе, ол ерiншектiк белгiсi; шошқадай кең танау, жалпақ мұрын ақымақтық; қой, ешкi жүнiне ұқсас шашты адам үркек; доңыз, арыстан қылшықтарындай тiке шашты адам ержүрек, батыл ж.т.б.
Адамның басқа да келбет көрiнiстерi (көз, ауыз, отырыстұрыс т.б.) негiзiнде мiнездi байқастыру осы физиогномика аймағында жоғары дамыған.
Хиромантия(сһеіг қол, тапііа бал ашу) адам мінезін алақанның тері бедерлері, түсі арқылы болжастыру жүйесі.
Дерматоглификабармақ, алақан терісіне тумадан түсетін өрнектер арқылы адам мінезін анықтайтын ғылым жүйесі.
Графологиямəнерлі əрекет жазу таңбасына орай адам мінезін анықтауға бағытталған ғылым.
3. Мiнез бiтiстерi
Адам мінезі сан алуан. Бұл ісəрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы шапшаң, екінші асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты; үшінші іске ойланбастан асыла салады, кейін барып ойланады, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер мiнез бiтiстерi деп аталады. Қандай да бітіс əрекетқылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.
Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты жағдайлардан бөлек қаралмайды (кейде əдепті адамның өзі де дөрекілік танытады). Сондықтан қалаған мінез бітісі нақты жағдайда орынды көрінген қылықтың тұрақты формасы.
Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан да білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Дегенмен, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, яғни мінез бітістері адам əдетіндей бірқалыпты, механикалық қайталана бермейді. Солай да болса, мінез бітістері мен əдеттер арасында жақындық та бар: мысалы, мінез бітісі ретінде жауапкершілік адамның ұқыптылық əдетінде көрінеді. Бірақ əдет мінез бітісіне өте бермейді, ол тек қандай да қылыққа ыңғайлылықты танытады. Мінез бітістері өз ішіне ойлау, түсіну əдістерін қамтиды. Қайсы бір тұлғаға тəн қылықты жасауда ерік, сезім қосылады. Ал əдет мұндай психикалық процестердің бірімен де байланыспайды. Сонымен бірге бітіс адам қылығына ықпал ете отырып, сол қылықəрекет барысында қалыптасады, бекиді. Мінез бітістерінің қалыптасуын əрекетқылық мотивтерінен айыра қарауға болмайды. Қандай да қылық мотиві əрекетте іске аса отырып, мінезде бекиді. Əрқандай мəнді, тұрақталған мотив болашақ мінез бітісі. Мінез бітістері мотивте алғашқыда ниет түрінде көрініп, ал кейін оны əрекет тұрақты қасиет ке айналдырады. Осыдан қандай да мінез бітістерін қалыптастыру қажет қылықəрекет мотивтерін түзіп, оларды бекітуге арналған ісəрекеттерді ұйымдастырудан басталады.
Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық қарамақарсылықтарында көрінеді: күштіəлсіз, қаталжұмсақ, тыңғылықты өзара қайшы, кеңтар ж.т.б. Егер мінез күштілігі адамның алға қойған мақсатына жетудегі, кедергілерді жеңуіндегі қуатынан көрінсе, мінез əлсіздігі қорқақтықтан, ниет тұрақсыздығынан, т.б. байқалады. Мінез қаталдығы өжеттік, тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші жəне екінші деңгейлі қасиеттердің дəрежесімен анықталады. Қасиеттердің бəрі өзара үйлесімді келсе, тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе қайшылықты мінез орнығады. Адам қызығулары мен ұмтылыстарының, ісəрекеттерінің жанжақты дамығандығы мен көп түрлілігі мінездің кеңдігін танытады. Мұндай адам əлемдегінің біріне қызығып, бəріне араласқысы келеді. Ал бұларға қарсы мінезі «тар» адамдар өзінөзі шектеуге бейім, ниет əрекеттерінің өрісі өте елеусіз.
Сонымен бірге, адам мінезінің тұтастығы мен көп тараптылығы кейбір жағдайларда бір адамның өзінде де əрқилы, тіпті қарамақарсы қасиеттердің болатынына шек келтірмейді. Адам бірдей өте нəзік мəдениетті болуымен бірге қатал талапшаң болуы мүмкін. Осыған қарамастан, оның мінезі сақталып, оның қырлары айқын көріне түседі.
Көп жағдайда мiнез жəне темперамент салыстырылып түсіндіріледі, кейде бірінің орнына бірі қолданылады. Ал іс жүзінде олай болмауы керек.
Мінез бен темперамент ұқсастығы адамның физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесіне болған тəуелділіктен. Қандай да мінездің қалыптасуында белгілі жүйкелік сипатты темперамент үлкен маңызға ие. Сонымен бірге, темперамент жете дамығанда ғана мінез бітістері қалыптасады. Темперамент мінез дамуына негіз. Мінездегі ұстамдылық ұстамсыздық, қозғалғыштық салғырттық ж.т.б. тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке бүтіндей тəуелді емес. Біргелкі темпераментке ие адамдарда əрқилы мінез белгілері болуы мүмкін. Темперамент ерекшеліктері қайсыбір мінезді дамытып, басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке қарағанда меланхоликтің өзіне жігерлілік пен жүректiлiктi дарытуы қиынға соғады. Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангвиник ұқсап көпшiлiкпен тез тiл табысып кете алмайды, т.с.с.
Мiнезi тұрақталған адамда темперамент дербес əрекет көрiнiсi болудан қалып, мiнез бiтiстерiне сай əрекетқылықтардың iске қосылу динамикасын айыруға көмектеседi. Мiнез жəне темперамент бiтiстерi адамның бiртұтас келбеткейпiнде өзара байланысқа түсiп, тұлға даралығының интегралды сипаттамасын бередi.
Мiнезбен ерiк арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда «мiнездi адам» жəне «еркi күштi адам» сөз тiркестерiн бiр мəнде түсенемiз. Ерiк, көбiне, мiнез күшiмен, қатаңдығымен, табандылығымен ж.т.б. байланысты. Адам мiнезiнiң күштiлiгiн айта отырып, ондағы ерiктiк сапалар мен мақсат берiктiгiн ескеремiз. Бұл тұрғыдан адам мiнезi ерiк сапаларын қажет ететiн қиын жағдайларда, үлкен кедергiлердi жеңуде көрiнедi. Алайда, мiнез тек күш сипатымен айқындалмайды, онда əрқилы өмiр жағдайына орай ерiк əрекетiнiң қызметiн бағыттаушы мазмұн бар. Бiр жағынан, ерiктiк əрекеттерде мiнез қалыптасады əрi көрiнедi, адам үшiн маңызды ситуацияларда ерiк мiнезге ауысып, тұрақты қасиет түрiнде бекидi; кейiн осы қасиет адам қылығы мен ерiктiк əрекеттерiне ықпал етедi. Ерiктi əрекет əруақыт мақсатына орай нық, тұрақты жəне табандылығымен ерекшеленедi. Екiншi тараптан, еркi бос адамды көп жағдайда «мiнезсiз» деп сипаттайды. Психологиялық тұрғыдан бұлай болмауы тиiс, еркi бос адамның да қандай да мiнез бiтiстерi баршылық: қорқақтық, жүрексiздiк, сенiмсiздiк ж.т.б. Мiнезi айқын болмағандықтан адамның iсəрекет, қылығын алдын ала болжастыру мүмкiн емес. Мұндай адамда оның қылықəрекетiне жетекшiлiк еткендей дербес бағытбағдар жоқ. Оның əрекеттерiнiң бəрi өз билiгiнде болмай, тысқы ықпалдарға тəуелдi.
Мiнезерекшелiктерi адамның сезiмдiк процестерiмен байланысты, əрi бұл байланыс өзара ықпалды. Бiр тараптан, инабаттық, эстетикалық, интеллекттiк сезiмдердiң даму деңгейi адамның iсəрекетi мен қатынасына жəне бұлар негiзiнде қалыптасқан мiнезге тəуелдi. Екiншiден, осы сезiмдердiң өздерi тұлғаға тəн тұрақты ерекшелiктерге өтiп, адам мiнезiн құрайды. Борыш сезiну, əзiлдi көтеру, т.с.с. күрделi сезiмдердiң болуы жоғары дамыған адамның сипатын танытады.
Адамның мiнез бiтiстерiнде ақылой (интеллект) үлкен маңызға ие. Ой тереңдiгi мен жүйрiктiгi, қалыптан тыс мəселелердi қоя бiлiп жəне оны дербес шешу, ой жұмысындағы ынта мен сенiм бəрi адам мiнезiнiң ақылдық қорының белгiсi. Ал осы ақыл қабiлетiн пайдалануда бағыт таңдау тiкелей мiнезге байланысты. Тұрмыста ақылға кенде емес, бiрақ (мiнез жарамсыздығынан) жарытып, ештеңе өндiрмейтiн адамдар аз емес.
Мiнез құрастырушы көптеген қасиеттер бiртұтас, олар даралап, шектеуге келе бермейдi (өшпендiлiк, күдiкшiлдiк, сақилық т.б.). Ал кейбiр қасиеттер, мысалы, ерiктiк (жүректiлiк, дербестiк т.б.), сезiмдiк (жайдарылық, көңiлдiлiк т.б.), ақылсаналық (ой тереңдiгi, сындарлық т.б.) адам мiнездерiнiң ерекше құрамды бөлiктерi ретiнде талдауға келедi. Барша мiнез бiтiстерi өзара заңдылықты байланысқан: батыр адам сақи да табанды; ашық адам жайдарлы, сенiмдi, достыққа тұрақты т.б.
4. Мiнез түрлерi мен типтерi
Мiнез түрi өзiнiң құрамындағы бiтiстердiң жалпы сипатына тəуелдi келедi, ал бiтiстер негiзгi немесе жетекшi жəне қосалқы болып бөлiнедi. Негiзгiлерi адамның бағытбағдарын айқындауға ықпалын тигiзiп, яғни адамның тұрақты мiнезiнiң сипатын бередi де, қосалқылары мiнез қырларын толықтыра түседi. Мысалы, батылсыздық, қорқақтық жəне альтруистiк бiтiстердiң алғашқы екеуi жетекшi мəнге ие болса, онда адам секемшiл мiнездi келiп, бiреуге жақсылық, яғни альтруистiк қадамында жалтақшыл, күдiктi болуынан көздеген iсiне бара алмайды. Керiсiнше, альтуристiк қасиет басым келсе, алғы екi жағымсыз бiтiстердi қаймықпай басып, қайырымдылық iсiнде батыл мiнездi қадам жасайды.
Адам мiнезiнiң белгiлi түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мəнi адам араласып, байланысқа келген өмiрлiк объекттердiң маңызымен анықталады:
- Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл өтiрiкшi, əдептi дөрекi т.б.).
- Орындалатын iс қызметiне орай (еңбеккер — ерiншек т.б.)
- Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншылөзiмшiл т.б.).
4. Заттарға қатынасынан (сақи ашкөз, ұқыпты — салақ т.б.).
Аталған қатынастардың бəрiнiң де мiнез түрiнiң қалыптасуында үлкен маңызға ие екенi сөзсiз, дегенмен тұрақты, нақты мiнездiң орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дəрежесiне тəуелдi. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрiнетiн iзгi ниеттерiнен бөлек мiнез түрi болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бiрi екiншiсiнiң мiнезiне таңбасын салады, осыдан кей адамдар əрекетқылығында өзара ұқсастыққа келедi немесе қарамақарсы, бiрақ бiрiнiң кемшiлiгiн екiншiсi толықтыратын бiтiстердi игередi. Алайда, еңбек, iсəрекет қатынастарында қалыптасқан мiнез бiтiстерi мəндiрек келiп, мiнез түрiнiң басқаларынан ажыралуына себепшi болады.
Мiнез əр тұлғада өзiнше көрiнiске ие, солайда болса, оның құрамында белгiлi топ адамдарына ортақ бiтiстердi бiрiктiруге болады. Осыдан, мiнез түрi (типi) адамдардың кейбiр тобына тəн қасиеттiң бiреудiң дара мiнезiнде нақты көрiнуi. Мұның түпкi себебi мiнез тума берiлмейдi, əр адамның белгiлi топ, қоғам өкiлi болуынан оның өмiр жағдайы мен iсəрекетiне сай қалыптасады.
Мiнезде жеке бiтiстер жəне сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуiн қамтамасыз етушi жалпы қылық тəсiлi мiнез типтерiн ажыртуға болады. Мiнез типiн анықтауда нақты адамдар мiнезiнiң жалпы да мəндi, өмiрлiк қажеттi тараптары ескерiледi.
Осыған орай мiнез келесi типтерге бөлiнедi:
- Үйлесімді (гармонический) мiнез типi қоршаған ортаға икемдiлiгiмен ерекшеленедi. Мұндай мiнездi адамда iшкi қарамақарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен iстеген iс бiрбiрiне сай келедi. Көпшiл, ерiк күшi мол, қайсар, бiр сөздi. Өмiрдiң барша қиын жағдайларында таңдаған бағытбағдарынан қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Мақсатмұраттары мен принциптерi үшiн күреске дайын. Бұл адамдардың өмiр сүру тəсiлi жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.
2. Іштей қарамақарсылықты, бiрақ сырттай келісімді (внутренне конфликтный, но внешне согласованный) мiнез адамы. Бұл типтi адамның iшкi ниеттерi мен сырт əрекет қылығы арасында келiспестiк бола тұрып, өзiнiң қоршаған ортамен қатынасында əлеумет талаптарына ыңғай бередi, iсəрекетiн соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзiн ерiк билiгiнен бiрде босатпайды, жан, ой дүниесiн сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жолдарын iздестiруге дайын тұрады.
Сыртқы дүниемен болған араздықты мұндай адамдар өздерiнiң ойпiкiрлерiн қайта қарастырумен, психологиялық қорғаныс iздестiру жəне əлеумет қолдамаған күнделiктi тұрмыс күйбеңiне берiлмеу жолдарымен шешуге бейiм келедi. Қоғам мүшелерi қабылдаған рухани құндылықтарды мойындайды, бiрақ сыртқы жағдайларды өзгертуге ынталы емес.
3. Икемі кем, қарамақарсылықты (конфликтный с пониженной адаптацией) мiнез адамы: көңiлкүй,
ниеттерi мен əлеуметтiк борыштары арасында үйлеспестiк орын алған, шамданғыш, ұнамсыз эмоциялары басым, тiлдесу қабiлетi нашар дамыған, iсəрекетiн ақыл сарабына сала бермейдi. Бұл мiнез
адамдарына тəн қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты əрекетқылық жүйесiне келтiрмеген,
өмiр желiсi қарапайым бағытты тез өзгерiп тұратын қажеттерi, олар пiкiрiнше, қандай да күш жұмсамайақ
бiр сəтте қанағаттандырылуы тиiс.
Олар өмiр үшiн күреске дағдыланбаған, қажырсыз. Балалық шағында бұл адамдар шектен тыс мəпеленiп, төңiрегiндегiлердiң орынсыз артық қамқорлығынан дербестiк қалыпқа үйренбеген. Осыдан, əрқандай кедергiден қорқады, ойланып, жол iздестiруге шамасы жетпейдi. Қиыншылықтарды абыржумен қабылдап, ырықсыз психологиялық қорғаныстармен (шарбаялық, қыңырлық, нəтижесiз армандау) айналып өтуге тырысады.
4. Тиянақсыз (вариативный) мiнездi адам бағытбағдарының тұрақсыздығынан, принциптiк бостығынан
төңiректегi жағдайға ыңғайшыл келедi. Жеке адамдық деңгейi төмен. Тұрақты мiнезқұлығы қаланбаған,
осыдан барша iсəрекетiнде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл
адамның бойына сiңген мiнездiк көрiнiс.
Мұндай адамдардың iшкi жан дүниесi дөрекi қарапайымдылыққа негiзделген; тiршiлiк үшiн болған əрекетқимылы тiке, бiрбеткей. Күнделiктi күйбең мүдделерiне жетуде ойланыптолғануды бiлмейдi, өз мүдделерiн шектей алмайды. Олар үшiн кедергi бiреуақ сыртқы; iшкi сапалық, жандүниелiк қиыншылықтарды өлшестiруге ақылы жетпейдi, бар көздегенi мол, оңай олжа, бiр мезеттiк игiлiк. Бұл адамдардың барша ынтаықласы, нақты, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерiн мейлiнше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен iшкi дүниесiн тысқы жағдайларға бағындыру мұндайлардың негiзгi мiнездiк болмысы.
5. Мiнездiк бiтiс асқынуы
Мiнездiк бiтiс асқынуы(акцентуация) психологияда мiнездiң кейбiр бiтiстерiнiң қалыптан тыс дамып, тұлға психикасының «əлсiз жерлерi» формасында көрiнiс беруi. Мұндай да адам жалпы тұрақты қасиеттерге ие бола тұра, кейбiр əсерлерге өте шəмшiл, шыдамсыз келедi. Асқынба мiнез адамы қиын жағдайларда төзiмдiлiктен айрылып, мiнезқұлығының ақаулығын жасыра алмайды. Тұлғалық мiнез асқынуына тап болған адам қоршаған орта əсерлерiне берiлгiш, психикалық күйзелiске көп түседi. Егер жағымсыз əсерлер мiнездiң «əлсiз жерлерiне» соққы болып тиетiндей жағдай болса, адам қылығы күрт өзгередi, мiнездiң шектен тыс дамыған бiтiстерi адам билiгiне ырық бермей, басқа ұнамды қасиеттердiң бəрiн жоққа шығарады. Кейбiр адамдардың жəй əзiл немесе сын көтермеуi, екiншiлердiң орынды, орынсыз тiке, шыншыл болуы осы мiнез бiтiсi асқынуының айқын мысалы. Мiнездiң мұндай ұнамсыз жəйтi жасөспiрiм шақта қарқынды дамып, уақыт өтумен қалыпты күйге түсуi мүмкiн, ал адамды қоршаған ұнамсыз жағдайлар басымдау болса, психикалық сырқаттарға тап қылады.
6. Мiнездiң ұлттық ерекшелiктерi
Ұлттық мiнез адамдардың тарихи қалыптасқан бiрлестiгi мен iрi топтары болып саналатын этностың, үлттың, халықтың өмiр тiршiлiгi мен əлеуметтiк жағдайының түтастығы арқылы танылады. Əрбiр халық пен үлттың, этностың өзiндiк мiнезқұлықтарының ерекшелiктерi болатындығы тарихи шындық жəне объектив фактор. Қазақ халқының түркi тектес өзге халықтардан ерекшеленiп түратын өзiндiк сипатқасиеттерi бар. Ыбрай Алтынсарин еңбектерiнде өз халқының мiнезқүлқына тəн бiрсыпыра қасиеттердi атап көрсеткендi. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кiшiпейiлдiк, ашықжарқын көңiл мен кеңпейiлдiлiк, өзге нəсiлдi адамдарға деген достық жəне сыйластық көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тəн. Сондайақ, олардың бойында өзге де мiнезқұлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың өз жерi мен Отанына, туған елiне деген шексiз сүйiспеншiлiгi, мал шаруашылығымен айналасуға икемдiлiгi, меймандостығы мен балажандығы, өмiрдiң қиыншылықтары мен əдiлетсiз iстерге төзiмдiлiгi, сөз өнерiн ардақтауы, шешендiк қабiлетi, еңбексүйгiштiгi мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттерi болып табылады. Əрбiр ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тəн қасиеттердiң жайжапсары əлеуметтiк психология саласы этникалық психологияның зерттейтiн төл пəнi.
Адамның мiнезқұлқының өзгерiп отыруына əлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал етiп, оның жаңа сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми түрғыдан анықтылған тарихи шындық жəне объектив фактор.
7. Мiнез жəне адамның жас сатылары
Адамның алғашқы өмiр қадамдары тiршiлiк проблемаларын шешуден гөрi көбiрек төңiректегi оқиғалар мен құбылыстарды бақылауға (созерцательность) бағытталады. Негiзiнен объекттермен қатынасқа түсе отырып, бала болмыс мəнiн түсiнуге ұмтылады. Соған байланысты өз қылықəрекеттерiнiң орынды не орынсыз екенiн бағамдай бастайды. Баланың сезiмталдығы жас ұлғайған сайын кеми бастайды. Солайда болса, балалық шақта игерiлген тəржiрибе мен бiлiм бозбалалық кезеңнiң тұрақты мiнез бiтiстерiне арқау бередi.
Бозбалалық (юность) шақтың өмiрге қойған талаптары өте жоғары да бiрбеткей келедi, қажеттiктер ауқымы кеңейедi, аласапыран, күйзелiсi мол, ерiк күшiн керек ететiн өмiр басталады. Қоршаған дүниемен белсендi араласу, тiкелей қатынас жасау сырттай бақылаудан гөрi анағұрлым қиын. Көрер көзге əдемi iс, оқиға, зат нақты орындауға келгенде сүйкiмсiз де ауыр болуы мүмкiн. Жағдайға билiк ету оңай емес, ал өзiңдi өзiң басқаруың одан да күрделiрек. Өмiр бұрқасынында əрекет ете бiлу алғы шарт, ал кей жағдайларда өз əрекетiң басқалар қимылынан ұтымды болғаны керек. Бұрын жағымды түртүс, əуенге толы дүние ендi бозбаланы əлеуметтiк талаптар мен қалтқысыз мiндеттерге орайды. Бозбалалық шақтың дағдарысынан балалық шақтағы жасанды бағыт моделi құрдымға кетiп, «бақыт» мəнмағынасы өзгерiске келедi. Бақытқа деген көзсiз ұмтылыс ендi «бақытсыздықтың» қорқынышына ауысады. Бiрақ бұл жаста бұрқасын қуат мол, сондықтан қиыншылықтардың бəрi де өтпелi. Болашаққа деген сенiм шексiз. Сонымен бiрге, өзiңдi дербес, бiрде бiреуге керегi жоқ дүние екенiңдi сезiп, оқшаулана түсесiң. Бiрақ дүние жұмбақ, оны тануға болған ұмтылыс өте күштi.
Адамның ендiгi өмiр желiсi көп шарпусыз, байсалды да аңдап басу кейпiне келе бастайды. Өмiрдiң бəрi тек бақыттан тұрмайтынын түсiнiп, адам қанағат, шүкiршiлiкке бой бағындыру қажеттiгiн аңдай түседi. Қиялдық өмiрден кешегi бала нақты, күтiлмеген, бұлтарыстары көп ақиқат өмiрге өте бастайды. Ендi бозбала өзiнiң бар қуатжiгерiн пайдалы да қажеттi, қолынан келер iске бағыштайды. Тəжiрибе, нақты iсəрекетке араласудан жас жiгiт, бойжеткен бұрынғы жалған түсiнiк, ұғымдарынан арыла бастайды. Өмiр ендi адамға iшкi тұңғиық, тылсым тарапынан танылып, айқындала түседi. Тұлғаның əлеуметтiк кемелденуi байқалады. Бiрақ əлiде жас жiгiт басқаларды бағалауда өз сезiм өлшемiне көбiрек сенедi, махаббат, достық, əлеуметтiк қатынастардың басқа да формаларында өзiнiң тұлғалық бейнесiн нығайта түседi.
3640 жаста адам өмiрдiң жаңа сатылық деңгейiне көтерiледi. Осы шақтан бастап өмiр қуаты кеми бастайды. Бiрақ бұл процесс алғашында рухани құндылықтар молдылығынан онша байқала бермейдi.
Ал адам егде тартқан сайын оның көптеген рухани құндылықтары қайта қарастырылып, көбi жойылып, өткен өмiр жеке оқиғалар жиынтығы ретiнде еске алынады. Тек өмiрдiң алғашқы шерегi ғана ең ұзақ, қымбат əрi бақытты көрiнiп, қайталана жадқа келе бередi. Қалған шақтардың бəрi қысқа да сарсаң өмiр күйбеңiндей көрiнедi. Көп жайт естен шығады. Өткендегi күйзелткендер мен қинағандардың баршасы мəнiн жоғалтып, елеуден қалады. Осы жайтты даналықпен түсiнген ұлы бабамыз Қожа Ахмет Яссауи былай дептi: «Баз кештiм елу екiде жиғанымнан, Малмүлкiм артық емес бiр жанымнан». Ендiгi өмiрдiң əр күнi жылдарымдай шалт ағып, iзiн жуыпшайып, өткеннiң бəрiн татымсыз күйге түсiредi. Кешкен дүние тұманданып, көз алдыңнан кете бастайды. Солай да болса, кейбiр бастан өткен қызғылықты оқиғалар андасанда жылт ете, көрiнiп, көңiлдi рахатқа бөлейдi. Осының бəрi уақыт ендiгiндегi адамның барша «Менi» санада сақталып қалмай, оның кейбiр көрiнiстерi ғана бекiп қалатынын дəлелдейдi.
Өмiрдiң екiншi жартысының мəнi бiрiншi өмiр бөлiгiнде топталған материалды жəне рухани қордың шамасымен күнi iлгерi анықталады.
Адам мiнезiнiң санқилы көрiнiстерi жас сатыларына байланысты əрқилы. Бұған дəлел «Диуани хикмет» шумақтары:
«Ғашық боп жиырма сегiз жасымда
мен, жан кешiп, мехнат шегiп,
бас ұрған ем …» «Қанағат елу сегiзде
сезiндiрiп, Тыя гөр, қаһарлы ием, өзiң бiлiп,
Құдайым бар непсiмдi безiндiрiп».
Қ.А.Яссауи
Кейбiр адамдар бозбала шағында сүйкiмдi, ендi бiреулерi ересек кезiнде көрiктi əрi iскер. Ал кей тұлғалар егде жасында қайырымдылығымен, ымрашылдығы жəне данагөйлiгiмен жұртты өзiне тартады. Осыдан əрбiр адам мiнезiнде белгiлi бiр жас сатысында қандай да қасиеттердiң толық ашылуына себепшi бiр факторлардың болуы мүмкiн деген ой келедi. Ал осы факторлардың табиғаты ғылым үшiн əзiрге сыр.
Өмiр ақырына жасанды, жалған сенiмдер (иллюзии) ғайып болып, өмiр жағдайынан жамылған бүркемелер ысырылып, шынайы мiнез көрiнiс бередi, əлеуметтiк роль мəнмағынасын жоя бастайды. Адам фəни ақырында өзiн танып, өз болмысының төркiнiн бiлетiн халге жетедi. Өмiр балалық күндердегiдей бақылау, меңзей қарау (созерцательность) кейпiне қайта оралады. Жас күнде де игiлiк, лəззəт бермеген көптеген құмарлықтар өшедi. Алайда, бозбалалықтың мұңнан қашып құтылмағанындай, кəрiлiкке де рух көтерiңкiлiгi жат емес. Көптеген шектеулерден босап, өмiр аяғында адам өзiн еркiн сезiнiп, дүниемал, досдұшпанның шын мəнiн пайымдау деңгейiне жетiседi.
Қоғамда əдейi, мансап иелеу үшiн бүркенген жалған зероқалары (мишура) мен дүниеқоңыздық күйбеңдерiн ысырып қойып, кəрiлiк ақиқат дүние құндылықтарына объектив баға бередi.
Кəрi адамның ең күштi психикалық қасиеттерi өткен өмiрдегi өз мəндiлiгiн сезiнуi, жетiскен адамдық дəрежесi жəне жемiстi iсəрекеттерiнен қанағат рахатын тауып, мəңгiлiк өмiр дариясының бiр тамшысы болғанынан қуанышқа бөленуi. Бұл фаниден бақи дүниеге жолдама алып тұрған шақта да адам өзiнiң мəңгiлiктен өшiп кетпейтiнiн бiлiп, оны медет тұтады. Оның өмiрi адамзаттың мəңгiлiк ағымын жалғастыруға себiн тигiздi; мұны түсiну кəрiлiк даналығы.
Əдебиеттер:
1. Левитов Н.Д. Психология характера. М., 1969 (1826, 4254, 5786, 117127, 332377 беттер).
2. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т.2. М., 1989 (211235 беттер).
3. Стихов И.В. Психология характера. Саратов 1970, (380 беттер).
4. Бодалев А.Л. Психология личности. М., 1988, (1124 беттер).
5.Галин А.Л. Личность и творчество. Новосибирск, 1989 (733 беттер).
6.Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Курс лекции. М., 1988, (257280 беттер).Личко А.Е. Психология и акцентуация характера у подростков. Л., 1983 (610 беттер).
7.Буянов М.И. Ребенок из неблогополучной семьи. Записи детского педиатра. Книга для учителей и родителей. М., 1988 (190199 беттер).
8.Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигиене общения. Книга для учителей и родителей. М., 1997 (3565 беттер).
10.Норакидзе В.Г. Методы исследования характера. Тбилиси, 1989 (618 беттер).
Тағы рефераттар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік ореалдық мұражайы
- Еуразия материгінің жер бедері
- Ресторан залында қонақтарға қызмет көрсету
- БҚО фискалды саясат курстық жұмыс
- Өнімдер мен тауарларды өткізі шығындарының аудиті курстық жұмыс